Сабақ тақырыбы: «Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы (1час) Зерттеу сұрағы



Дата07.01.2022
өлшемі68 Kb.
#17114
түріСабақ
Байланысты:
Жылымық





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қазақстан хрущевтық «жылымық» кезеніңде (1954-1964)

Школа:

Күні:

Мұғалім ТАЖ: Досимова Асель Оралбаевна

Сынып: 8-9.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы: «Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы (1час)

Зерттеу сұрағы: «Жылымық кезеңі» қоғамға қандай өзгеріс әкелді?

Осы сабақта қол жеткізілген оқыту мақсаттары

(оқу жоспарына сілтеме)



10.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау.
тарихи концепт – айырмашылық пен ұқсастық

Пәндік мақсат

Оқушы:

қоғамдық саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру;

Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістер мен дағдарыстарды анықтау.
Құндылықтар:

-патриотизм

-ұлттық сана-сезім

-төзімділік




Бағалау критерийі

дереккөздерді пайдалана алады және оларға сілтеме жасай алады;

кестелерді, диаграммаларды, диаграммаларды, шартты белгілерді оқи алады;




Тілдік мақсаттар


Оқушылар жасай алады:
«Тың игерудің жағымды және жағымсыз жақтары» тақырыбына өтетін пікірсайысқа қатысады (оқылым, айтылым, тыңдалым);
Хрущевтің аграрлық реформасына байланысты эссе жазады (жазылым)
миграция, эмиграция, діл, автохтонды ұлт ұғымдарын қолданады.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
«Жылымық» кезеңіндегі саяси жағдайды келесідей бағалауға болады...

Хрущев кезеңіндегі аграрлық реформаның себептері...

Аграрлық реформаның басқа себептері...

Аграрлық реформаның қазақ қоғамына әкелген салдары...

Келесі себептер/ факторлар қысқа

мерзімді/ орта мерзімді/ұзақ мерзімді

болып келеді...

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды /

айтарлықтай, өйткені…, дегенмен....

Бұл деректің маңыздылығы...
Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Жеке басқа табынушылық, «Жылымық», тың, кеңшар, қожалықтар, арендалық шаруашылық, интенсивті/экстенсивті шаруашылық, миграция, эмиграция, автохтонды ұлт.




Пәнаралық байланыс

география, экономика

АКТ дағдылары


іздеу жүйесі Google, Уикипедиямен жұмыс істеу мүмкіндігі.

Power Point-пен жұмыс жасау дағдылары.

Алдынғы білім


Оқушылар 10.1А бөлімінде қарастырылғанҰлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын, қоғамда қалыптасқан саяси идеологияның ерекшеліктерін және оның себеп-салдарын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған

сабақ кезеңдері


Педагог әрекеиті44

Оқушы әрекеті

Бағалау

Оқыту ресурстары:




Терминдермен жұмыс: жаңа кілт сөздерді талқылау.

Сыныппен жұмыс істеу: алдынғы зерттелген материалды талқылау.

Оқытушының түсіндірмесі: бейне ресурсымен жұмыс істеу


Топтық жұмыс: бейне ресурстарды талқылау.

Топтық жұмыс/жеке жұмыс: тарихи дереккөзбен жұмыс. Барлық сыныппен және топпен жұмыс жасау: талқылау. Топтық жұмыс/жеке жұмыс: талқылау.


Сыныппен жұмыс: бағалау.




Сабақтың бастамасы


Тақырыпқа қатысты жаңа терминдер мен акронимдерді оқушылардың түсінуі үшін беріледі.

(Мысалы: «Жылымық», КОКП – Кеңестер Одағының Коммунисттік партиясы; Депортация – белгілі бір халықты немесе жеке тұлғаны мәжбүрлеп қоныс аудару).


(Б) Оқушылар осыған дейінгі білімдерін пайдаланып, репрессиялардың себептері мен салдарларын естеріне түсіреді. Репрессияға ұшыраған топтарды атайды (зиялылар, орта тап, депортацияланған халықтар, тұтқында болған әскери адамдар және т.б. әлеуметтік топтар)
(М) Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерелеу туралы Хрущевтің ХХ съезде сөйлеген сөзінен бейнероликтен үзінді көрсету ұсынылады.


(Т) Бейнематериалк бойынша топта талқылау жүргізіліп әрбір топ үш бағытта: баяндама мазмұны, тарихи маңызы, болашаққа әсеріне қатысты сұрақтар құрастырып «Сұрақтар тұрағына» (арнайы дайындалған А3 қағазы) іледі. (Ж\Т) Оқушылар КОКП ОК-нің «Жеке адамға табынушылық және оның зардаптары туралы» (маусым, 1956 жыл) қаулысы мәтінін оқып келесі сұрақтарға назар аударып, жауап іздейді:

1.Қаулы не себептен пайда болды?

2. Бұл қаулының жариялануы мемлекет пен қоғамда қандай өзгерістер әкеледі?

3. Не себепті бұл Қаулы сол кезде құпия сақталып, 33 жылдан кейін ғана жарияланды?






«Жеке адамға табынушылық және оның зардаптары туралы» қаулы

http://www.youtube.com/watch?v=kXuRzJDYJI8 ХХ съезд

КОКП ОК-нің «Жеке адамга табынушылық және оның зардаптары туралы» қаулы

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы, 2010.
http://www.coldwar.ru/hrushev/cult_of_personality.php«Жеке адамға табынушылық және оның зардаптары туралы


Сабақтың ортасы


(Б/Т) Оқиға/өзгерістер тізбегі бойынша сынып талқылауын ұйымдастырып, өзгерістердің маңыздылығын анықтап «маңыздылық деңгейі» бойынша орналастыруды тапсырыңыз.

Ішкі, сыртқы саясатындағы өзгерістерге аргументтер мен дәлелдер келтіріп, екі позицияның біріне дауыс беруді ұйымдастырыңыз. Әр топ өз таңдауын түсіндіреді.




(Т/Ж) Оқушылар Н.Хрущев кезіндегі саясаттың қарама-қайшылығын анықтайды, талдайды, баға береді (мысалы, М.Елікбаевтың тағдыры негізінде).

Сталиндік кезеңмен қандай ұқсастығы және айырмашылығы бар?

Бұл сұраққа жауап беру үшін «Н.Хрущев – диктатор әлде реформатор» тақырыбына пікірсайыс өткізу ұсынылады.




Б. Аяған., Әбжанов Х., Махат Д. Қазіргі Қазақстан тарихы: ЖОО тарихшы емес мамандықтарына арналған оқулық. Алматы, Раритет, 2010.

Флипчарттар




Сабақтың соңы


(Б) Оқушылар «Сұрақтар тұрағына» оралып, жауаптарды талқылап өзін-өзі бағалайды.
Сабақ соңында студенттер рефлексия жүргізеді

1. Сабақтың қандай тұстары ұнады?

2. Сабақтың қандай тұстары ұнамады?

3. Сабақ туралы ақпарат қандай болды?

4. Сіз немен келіспейсіз?

5. Сабақта алған құнды ақпаратты атаңыз.










С. Сабырұлы. Қазақстан тарихы. – Алматы: Жеті жарғы, 2012.

Г.В. Кан, Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы. – Алматы: Алматыкітап, 2012.

К. Бегалин. Империя құрамында. – Алматы: Аруна, 2013.

Омарбеков Т. Қазақстан тарихының XX ғ. өзекті мәселелері. Өнер, 2014







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет