Зерттеу жұмысының өзектілігі


Бақылау және салыстыру әдістері



бет15/27
Дата07.01.2022
өлшемі180,63 Kb.
#19779
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Бақылау және салыстыру әдістері. Дұрыс қолданылған бақылау әдісі бастауыш сынып оқушыларының байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Сипаттауды қолдана отырып, оқушы бақылау әдісі арқылы синтаксистің оқу мазмұнында беріліп отырған белгілерін, қасиеттерін барлап тани алады. Сөйтіп, синтаксистің өзіндік ерекшелігі туралы қандай да бір байлам жасай алады. Оқушылардың бақылауы жүйелі және дұрыс бағытта іске асуы тікелей мұғалімнің басшылығына байланысты. Демек, «мұғалімнің оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп және әр түрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т.б. сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт беруінің маңызы зор. Бұл жерде бақылаудың тек көру т.б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана емес, адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты екендігін ескеру керек. Екіншіден, мұғалім бақылауда оқушының анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау үрдістерін қолдануына басшылық етуі қажет» [55].

Синтаксисті дамыта оқытуда салыстыру әдісі барынша белсенді түрде қолданылады. Салыстыру, әсіресе, жаңа ұғымды таныстыруда және әр тілдік тұлға бірліктің нақты контекстегі өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындауда жиі қолданылады.

Синтаксисті дамыта оқыуда топтастыру әдісінің алатын орны ерекше. Бұл әдісті қолдану оқушыда белгілі бір ұғымдарды немесе тілдік деректерді нақты ұқсастықтары мен айырмашылықтарына, қасиет-сапаларына қарай топтастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бұл әдіс тілдік тұлға-бірліктерді түрлі-түсті бояулармен топтастырып түсіндіруде және сол үлгідегі тапсырмаларды, логикалық жаттығуларды орындауда, араласып келген сөйлемдерден мағыналық-құрылымдық топтастырулар жасағанда қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет