Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі51,19 Kb.
#12450
1   2   3
Байланысты:
Өзектилик

Зерттеудің міндеттері:

− қазіргі қазақ драматургиясындағы замана шындығының бейнеленуін, идеялық-көркемдік, образдық, жанрлық ізденіс өрістерінкөрсете отырып, Тәуелсіздік тұсында қалыптасқан жаңа драмалық ізденістердің көркемдік дәстүрмен байланысын, өзгешелігін саралау, өткен кезеңдермен сабақтастығын ашу, бүгінгі кезеңнің жаңашылдық сипатын таныту;

− қазіргі драматургияның көркемдік сипатын, драмалық туындылардағы автордың көркем бейнелеу ерекшеліктерін көркемдік-эстетикалық талаптар тұрғысынан қарастыру арқылы олардың дара стилін айқындау;

− қазіргі драматургияны оқытудың әдістемесін анықтап, оқытудың білім беру үрдісіндегі дидактикалық, жеке пәндік ұстанымдарын айқындау;



− қазақ драматургиясын оқытуға арналған таңдау курсы силлабусын дайындап, оны оқытудың әдіс-тәсілдер ерекшелігін айқындайтын ұстанымдарына негізделген эксперимент нәтижелерін талдау, тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: Қазіргі қазақ драматургиясындағы және отандық әдебиеттану ғылымы, оның ішінде драма өнерінің қалыптасуы, теориясы мен оны оқытудағы, философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылым салаларындағы тақырыпқа қатысты зерттеулер, пікір-көзқарастар, тұжырымдар алынды.

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында талдау, жинақтау, салыстыру және түсіндірмелі әдістер қолданылды. Қазіргі қазақ драматургиясын оқыту әдістемесін жүйелеуде индуктивті, дедуктивтіжәне эксперименттік әдістер пайдаланылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет