Зерттеу жұмысының тақырыбы: Су сабындардың пайдасы зияны Зерттеу мақсаты



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі178,5 Kb.
#12898
1   2   3   4   5   6   7
Салыстырмалы қорытынды анализі: Ыдыс жуғыш заттарды сатып алғанға дейін олардың құрамын қарау керек. Себебі олар зиянды болуы мүмкін.

Ыдыс жуғыш заттардың пайдалылығын зерттеу: Кейбір ыдыс жуғыш заттар пайдалы болады. Олар адам терісіне витаминдер жеткізуге көмектеседі. Мысалы, ыдыс жуғыш заттың құрамында глицилин болса,ол қолды жұмсартып, пайдалы болып саналады. Себебі оның құрамында химиялық ингредиенттер басқаларға қарағанда аз. Жуғыш заттың қорабының әдемілігіне қарамай, оның құрамына қарау керек


Кіріспе

Өндірістің дамуы әлеуметтік орта дамуымен байланысты. Адам әрқашан өз өмірін жеңілдетуге тырысады. Бұған аз ғана шығынмен сапалы заттарды алуға шешеді. Ақпараттар үнемі көшеде, теледидар экранында, біз қай жерде жүрсек сол жерлерде таралады. Жарнамалар заттың тез таралуы үшін жасалады. Бірақ бізге жарнамалар көрсеткен ұнамайды, алайда одан жаңа тауарларға байланысты ақпараттар аламыз. Мысалы, жарнамада көрсетілген кейбір мақтаулы ұнтақтардың жай ғана ұнтақ екені анықталып жатады.

Мысалы; олар фосфаттарды жуғыш заттарға қосқанда күшті у екені және табиғатта адам ағзасына бұл заттарды үнемі пайдалану қауіпті екені айтылмайды. Фосфат ұнтақтарының адам ағзасына және табиғатқа зиянды екенін неге халық білмейді? Неге дамыған елдерде 15 жыл бұрын ұнтақтарды пайдалануға тыйым салынды? Оның құрамында фосфаттар, хлор және тағы басқа зиянды заттар бар, ал біз ол туралы ештеме білмейміз!!!

Сонымен, кір жуғыш ұнтақтың құрамындағы негізгі әсер етуші химиялық заттар – ол жоғары белсенді заттар болып табылады. Кейбір химиялық заттар адам және жануарлардың ағзасына түскенде, мембрана жасушасын жіңішке қабатпен жауып, сол жердегі биохимиялық процестердің әсерінен тері жасушаларын зақымдайды.

Ғалымдар жануарларға белсенді активті заттар \БАЗ\ жіберу арқылы эксперимент жүргізді. Сол кезде (БАЗ ) заттар қышқылдық реакция тудырып, активті ферменттерге әсер етіп, белоктарды бұзып, көмірсутектермен майларға ауысып кетті.

Белсенді активті заттар аниондары өте зиянды болып табылады. Олар иммунитеттің бұзылуына әкеліп, аллергиялық ауру тудырып, миға, бауырға, бүйрекке, өкпеге зиянын тигізеді. Бұл Батыс Еуропа елдерінің а-ПАВ\ анионды белсенді активті заттарды қолданыстан алып тастаудың белгілі бір себептері болып отыр. Бұларды қолданудағы құрамы 2-7%-тен жоғары болмауы керек.

Батыс елдерде 10 жыл бұрын тұрмыстық ұнтақтар құрамында фосфаттар қосылыстары болмауын қадағалауда. Германия, Италия, Австрия, Голландия және Норвегия елдерінің базарларында фосфатсыз жуғыш заттар сатылады. Германияда фосфатты қосылыстары бар ұнтақтарды қолдануға федеральдық заңмен тыйым салынады.

Өкінішке орай, кейде біз белгілі компаниялардың адам ағзасына және адам терісіне зиянды заттарды қолданып жүрмегенін, практика жүзінде анықтай алмаймыз.

Бұған көз жеткізіуіміз үшін, косметикалық заттың қорабындағы ингредиенттер құрамын қарау жеткілікті.

Бізде көпшілік аз біледі, дамыған елдерде көпшілік ингредиенттердің теріге зиян екенін өте жақсы біледі. Біз таза су және пайдалы тамақ ішу керегін бақылаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет