Зерттеу жұмысының тақырыбы: Су сабындардың пайдасы зияны Зерттеу мақсаты


Ыдыс жууға арналған заттардың құрамын тексеру



бет6/7
Дата06.01.2022
өлшемі178,5 Kb.
#12898
1   2   3   4   5   6   7
Ыдыс жууға арналған заттардың құрамын тексеру

Эксперименттік тәжірибе бойынша рН ортасы ингрдиенттер құрамын анық-тайтын, фосфат ионы мен жуғыштығын анықтау үшін ыдыс жууға арналған заттар алынды. Тәжірибе кезінде мен универсальдық индикаторлар қағазын (рН 0-12 ), күміс нитратының ертінді-сін (AgNО3), өлшегіш цилиндр, пипетка, сантиметрлік сызғыш алдым.

Фосфат ионын анықтау үшін әрбір пробиркаға пипетканың көмегімен күміс нитраты ертіндісінің (AgNО3) тамшысын тамыздым. Кейбір пробиркаларда ақ және сары тұнбалар пайда болды. Сары тұнба пробиркада фосфат ионның (Ag 3PO4) бар екенін, ал ақ тұнба хлорид ионның (AgCl) бар екенін анықтайды.

Жуғыштығын тексеріу үшін: өлшегіш цилиндр (1 миллиметрге бөлінген), сантиметрлік сызғыш және тексерілетін зат. Тексерілетін затты мен әрбір пробиркаға 3мл құйып және 17мл суық су құйдым, ертіндіні жақсылап араластырдым. Көпіршікті мен сызғыштың көмегімен өлшедім. Ертіндігідегі көпіршіктің көп болуы жуғыш заттың құрамында а-ПАВ болуына байланысты, бірақ тексерілген заттардың құрамында берілуінде заттардың белсенділігі көрсетілмеді.

1-тәжірибе: Стаканды алып оған су құйып оның үстіне 1-2 тамшы

Sarma (лимон) ыдыс жууға арналған жуғышты тамыздым. Универсальдық қағаз арқылы рН анықтағанда Sarma (лимон) рн=5 болды.

2-тәжірибе. Стаканды алып оған су құйып оның үстіне Fairy 1-2 тамшы ыдыс жууға арналған жуғышты тамыздым. Универсальдық қағаз арқылы рН анықтағанда Fairyдың рН=7 болды.

3-тәжірибеде ауылды жерлерде Fairyмен ыдыс жуғанда оны шайған кездегі рН-ын анықтадық. Бұл тәжірибеде Fairyдың ыдыс шайғаннан кейінгі рН=5 болды.

Ыдысты алып оған Fairyдың 1-2 тамшысын тамызып, шыны тарелканы жудым.

Fairy қосылған суды төгіп,ыдысқа таза су құйып тарелкамды шайдым.



Ыдысты шайып болған соң, универсальдық қағаз арқылы шайған суымның рН анықтадым. Универсальдық қағаз сары түске боялды,яғни рН= 5 тең болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет