Зерттеу мақсаты. Қақтығыстың себептерін және шешу жолдарын зерттеу. Зерттеу міндеттері



бет2/4
Дата04.05.2023
өлшемі53 Kb.
#89788
1   2   3   4
Байланысты:
проект 2 топ

Зерттеу объектісі. Қоғамдық аспекттегі оқушылар арасындағы «жанжал» түсінігі.
Зерттеу пәні. Кикілжің және кикілжіңге байланысты мінез-құлық стильдері.
Зерттеу болжамы. Кикілжің жағдайлары барысында мінез-құлық стильдерін дұрыс басшылыққа алынса, қақтығыстарды дұрыс шешуге болады.
Практикалық маңыздылығы: психологиялық зерттеулердің нәтижесі жанжалдардың әртүрлі түрлерін және жанжалды жағдайларды дұрыс шешу жолдарын түсінуге көмектеседі.


І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелуінің ғылыми теориялық аспектілері

    1. Кикілжің проблемасы зерттелуінің ғылыми теориялық аспектілері

Кикілжің – (латыншадан – соқтығысу) экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қызығушылықтар мен мақсаттарға бағытталған индивидтер мен түрлі әлеуметтік қауымдастықтар арасындағы күрес түрінде көрінетін әлеуметтік қарама-қайшылықтардың өршуінің ең жоғарғы шегі болып табылады.
Кикілжіңге жақын құбылыстар да бар. Олар жарыс, күрес, бәсекелестік. Кикілжің мен жарыс бірдей құбылыс емес. Бірақ жарыс кикілжіңге ұласуы әбден мүмкін. Бұл бәсекелестікке де қатысты, мысалы: бір-біріне қысым көрсетуі мүмкін. Әсіресе спорттық ойындар ерекше болады. Кейбірі олардың кикілжің сияқты ойластырылған (мыс: күрес, бокс). Бірақ бұнда кикілжің имитациясы орын алады.
Кикілжің пәні- деп әдетте объективті түрдегі немесе ойдағы (қиялдағы) жақтар, тұстар арасындағы келіспеушілік себебі қызметін атқаратын проблеманы айтады. Әрбір жақ (сторона) бұл проблеманың өз пайдасына шешілуін көздейді.
Психолог-ғалымдар тұлғааралық қақтығысқа мынадай анықтамалар береді:

  • «Екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы пікір-көзқарастың қақтығысуы, тартысы» (А. Лурия);

  • «Тұлғаның терең және өзекті себеп (мотив) және қатынастардан қанағаттанбау нәтижесі» (В. Мерлин);

  • «Санада ерекше құндылықтар ретінде қалыптасқан екі ішкі сезім-түсініктің тоқтығысуы» (Ф. Василюк және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет