Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері



бет26/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Жаңадан игеріліп жатқан аудандар табиғат жағдайлары қатал, ресурсқа бай аудандар болып табылады. Ежелден игеріліп келе жатқан Батыс Еуропаға мұндай аудандар онша тән емес. Әдетте, мұндай аудандар қатарына Скандинавияның солтүстік бөлігін ғана жатқызады. Басқа аймақтардағы жанадан игеріліп жатқан аудандар қатарында Аляска (АҚШ), Канаданың Солтүстігі, Гренландия (Дания), Аустралияның шөлді аудандарын атауға болады.

Дамушы елдердегі шаруашылықтың аумақтық құрылымы
Дамушы елдердің аумақтық құрылымына диспропорциялар (үйлеспеушіліктер) тән болады. Оларда үлкен калалардың (орталықтар) тыныс-тіршілігі қалған (периферия) қарама-қайшы болады.
Басты орталықтың рөлі. Дамушы елдерде басы орталықтың қызметін астана атқарады. Ол шамадан тыс есіп, даму арқылы баска қалалардың тежейді. Мысалы, Буэнос-Айрес агломерациясында (Үлкен Буэнос-Айрес) Аргентина халқының 1/3 бөлігі және өнеркәсіп өндірісінің 1/2 бөлігі шоғырланған. Ал Уругвай астанасы Монтевидео үлесіне елдегі өнеркәсіп өнімінің 3/4 бөлігі сәйкес келеді.
Теңіз жағалауындағы елдерде астана басты теңіз порты қызметін де атқарады. Кейде экономикалық астана кызметін астаналық емес қала да атқаруы мүмкін. Мысалы, Үндістандағы Мумбай мен Калькутта, Бразилиядағы Сан-Паулу, Мароккодағы Касабланка қалалары осындай мәртебеге ие. Егер астана немесе экономикалық астана жағалауда орналаспаса, міндетті түрде олардың Дүниежүзілік мұхитқа шығуын қамтамасыз ететін теңіз порты болады Мехико үшін мұндай порт қызметін Веракрус, Сантьяго үшін Вальпараисо, Кито үшін Гуаякиль атқарады. Бразилияның оңтүстік-шығысында әйгілі индустриялық үшбұрыш (Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу және Белу-Оризонти) қалыптасқан. ол елдің басты экономикалық ядросы болып табылады.
Қосалқы орталықтар (фокустар) қизметін экспортқа маманданған аудандар да атқара алады. Ірі порттарды өндіруші өнеркәсіп пен плантациялық шаруашылық тән ішкергі аудандармен байланыстыратын магистральдар бар.
Периферия қызметін ірі ішкі аудандар атқарады. Бұл аудандар артық тұрғындарын астана мен ірі портты қалаларға, мен кеніштерге жөнелтіп отырады. Сондықтан оларды ішкі отарлар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет