Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері



бет2/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Географиялық мониторинг әдістері. Қоршаған ортаның жай-күйін бақылау, оған баға беру және болжау үшін қолданылатын әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады.

Мониторинг әдістері

Әуе - ғарыштық әдістері

Жер беті әдістері

Ғарыштық

Әуе

Географиялық

Физикалық
-химиялық

Биологиялық

Деректерді өңдеу

Әуе-ғарыштық әдістер географияда ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап пайдаланыла бастады. Ғарыштық түсірілімдердің әуе түсірілімдерінен басты айырмашылығы – шолу сипатында үлкен аумақтардағы құбылыстардың таралуын қамту.


Әдетте, жер беті ұшақтардан 10-20 км биіктіктен түсірілсе, зымырандардан түсіру 80-250 км биіктіктен жүргізіледі. Ал жасанды серіктерден Жер бетін суретке түсіру үшін ең ұтымды биіктік 200-1500 км болып табылады. Мұның өзі ғаламшардағы географиялық қабық пен оның құрам бөліктерін біртұтас зерттеу арқылы ғаламдық географиялық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Жер бетілік географиялық мониторинг зерттеу ауданында мерзімдік немесе тұрақты жұмыс істейтін бақылау стансылары, ғылыми лабораториялар, орталықтарда жүргізіледі. Зерттеу ауданындағы мониторингтің артықшылығы - зерттеу нысаны туралы тұрақты түрде деректер жинау, оларды өндеу арқылы болжамдар жасау.
Зерттеу әдістері сипатына қарай географиялық, физикалық-химиялық, биологиялық және деректерді өңдеу болып жіктеледі.
Географиялық мониторинг әдістері геологиялық, сейсмикалық, геоморфологиялық, гидрологиялык, геоботаникалық, климатологиялық, ландшафтылық зерттеу әдістерін біріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет