Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін



бет57/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63
Жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін
дүниежүзі елдерінің индекстері мен рейтингі
Адам дамуының индексі. Әлеуметтік- экономикалық даму қоғамда болып жатқан барлық өзгерістерді қамтиды.
Кейбір дамушы елдердің мәселелерін зерттеу барысында адамдардың қоғамдағы орны елдің экономикалық дамуына байланысты емес екендігі анықталды. Осылайша, XX ғасырдың 80-жылдарында қоғамдық дамудың аса маңызды мақсаты тұрғын халық пен оның дамуы екендігі туралы идеялар пайда болды.
АДИ көрсеткішін 1990 жылы белгілі пәкістандық экономист Махбуб уль-Хак жетекшілік еткен экономистер тобы ұсынған болатын. Аталған ғалым 1990 ж. БҰҰ ДБ жариялаған адам дамуына қатысты алғашқы баяндаманың бастаушысы және авторларының бірі болды. Бұл баяндамада Махбуб уль-Хак: «Қоғам дамуының басты мақсаты адамның денсаулығына, ұзақ өмір сүруіне жақсы күй кешетіндей қолайлы ортаны қалыптастыру» деген еді. Бұл тұжырымдаманың жасалуына үнді экономисі, Нобель сый-лығының лауреаты Амартия Кумар Сеннің ғылыми еңбектері мен ол жасаған индекстіңтұжырымдамалық құрылымы зор үлес қосты. Тұжырымдама авторлары экономикалық тұрақтылық пен ЖІӨ өсімінің де маңызды екендігін ескерді: олар адамзаттың тұрақты дамуында аса маңызды болып табылады.
АДИ есептеу барысында 3 түрлі көрсеткіш ескеріледі, ол осы үш индекстің орташа арифметикалық мәні болып табылады:
- елдегі күтілетін өмір жасы ұзақтыгының индексі (өмір жасын бағалау);
- ел халқының сауаттылық деңгейінің индексі (білім берудің орташа ұзақтығы мен күтілетін ұзақтығы индекстері ескеріледі);
- табыс индексі (тұтыну қабілетінің паритеті бойынша АҚШ долларымен берілген жан басына шаққандағы жиынтық ұлттық өнім арқылы бағаланатын өмір денгейі);
Статистикада сауаттылық деп адамның күнделікті өміріне қатысты қысқа, қарапайым мәтінді оки білу, түсіну және жаза білу қабілетін атайды. Арақатынас, әдетте, пайыз арқылы көрсетіледі. Сауаттылық индексі көбінесе бастауыш білім берудің даму деңгейін сипаттайды.
Табыс деңгейі жан басына шаққандағы нақты табыс көлемі мен тұтыну көлеміне негізделеді. Бұл көрсеткіш бір ел ішіндегі тұрғындар топтарының өмір денгейін, сондай-ақ елдерді өзара салыстыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет