Гендерлік теңсіздік индексі (ГТИ) ерлер мен әйелдер арасындағы
жетістікке жетудің мүмкіндіктерін үш өлшем бойынша бағалайды: репродуктивті денсаулық, құқықтары мен мүмкіндіктерінің артуы, еңбек нарығындағы мүмкіндіктері. 2016 жылы ГТП рейтингі бойынша тізімнің басында Швейцария, Дания, Нидерланд тұр, бұл елдерде гендерлік теңсіздіктің ең төмен деңгейі байқалады. Гендерлік теңсіздіктің ең жоғары деңгейі тән елдерге Сахарадан оңтүстікке қарай жатқан Африка елдері. Оңтүстік Азия мен араб мемлекеттері жатады.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі Елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Ресей ғалымы Н.С.Мироненконын анықтауынша, экономикалық өрлеудің қарқынын. халықтың еңбекпен қамтылуы мен нақты табыс мөлшерін арттыруға қабілетті елді бәсекеге қабілетті ел деп атауға болады .Америкалық ғалым М. Портер жеке елдің
бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын 5 негізгі белгілерін ажыратқан.
1. Тұрақты бюджет дефішитінің болмауы,төменгі пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамының артуына жол бермеу тәрізді
макроэкономикалық көрсеткіштері қалыпты елдер.
2. Арзан жұмыс күшімен артығымен қамтамасыз етілген елдер.Жаңа индустриялық елдердің әлемдік нарыққа нық қадам басуына әсер еткен фактордың бірі осы болып табылады.
3. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілген елдер бәсекеге қабілетті болады.
4. Үкіметі жекелеген салаларды субсидияландыратын,импортты
жеңілдететін және жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсететін елдер.
5. Елдің бәсекеге қабілеттілігі басқару мен жұмыс күшінің өзара қарым-қатынасына байланысты болады.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі.Елдердің бәсекеге қабілет-тілігіне қатысты зерттеулерді Халықаралық менеджмент мен даму институты (Лозанна, Швейцария), Дүниежүзілік банк пен әлемдік экономикалық форум жүргізеді.
2017-2018 жылдарға ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша рейтінгке барлығы 144 ел мен аумақтар енгізілген. Бұл тізімде алғашқы үштікті Швейцария, АҚШ, Сингапур құраса, Қазақстан Республикасы 57-орынды алды.