Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары



бет12/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары
Табиғи ортаны адамның әрекеттерінен қорғауға бағытталған ережелердің жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа тигізетін кері әрекетінің әсері салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кеткен.
2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөнінде өткізілген. Бүкіләлемдік саммитте бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен азайып бара жаткандығы атап айтылды.
1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша декларация қабылданды. Аталған декларацияға Қазақстан Республикасы да қосылды.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шарттары.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабына негізделіп жасалынған ережелер қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары болып саналады.
1992 жылы БҰҰ-ның конференциясында Қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы 27 ұстаныммен қабылданды. Қазақстан да осы декларацияға қосылды. Декларация аясында Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң қабылданды. Олардың мақсаты - еліміздің табиғат байлықтарын болашақ ұрпақ үшін сақтау. 2012 жылы 20-22 маусым аралығында, 20 жыл өткен соң БҰҰ-ның "Рио-20" атты конференциясы өтті. Конференция жұмысына Қазақстан делегациясы да қатысты. Олар Қазақстан Республикасының Жаһандық энергия-экологиялық стратегиясы мен «Жасыл көпір» бағдарламасын таныстырды.
Экологиялық таза өндірістерді жобалау
Қазіргі таңда дүниежүзіндегі әрбір тұрғынның жан басына шаққанда, орташа есеппен жылына 20 тоннаға жуық шикізат өндіріледі. Сондай-ақ 800 тонна су мен 2.5 кВт энергияны пайдаланып, азық-түлік өнімдері өңделеді. Алайда олардың шамамен 90-98%-ы қалдық ретінде қайта шығарылады.
Дамыған елдердің өзінде ауылшаруашылығы қалдықтарының 90%-ы, автокөлік қораптарының 98%-ы, техникалық майлардың 90%-ы пайдаға асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша Жалпы Еуропалық кеңестің (Женева, 1979) Декларациясында мынадай анықтама берілген: «Қалдықсыз технология адам қажеттіліктерінің шеңберінде табиғи ресурстар мен энергияны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау үшін білімдерді, әдістер мен құралдарды тәжірибеде қолдану".
Қалдықсыз технологияның негізгі міндетіне басқа өндірістер үшін шикізат болып табылатын өнімдер мен таза табиғи заттарды (ауа, су,минералды заттар), белгілі бір өндіріс саласы үшін шикізат болып саналатын өнімдерді кешенді қайта өндеу қызметтері кіреді.
Қалдықсыз технология өндірістерін құру барысында негізгі ұстаным өндірісті құру, жобалау және қолдануды дұрыс деп таныған әдістерді таңдау.
Табиғатты қорғау шараларының тиімді түрлеріне, ең алдымен, жоғары технологиялық үдерістерді:

  • тазарту құрылғылары мен қондырғыларының жұмысын жетілдіру;

  • атмосфера құрамын қорғау жұмыстарын күшейту;

  • жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау;

  • өсімдік жамылғысы мен жа- нуарлар дүниесін қалпына келтіру және тиімді пайдалану снякты шараларды жүзеге асыру жатады.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар


Қалдықтар көбінесе күрделі гомогенді және гетерогенді жүйелер түрінде кездеседі.
Қоршаған ортаны қорғауға қатысты биотехнологиялық әдістерге биологиялық нысандардың тіршілік әрекеті өнімдеріне, бактерияларды көбейтуге, олардың метоболизмдері энергия мен заттардың табиғи алмасу жолына негізделген технологиялық үдерістерді құру жатады.
Мұнаймен бірге шығатын ілеспе газдар және көмір өндіру кезінде түзілетін метанды биотехнологиялық жолмен залалсыздандыру әдісі арнаулы резервуарға жинақталған газды қышқылды бактериялармен араластыру арқылы жүзеге асырылады.
Қатты қалдықтарды қайта өңдеу биотехнологиясы бойынша биогазды пайдаға асыру энергия тапшылығын төмендетуге, сондай-ақ қоршаған ортаға түсетін антропогендік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Энергетикалық мақсаттармен қатты қалдықтарды өңдеу биотехнологиясында анаэробтық ферментация әдісі қолданылады. Анаэробтык ферментация оттегінсіз ортада әртүрлі микроорганизмдер тобының көмегімен іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет