Бөж тақырыбы: Қазақ емлесінің негізгі ережелері Орындаған



Дата27.02.2023
өлшемі20,64 Kb.
#70185
Байланысты:
14 БӨж


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ

Тақырыбы: Қазақ емлесінің негізгі ережелері


Орындаған:Абирова К.О
Тексерген: Бейсенбекова Г. Т

Алматы 2022 жыл



Қазақ емлесінің негізгі ережелері
Ғалымдар көрсеткендей, қазақ жазуының тарихы ұлттық кезеңге дейінгі және ұлттық кезеңдегі деп екіге бөлінетіні мәлім. Ұлттық кезеңге дейін түркі халықтары көне түркі және араб жазуын қолданды. Ислам дінімен бірге келген араб жазуы ХХ ғасырдың басына дейін қолданыста болды. Емле ережелері арнайы жазылып, әлі жүйеленбеген, ресми бекітілмеген уақытта халық қалай жазды, жазуда бірізділік сақталды ма? Кез келген жазу белгілі бір ұйымдасқан жүйе арқылы ғана қызмет етеді. Егер жазу қандай да бір орфографиялық ұстанымдарға арқа сүйемесе, онда ол жазу халық қажеттілігін өтей алмайды және ұзақ уақыт бойы қолданыста да болмайды. Ортатүркілік жазу дәстүрінде қатаң нормаға айналған жұрнақ пен жалғаудың бір ғана формасын жазу, мысалы, инвариант приципі бойынша көптік жалғауының тек -лар септігінің тек -нің , сын есімнің тек -лық, тарихи дәстүрлі принцип бойынша қ орнына х, у, и келетін жерлерге ғ, г жазу, еріндік сингорманизмді сақтау , араб, парсы сөздерін тек түпнұсқаға сәйкес қана жазу сынды орфографиялық принциптер ХХ ғ. басына дейін сақталды. Бұлай жазудың басты себебі, түркі халықтарының барлығына түсінікті болу мақсатында ортақ емлені ұстану еді. Алайда бұл қазақ жазба тілінің ұлттық сипатта дамып, қалыптасуына айтарлықтай кедергі келтіретіндіктен, мұны А.Байтұрсынұлы «қисық емле» деп атаған және жазба тіл түркі халықтарына ортақ емес, әр халықтың сөйлеу тіліне сай жасалуы керек деді. Сондықтан да ұлттық тілге негізделген емле ережесін түзу ісін қолға алып, ортатүркі жазу дәстүріне тән элементтер мен түркі қосымшаларынан қазақ жазу жүйесін толықтай тазалады, түпнұсқамен жазылып жүрген араб, парсы сөздерін қолданыстан шығарып, қазақ тілінің айтылым заңдылығына икемделген нұсқасын орнықтырды. Қазақ емле ережелерінің алғашқы ғылыми негіздемесі де А.Байтұрсынұлы тұжырымдарынан басталады. Ғалымның 1912-1927 жылдар аралығындағы еңбектерінде қазақ тілінің емле ережелері біршама жүйеленді.Десек те емле ережелерін тұрақтандыру, біріздендіру мәселесі сол кезеңде өте өзекті еді. Сондықтан емле ережелеріне қатысты жиындар, сиездер өткізу 1923 жылдан бастап қолға алынды және күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жазудағы басты принципті анықтау, бірге және бөлек жазылатын сөздер мен кірме сөздер емлесін жүйелеу болды.1923 жылы Халел Досмұхамедұлы төрағалық еткен Қазақ-қырғыз Білім комиссиясы 12 тараудан тұратын емле ережелерін арнайы бұйрықпен бекітті және ол кітапша ретінде басылып шықты. Бұл ережелер жинағы Үкімет деңгейінде ресми түрде бекітілген алғашқы емле ережесі болып табылады. Бұдан кейін де емлені жетілдіру, толықтыру, түзету жұмыстары 1924 жылдың 12-18 маусым аралығында Орынборда өткен қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш сиезінде, 1926 жылы Бакуде, 1929 жылы Қызылордада өткен конференцияларда қызу талқыға түсті.
1923 жылғы емледе араб, парсы сөздерін жазу үшін х, ф таңбалары алынғаны, қос сөздер мен түбір сөзден кейін келетін шылаулар дефис арқылы жазылатыны арнайы тарауда көрсетілді. 1924 жылы өткен білімпаздардың тұңғыш сиезінде емле мәселесіне қатысты бас баяндаманы Елдес Омарұлы жасап, араб, парсы сөздері үшін алынған х, ф таңбаларын әліпби құрамынан алып тастау туралы ұсыныс жасады және ы мен і дыбыстарын барлық буында жазу керек деген мәселе көтерді. Бұл жиында и мен у дыбыстарының дауысты немесе дауыссыз екендігі талқыға түсті. 1926 жылы Бакуде өткен сиез жұмысы 9 күнге созылып, түркі халықтарының жазудағы орфографиялық принциптері, терминология мен кірме сөздер емлесі қарастырылды. 1929 жылы Қызылордада өткен конференцияда морфологиялық және фонетикалық принциппен жазылатын сөздер талқыланып, қазақ жазуы фонетикалық принципке негізделсін деген шешім қабылданды. Бұл уақытта латын графикасына көшу мәселесі де қатар көтеріліп, қазақ қоғамы латыншылдар және арабшылдар деген екі топқа бөлінді. Латынға көшкеннен кейін де күрделі сөздер мен кірме сөздер емлесі, и мен у мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.Кирилл әліпбиін қабылдағаннан кейін иу, иа тіркесімен жазылатын төл сөздерді ю, я әрпімен таңбалау ең даулы мәселелердің бірі болды. Кирилл әліпбиіне негізделген ең алғашқы емле 1957 жылы бекіді. Бұл емле ережелеріне 26 жылдан соң толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, 1983 жылы 25 тамызда ресми түрде екінші рет бекітілді. Орфографиялық сөздік түзу ісі де кирилл әліпбиін қабылдаған соң қолға алынды. Ең алғашқы орфографиялық сөздік С.Аманжолов, С.Кеңесбаев, Н.Сауранбаевтардың жетекшілігімен 1941 жылы жарыққа шықты. 1948 жылы М.Балақаевтың оқушыларға арналған қысқаша «Емле сөздігі», 1957 жылы «Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі» жарыққа шықты. 1960 жылы мектеп оқушыларына арналған офрографиялық сөздік, 1972 жылы оның толықтырылған нұсқасы жарық көрді. Ал үлкен орфографиялық сөздіктер кеңестік кезеңде 1963, 1978, 1988 жылдары, тәуелсіздік алғаннан кейін 2001, 2005, 2007, 2013 жылдары жарық көрді. Әрине бұл сөздіктерде кейбір сөздердің емлесі ішінара өзгеріске ұшырап, заман ағымына сай жаңа сөздермен де толығып отырды.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» жасалып, белгіленген міндеттерді дер кезінде және кезеңдер бойынша жүзеге асыру мақсатында Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық, Техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жұмыс топтары құрылды.
Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» жобасын әзірледі. «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» жобасы Институттың Ғылыми кеңесінде талқыланып, мақұлданды.Ереже жобасы Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық және Әдістемелік жұмыс топтарының бірлескен ғылыми-практикалық семинар-кеңестерінде қаралып, талқылаудан өтті.Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» жобасына сараптама жасау мақсатында Емле ережелерінің негізгі қағидалары бойынша республикадағы жоғары оқу орындарының студенттері, орта мектептің оқушылары, сондай-ақ оқытушы-филологтар мен еліміздің кейбір өңіріндегі ересектер арасында сынама-сауалнама жүргізді. Емле ережелерінің жобасы тәуелсіз сарапшылар мен ЖОО-ның тілтанушы мамандарының сараптамасынан өтті.Осындай талқылау нәтижесінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Емле ережелерінің жобасы 2018 жылғы 27 қыркүйекте Ұлттық комиссияның отырысында таныстырылды.Жұртшылыққа кеңінен таныстыру, сондай-ақ пікір алмасу, жекелеген қағидаларды одан әрі тиянақтай түсу мақсатында «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» жобасы көпшілік назарына ұсынылып отыр.
Жаңа әліпбиге негізделген қазақ емлесіне қатысты тиянақ етерлік мәселені жалпылама түрде екіге бөліп қарауға болады:

  1. Төл сөздер емлесі;

  2. Кірме сөздер емлесі.

Кез келген теорияның тәжірибе негізінде орнығатынын ескерсек, кез келген емленің де дағдыға сүйенетіні түсінікті. Ал қазіргі дағды жайы және екі түрлі:

  1. Халықтың сөйлеу тілі дағдысы;

  2. Осыған дейінгі жазу дағдысы.

Емле жасау үшін екі дағдыға да сүйену маңызды. Себебі жаңа әліпбиге негізделген қазақ емлесі мүмкіндігінше кемшіліксіз болуы тиіс. А.Байтұрсынұлының тілімен айтқанда, «Емлені бұрынғысынан артық болғандай етіп өзгертуге мағына бар; бұрынғысынан төмен болғандай етіп өзгертуге мағына да, мақсат та жоқ». Ендеше төл сөз бен кірме сөздің қай-қайсысының да емлесі халықтың сөйлеу тілі дағдысы және осыған дейінгі жазу дағдымыздан алшақтап кетпегені абзал.
Жазу-сызу машығы әбден қалыптасқан қазақ тілі үшін төл сөздердің емлесін жаңа графикаға лайықтау айтарлықтай қиындық келтірмесе керек. Сондықтан, кірме сөздер емлесіне қатысты жаңашылдыққа тоқталмақпыз.

  1. Кірме сөздер соңындағы b (б), g (г), d (д) дыбыстары p (п), k (к), t (т) үлгісінде жазылмақ: arap (арап), shtap (штап), dramatýrk (драматурк), hırýrk (хирурк), pedagok (педагок), analok (аналок), brent (брент), asteroıt (астеройт) т.б. Бұл үлгінің артықшылығы – тіліміздегі дыбыс үндестігін біржақты етеді. Бұрынғы үлгіде соңы ұяңға аяқталған бұл сөздер қосымшаны қатаңнан қабылдап, үндестік заңына томпақ келетін. Енді тіл заңдылығына толық бағынатын болды.

  2. Жалаң ц әрпі жаңа орфографияда сөздің барлық позициясында да s (с) үлгісінде (sement / семент, medısına / медисина, abzas / абзас), қосарланған жағдайда ts (тс) үлгісінде (pıtsa / питса) таңбаланбақ. Дербес графикаға негізделген тәуелсіз орфография, негізінен, сөздердің орыс тіліндегі таңбалану үлгісіне сүйенбеуі қажет. Сондықтан, мұны да тілге ыңғайланған емле деп қабылдағанымыз орынды.

  3. Т және ч таңбаларының тіркесіне аяқталатын сөздерде т дыбысы түсіріліп жазылатын болады: skotch / скотч емес, skoch / скоч; sketch / скетч емес, skech / скеч; match / матч емес, mach / мач. Шындығында, бұл сөздердегі t (т) дыбысы, қазақ тілін былай қойғанда, орыс орфоэпиясының өзінде жоқ. Ендеше мұны емле жасау барысында тілдік дағдымыздың ескерілгені деп қабылдаған жөн.

  4. Дыбыстардың оэ тіркесіне аяқталатын сөздер соңында э орнына ı (и) жазамыз: aloe / алоэ емес, aloı / алой; kanoe / каноэ емес, kanoı / каной.

  5. Ю әрпі төл сөздеріміздің барлық шенінде (aıý / айу, oıý / ойу), сондай-ақ, кірме сөздердің тек басқы позициясында ғана ıý (йу) үлгісінде (Iýpıter / Йупитер, Iýrmala / Йурмала), ал ортаңғы позициясында ý (у) арқылы таңбаланады: glýkoza / глукоза, parashýt/ парашут. Бұл да – тіліміздің табиғи сапасын сақтау мақсатында жасалған тұжырым.

  6. Я әрпі төл сөздерімізде бірыңғай ıа (йа) үлгісінде жазылса (ıaǵnı / йағни, qoıan / қойан), дәл осылай кірме сөздердің басында ғана (Ialta / Йалта), ал басқа буындарда а үлгісінде жазылмақ: mýlaj / мулаж, dýblaj / дублаж. Мұны да өте дұрыс ұйғарым санаймыз.

  7. Сөз ортасында дауысты мен дауыссыз арасындағы жіңішкелік белгісінің (ь) орнына ı (и) жазылады: batalon / баталон емес, batalıon / баталион; medalon / медалон емес, medalıon / медалион т.с.с.

  8. Дж тіркесімі бар сөздердің мағынасына нұқсан келмейтін жағдайда д әрпі түсіріліп жазылады: kolej / колеж, menejer / менежер. Себебі қазақ әдеби тіліндегі ж дыбысы айтылуда дж үлгісінде жұмсала береді.

  9. Кірме сөздерді жазу емлесінде осыған дейін сақталып келген қос дауыссыздың (сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, кк, уу) бірін ғана жазу нормаға айналады: profesor / професор, gramatıka / граматика, kolej / колеж, atestat / атестат, efekt / ефект, baner / банер, abrevıatýra / абревиатура, korespondent / кореспондент, ıpodrom / иподром, aglýtınatıv / аглутинатив, hokeı / хокей, ındıvıdým / индивидум т.с.с.

  10. Кірме сөздер соңындағы ий тіркесімі жаңа емледе бір ғана ı (и) үлгісімен жазылады: kalsıı / калсий емес, kalsı / калси; kafeterıı / кафетерий емес, kafeterı / кафетери т.с.с

  11. Сөз мағынасына нұқсан келмейтін болса, кірме сөздер соңындағы а әрпі де түсіріледі. Себебі қазіргі қолданысымыздағы орфографиялық нормада газет, минут үлгісінде жазу тұрақтағанымен, анаграмма, телеграмма, фонограмма, кардиограмма сөздері өзгеріссіз таңбаланып жүр. Жаңа емле жобасындағы ұстаным осы сипаттағы жазу үлгісін бір жүйеге түсіреді және аталған сөздердің емлесі мына үлгіде болады: anagram / анаграм, telegram / телеграм, fonogram / фонограм, kardıogram / кардиограм т.с.с.

  12. Ст, зд тіркесімдеріне аяқталатын сөздердің жазылуында соңғы дауыссыздары таңбаланбайды: jýrnalıst / журналист емес, jýrnalıs / журналис; sıezd / сиезд емес, sıez / сиез т.с.с.

  13. Сөз соңындағы нг тіркесімінің орнына ń (ң) жазылады. Мәселен, спарринг сөзі sparıń / спариң, рейтинг сөзі reıtıń / рейтиң, боулинг сөзі boýlıń / боулиң үлгісінде жазылады да, олардың дыбысталу сапасы өзгеріп, кейін қазақ тілінің төл сөзіндей қабылданатын болады. Сондықтан, мұны да жаңа емленің артықшылығына жатқыздық.

  14. Ағылшын тілінің түпнұсқасында w әрпімен басталатын сөздердің барлығы қазақ тілінде ý (у) әрпімен жазылады: whatsapp немесе vatsap емес, ýatsap / уатсап; webınar немесе vebınar емес, ýebınar / уебинар; bızneswýmen немесе bıznesvýmen емес, bıznesýmen / бизнесумен.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет