Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Геоэкологиялық зерттеу пәні мен өзектілігі



бет13/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Геоэкологиялық зерттеу пәні мен өзектілігі
Геоэкология экологиялық жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жоғары перархиялық денгейдегі (физикалық-географиялық зона, провинция, ландшафт) географиялық жүйелердің экологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Геоэкология Германияда аса қарқынды түрде дамыды және 1939 жылы неміс ғалымы К. Тролл «геоэкология» терминін алғаш ұсынған.
Геоэкологиялық зерттеулер:

  • Аумақты шаруашылық пайдалануға қатысты зерттеу – таюиғи ресурстрады пайдаланумен байланысты. Бұл болжамдар табиғи ресрустық әлеуетке сапалық, сандық баға беруге негізделеді.

  • Аумақтардың геоэкологиялық жағдайына баға беру

  • Аумақтардың рекреациялық әлеуетін бағалау – туризм мен демалыс аудандарын орналастыру мен дамытуды негіздеуге бағытталады. Бұл нысандардың дамуын болжауда антропогендік өзгерістер динамикасы, аумақтың рекреациялық сиымдылығы, нысандардың қолжетімділігі, демалысқа қолайлылығы ескеріледі.

  • Геоэкологиялық жоспарлау(жобалау) – табиғатты пайдалану мен қорғауды негіздеп, орындалу уақыты мен аумақтар бойынша бөлу.

  • Геоэкологиялық аудандастыру

  • Геоэкологиялық болжаулар кезеңдері: аймақтың ресурстық жағдайын, табиғи орта әлеуетін, өнеркәсіптік жағдайын, экономикалық даму жағдайын, кәсіпорындар орналасуындағы кемшіліктерді айқындау және шешу жолдарын талдайды.

Геосфералардың ластануы
Экологиялық жағдай 2 фактор ықпалымен қалыптасады: қоршаған орта ластануы, өздігінен тазару.
Орналасуына байланысты: тұрақты(өндіріс орындары) және мобильдік (көлік құралдары).
Кеңістік қамтуына байланысты: нүктелік(зауыт), алаңдық(көмір карьері), сызықтық (транспорт магистральдары).
Мерзіміне қарай: бастапқы(қоршаған ортаға тікелей түсуі), қосарланған(ластағыштардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде).
Жаратылысы жағынан: химиялық, физикалық, биологиялық, эстетикалық(құрылыс).

Табиғи ортаның ластануына қарай, көршілес Қазақстан мен Қытайдың экологиялық жағдайын сипаттайтын мәліметтерді келтіріп отырмыз.


Қазақстанда мынадай экологиялық мәселелер анықталып отыр:

  • бұрынғы қорғаныс бағытындағы өндіріс орындары мен сынақполигондарының. радиоактивті және улы химиялық заттардың қалдықтарымен ластанған аумақтардың. ел бойынша таралған жер бөлік- терінің адам денсаулығы мен жануарларға тигізетін кері әсерініңболуы;

  • кейбір қалалардың өндірістік қалдықтармен қатты ластануы;

  • Арал теңізінің тартылуы әсерінен айналадағы жерлердің химиялық пестицидтер және табиғи тұздармен ластануы, оның жел әрекетімен ұшырылып, улы шаңды дауылдарға айналуы;

  • Каспий тенізінің ластануы;

  • шөлейттену;

  • топырақтың ауылшаруашылығындақолданылған химиялықзаттармен ластануы және есепсіз суару барысында тұздануы.

Ал Қытайда шешімін таппаған бірнеше экологиялық мәселелербар:

  • елдің дүниежүзілік деңгейде қатты отын түрлерін жағу нәтижесінде ауаға көмірқышқыл газын мөлшерден тыс өте көп шығаруы;

  • көмірді жағу кезінде бөлінген зиянды газдардың қышқылжаңбырдың жаууына себепші болуы;

  • әсіресе солтүстік өңірлерде судың жетіспеуі, тазартылмағанқалдықтармен судың ластануы;

  • мелиорациялық жұмыстар нәтижесінде іргелес жатқан аумақтардағы жер бедерінің бұзылуы, өндірістің және аквакультураның қарқынды дамуы;

  • ормандардың жаппай кесілуі, жануарлар тіршілік ортасы аумағының тарылуы және бұзылуы;

  • жер ресурстарын тиімді баскармау салдарынан топырақ эрозиясының. су тасқындарының, құрғақшылықтың шаңды дауылдар мен шөлейттенудің белең алуы күшеюде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет