Озон қабатының жұқаруы мәселесі. Озон қабатын Жер ғаламшарын ғарыштан келетін ультракүлгін сәулелерден корғайды. 1984 жылы британдық Халли-Бей 1 стансысында соңғы 10 жыл ішінде атмосфера құрамындағы озонның 40%-ға азайғанын анықтады. Бірнеше рет зерттеу сынақтарын жүргізгеннен соң 1985 жылы озон қабығының жұқаруы туралы әйгілі мақала жарық көрді. Ал америкалық ғалымдар 1978 жылдан бері жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Антарктида үстінде әсіресе көктемге қарай озон мөлшерінің күрт азаятындығын анықтап, озон қабығының жұқару картасын құрастырға. Бұл құбылыс атмосфера құрамында хлорфторсутекті қосылыстар фреонның көбею салдарынан болатындығы дәлелденді. Озон қабатының жұқаруын мейлінше тежеу үшін 1985 жылы Вена конвенциясы, 1989 жылы Монреаль хаттамасы бойынша озонды ыдырататын қосылыстарды шығаруды шектеуге қол қойылды.
Ормандар аумағының қысқаруы. Қазіргі кезде дүниежүзінде ор-мандар құрлықтың 31%-ын, яғни жалпы ауданы 4 млн. га аумақты алып жатыр.
Жыл сайын жер бетінен жойылатын ормандардың шамамен 10 млн га тропиктік ормандар құрайды. Олардың тек 10%-ы ғана қалпына келтіріледі. Орман алқаптарының жойылуына әсіресе апатты өрттер, қышқыл жаңбырлар, ағаштарды есепсіз кесу себепші болуда.
Шөлейттену. Шөлейттенуге әсер ететін антропогендік факторлар қатарына жайылымдық мал шаруашылығы әсерінен онсыз да сирек өсімдік жамылғысының жұтанданып, топырақтың тозуы, жерді есепсіз жырту мен ормандар мен бұталардың оталып, өртелуі, жолдар мен құрылыс салу нәтижесінде топырақ жамылғысының бұзылуы жатады. Шөлейттенуге әсер етуші табиғи факторлар ретінде жел эрозиясы мен топырақтың беткі қабатының кебуі, қуаңшылықты атауға болады.
Соңғы деректерге қарағанда, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы адамның шаруашылық әрекеті әсерінен мұндай жерлердін ауданы 9 млн км2--ге артты. Ал 30 млн км2 аумақ жұтандану алдында тұр. Жылына 6-7 млн га құнарлы жердің шөлейттенуте ұшырауы тұрғын халықты азық-түлікпен камтамасыз етуді қиындатады. Мәселен, Үндістандағы халық тығыз қоныстанған (орташа 1 км-ге 100 адамнан астам) құрғақ аудандардың бірі - Тар шөлі. Үндістан жерінің 80%-ға жуығы қайта-қайта қуаңшылыққа ұшырауда. Сондай-ақ Африканың Сахель зонасында да шөлейттенудің барлық түрлері байқалуда. Бұл аймақта ХХ ғасырдың 60-жылдарында басталып, ұзаққа созылған қуаншылық 1973 жылы шырқау шегіне жетті. Шөлейттенуден1985 жылы 1 млн-нан астам адам қазаға ұшырап, 10 млн адам экологиялық босқындарға айналды. Материктің жекелеген бөліктерінде шөлейттенген жерлер жылына 10 км-ге дейін ілгері жылжуда.