Елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлі Географиялық кеңістік табиғи және қоғамдық үдерістер жүретін аумақ қана емес, барлық нысандар мен үдерістерге ықпал ететін фактор болып табылады. Ол табиғи ортадағы қоғамдық нысандар мен құбылыстардың, жиынтығы ретінде ұдайы өзгеріске түседі.
Қазіргі әлемнің экономикалық кеңістік моделін әйгілі америкалық экономист және геосаясаткер Имманунл Валлерстайн жасаған. Ол әлемдік экономикалық жүйелерді геосаясат тұрғысында түсіндірген. Қазіргі дүниенің қарқынды өзгеруін ескеріп, ғалым әлемдік экономикалық кеністікті 3 бөлікке бөледі:
ғаламдық орталықтар (әлемдік ядролар);
жапсарлас өтпелі аймақтар (жартылай периферия)
шет аймактар (периферия).
Қазіргі дүнненің ғаламдық орталықтары - АҚШ, Еуропалық Одақ және Жапония, Олар әлемнің экономикалық даму қарқынын анықтайтын интеллектуалды және ғылыми-техникалық орталықтар қызметін атқарады. Дәл осы орталықтар әлемдік экономикаға жаңа технологиялар мен жана білім беріп, перифериямен (шет аймақтар) тең емес айырбас барысында ақыл-ой рентасын (табысын) алуға мүмкіндік береді.
Валлерстайн моделі бойынша жартылай периферия немесе өтпелі аймақтарға Балкан түбегі елдері. Португалия, Ирландия, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД мемлекеттері енеді. Бұл елдер орталықтармен салыстырғанда, технологиялық деңгейі төмен өнім өндіреді және орталықтардың жоғары технологияларын сатып алуға мәжбүр. Бірақ бұл елдер периферия елдерімен саудада өздерінің басымдылықтарын көрсетеді. Ал периферияны әлемдік орталықтарға экономикалык, саяси тәуелділіктері басым болатын Азия. Латын Америкасы мен Африканың. Мұхит аралдарының артта қалған елдері құрайды.
Шаруашылық салаларын орналастырудағы аумақтық факторлар Дүниежүзілік шаруашылық салаларынорналастыру факторлары. Шаруашылық салаларын орналастыруға әртүрлі факторлар ыкпал етеді. Оларды шартты түрде байыргы және заманауи деп екіге бөлуге болады. Байырғы факторлар: аумақ, экономикалық-географиялық жағдай, табиғи-ресурстық, көлік, еңбек ресурстары мен аумақтық шоғырлану факторларын жатқызуға болады. Көлік факторы бұрынырақта өндірістің орналасуына шешуші ықпал ететін. FTP заманындағы көлік қатынас жолдары мен көлік құралдарын жетілдіруге алып келді. Дегенмен оның ықпалы аумағы үлкен елдерде әлі де сақталып отыр.Еңбек ресурстары факторы өзінің маңызын FTP заманында да жойған жоқ. Еңбек ресурстары факторының ықпалы екіжақты көрініс табады: бір жағынан, өнеркәсіпке, өндірістік емес салаға басқа елдерден қосымша жұмыс күші тартылады; екінші жағынан, өндірісті арзан жұмыс күші бар жерлерге ығыстыруға болады. Халық саны көп, урбандалған аумақтар тұтынушы фактор тұрғысында да ықпал етеді. Қала тұрғындарының сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында тез бұзылатын және тасымалдауға онша жарамсыз өнімдер (нан, кондитер және сүт өнімдері т.б.) шығаратын өндірістер дамиды. Аумақтық факторлар. Аумақ - қоғамның географиялық ортасының аса маңызды элементтерінің бірі. Біріншіден , елдің жер көлемі үлкен болған сайын алуан түрлі табиғат ресурстарына да бай келеді. Яғни өндірісті орналастыру үшін мүмкіндіктер де соғұрлым көп болады. Екінші жағынан алғанда, үлкен елдерде алысқа тасымалдау. аумақтың әркелкі игерілуі, кажетті инфрақұрылымды жасаудағы қиындықтар да бар. Ал шағын елдерде аумақты инфрақұрылымдық мәселелер аса өзекті емес. Бірақ мұндай елдерде шаруашылықтың аумақтық құрылымы жылдам қалыптасады. Сонымен қатар бұл елдерде шаруашылық салаларын орналастыру мүмкіндіктері аса шектеулі болады. Өйткені олардың көпшілігі казірдің өзінде ең басты ресурс, яғни жер тапшылығын сезінуде. Мұндай елдердің бірі -- Сингапур. Табиғи-ресурстық фактор. Индустрияландырудың бастапқы кезендерінде бұл фактор шаруашылықтың көптеген салаларының орналасуын анықтайтын. ҒТР заманында бұл тәуелділік едәуір азайып кетті. Табиғи-ресурстық фактор әлі де болса ауыл шаруашылығының, тау-кен өнеркәсібінің, рекреациялық шаруашылықтың мамандануы мен орналасуын анықтайды. Әсіресе бұл фактор шикізатты көп қажет ететін өнеркәсіп өндірісінің (жылу энергетикасы энергетикасы. металлургия, химия және орман өнеркәсібі) орналасуында елеулірөл атқарады. Экономикалық-географиялық жагдай (ЭГЖ) факторы . ЭГЖ қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін, соған сәйкес ол өндірістің дамуына жағдай жасап немесе оны тежеуі мүмкін. Әйгілі географ Н.Н. Баранский аумақтық ЭГЖ-ның басты төрт түрін бөліп көрсеткен, олар аумақ экономикасының дамуына түрліше әсер етеді. Тарихи тұрғыдан алғанда өндірісті орналастыруда экономикалық-географиялық жағдайдың үш элементі айрықша рөл аткарды. Олар: «орталық», "көршілік" және «тенізге шыға алу" мүмкіндігі. Орталық деп жақсы игерілген, экономикалық даму денгейі салыстырмалы түрде жоғары аумақта орналасуын айтады. Орталық ылғи да ауданның ел орталығындағы орнын білдірмейді. Нақты аумаққа қатысты «шеткі» ұғымының мағынасы да осындай. Мысалы, АҚШ үшін Солтүстік-Шығыс, Қытай үшін Шығыс, ал Аустралия үшін Онтүстік-Шығыс орталық болып табылады. Көршілік жағдайдың қолайлы ықпалын Канаданың оңтүстік-шығыс аудандарының мысалынан көруге болады. Мұндағы өндірістер америкалық кәсіпорындармен біртұтас технологиялық тізбек құрап, тығыз байланыскан.
Теңіз маңындағы орын арктикалық теңіздерді есептемегенде, барлық уақытта да елдің ЭГЖ-ның қолайлы белгісі болып табылады. FTP заманында оның рөлі одан әрі артты. XX ғасырдың ортасынан бастап көптеген елдерде шаруашылық салалары теңізге қарай ығысты. Дүннежүзіңдегі халық саны 1,5 млн адамнан асатын ірі қалалардың 2/3-сі теңіз жағалауында орналасқан. Өзінің теңіз жағалауындағы орнын Қытай. Сингапур, Корея Республикасы, Нидерланд және т.б. елдер тиімді пайдалануда.