Ауданы 30 мың км2-ден аспайтын ергежейлі мемлекеттер: Ватикан, Монако, Лихтенштейн, Мальта, Андорра, Мальдив Республикасы, Науру, Тувалу (1,3%)
Экватор сызығы кесіп өтетін елдер саны: 13
ЭГЖ байланысты елдердің топтасуы: Орталық, перифериялық, транзиттік, ішкері, теңіз маңы
Созылыңқы пішіндегі елдер: Чили, Норвегия, Швеция, Вьетнам, Италия, Панама, Того, Гамбия
Анклав: ел аумағының басқа мемлекет аумағымен толығымен қоршалып жатқан бөлігі
Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер: Франция, Испания, Венгрия
Шашыраңқы мемлекеттер: Индонезия, Филиппин, АҚШ
Анклавты елдер: АҚШ, Ресей, Франция, Испания
Мемлекеттік шегаралардың бөлінуі: бөлуші, жалғастырушы, сүзгілік
Мемлекеттік шегаралар: мемлекеттің қауіпсіздігі мен егемендігін сақтап қалудың маңызды шарты
Бөлуші функциясы анықталады: елдер арасындағы адам, тауар, басқа қозғалыстарды шектеу
Бөлуші функциясы қызметі: тосқауылдар қою, ақылы визалық режим орнату, маятникті миграцияға жол бермеу
Жалғастырушы функциясы анықталады: көршілес елдердің шаруашылық байланысын нығайту, шегаралық аудандарда бірлескен жобалар жасау, табиғат ресурстарын бірлесіп пайдалану
Жалғастырушы функция қызметі: «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы құрылды.
Қорғастың Қазақстандағы ауданы: 217 га, Қытайлық жағы: 343 га
Сүзгілік функциясы анықталады: елге келетін қауіп-қатерді, теріс ағымдар мен тиым салынған тауарларды, адамдар легін өткізбеу
Сүзгілік функция қорғайды: контрабандалық тауарлар мен лаңкестік ұйымдардың әрекетінен
Табиғи шегаралар: өзен, теңіз, көл, тау жоталары
Жасанды шегаралар: адам қолымен жасалған арнайы инженерлік құрылғылар көмегімен белгіленеді
Достарыңызбен бөлісу: |