Зерттеу тақырыбының мақсаты: мектеп оқушыларын жыл бойы дәруменге мол, құнарлы өніммен қамтамасыз етуге жағдай жасау. Міндеттері



бет2/5
Дата08.06.2022
өлшемі36,15 Kb.
#36571
1   2   3   4   5
Байланысты:
жылыжай мақала

Жылыжай орны – Аққозы ЖОББМ- балабақшасының оқу-тәжірибе үлескісі.
Зерттеу гипотезасы – жылыжайда өсірілген көкөністер мен жемістер экологиялық таза болады, онда өсірілген өнімдер оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін болады және мектепті қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Жобаны жүзеге асыратын әдістері - жобалау , тәжірибелік , зерттеушілік, сауалнама алу т.б.
Күтілетін нәтиже:
1.Барлық оқушылар үшін мектепте арзан ыстық тамақпен ұйымдастыруға мүмкіндік болады.
2. Жергілікті халық гүлдер мен көкөністердің өсірілген көшеттерімен (қырыққабат, сәбіз, қызылша) қамтамасыз етіледі.
3.Ерте көктемде мектеп жылыжайында сату үшін және оқу-тәжірибе үлескісі үшін көшеттер өсіріледі . Жаздың алғашқы айларында - ақ жас жаңа піскен көкөністер ала алады.Түскен пайда мектеп асханасына және материалдық – техникалық базаны жақсартуға жұмсалады.
Жоспар:
І. Кіріспе
«Дұрыс тамақтанып жүрміз бе?»
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
А- теориялық білімдер.
Б- Көкөністерді өсіру ерекшеліктері.
В- Жылыжай құрылысын бастау
Г-Жылыжай жасауға қандай материалдар қажет.
2. Жылыжайда жүргізілетін эксперименттік жұмыстар.
3. Жобаны жүзеге асыру жоспары.
4. Жобаның бюджеті.
5. Қорытынды.
Медицина ғылымының атасы әйгілі Гиппократ: «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз»,- деген екен. Расында да осылай, өмір сүру үшін тамақтанамыз, аксиома бұл – дәлелдеуді қажет етпейді. Дегенмен, қазірде өмір сүруіміз үшін тамақтанып жүрген азығымыз жайлы толықбілемізбе? 
Бүгінгі қоғамда тағамның түр – түрі дүкен сөрелерінде толып тұр, тіпті кейде не жейтініңді білмей де қаласың. Күнделікті қажетімізге жаратып жүрген тағамдардың құрамы мен сапасына көп жағдайда мән бере бермейтініміз де шындық.
Еліміздің ертеңі – балалар. Ал, балалардың өсіп жетілуі мен толыққанды дамуында тамақтанудың атқаратын рөлі орасан зор екені айтпаса да түсінікті. Кемел келешегіміздің кепілі сәбилер қазір не жеп жүр? Ендеше, балаларымызға өз қолымызбен беріп жүрген тамақтарымыздың құрамына қанықпызба? 
Бүгінгі таңда, яғни дамыған біздің заманда ішіп отырған азығымыздың өзін білім мен ғылым айналып өтпеді. Сіз (ГМА) генетикалық модификацияланған ағзалар (организмдер) дегенді естідіңіз бе? Ол қандай ағзалар?
ГМА – бұл биотехнолог ғалымдардың тағамды түрлі зиянкестерге, суыққа, ыстыққа төзімді етіп жасап шығарған еңбегінің жемісі. Ол қалай жүзеге асады? Зиянкестер мен әр түрлі жағымсыз жағдайларға азық қалай төзімді бола алады? Мұндай азықтардың құрамына түрлі жануарлар мен жәндіктердің гені егілген. АҚШ-та жеміс-жидекке жанды организмнің ДНК-сін қосып «сапалы» өнім шығару қолға алынған. Мәселен, камбала балығының ДНК-сын қосып қызанақтың жаңа сортын ойлап тапты. Кәдімгі күріштің тұқымына адамның бауырынан алынған ДНК-ны қосып, құрт жемейтін өнім жасады. Картоп пен бәйшешекті будандастырды. Мұндай жағдайда өнімге зиянды жәндіктер жоламайды және ұзақ сақталады. Тіпті, Қазақстанда өсірілетін бидайға да мысықтың ДНК-сы қосылғанынан көпшілік бейхабар. Білгіңіз келсе, қамба толы астыққа тышқан жіберіп көріңіз, «мысық-бидайдың» маңын баспайды. Тіпті мұндай ұннан жасалған нанның өзін тышқан тістемейді де. 
Генетик ғалымдардың нақты есебі бойынша әлемде 1000 түрлі өсімдік тектес көкөніске гендік будандастыру жүргізу мүмкіндігі бар екен. Ал қазір бұлардың 100 түрі таңдап алынып, будандастырылған. Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға — соя, жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады. Былайша айтқанда, халық ең көп тұтынатын заттар.
Қазіргі таңда гендік модификацияланған тағамдар нарығымызды жаулап алды. Емізулі баланы да, одан қалса, баланы емізетін ананы да сондай тағамдармен қоректендіреміз Бір қызығы биотехнология ғылымының осы тұсын ең алғаш ойлап тауып, қолданысқа енгізген АҚШ модификацияланған өнімдерге өз елінде тиым салған көрінеді. 
Модификацияланған өнімдер – қарапайым тілмен айтқанда, өзінің бастапқы табиғи күйін жоғалтқан өнімдер. Мұндай өнімдерді жасап шығаруға не түрткіболды? 
Біріншіден, ол өнімдер түрлі қолайсыз жағдайларға төзімді; екіншіден, нарық бағасынан сәл төмен; үшіншіден, зиянкестермен күресіп жату – көп еңбекті қажет етеді; төртіншіден, жері аз, халқы көп елдер үшін табиғи қалпында өсіруге қарағанда уақытты ұту. Бесіншіден – өнім қаншалықты көп болса, табыс та еселенбек. Ғалам болып, дамыған болып ұтқанымыз осы. Ал енді ұтылғанымызды бағамдап көрелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет