Зерттеу тақырыбының мақсаты: мектеп оқушыларын жыл бойы дәруменге мол, құнарлы өніммен қамтамасыз етуге жағдай жасау. Міндеттері



бет3/5
Дата08.06.2022
өлшемі36,15 Kb.
#36571
1   2   3   4   5
Біріншіден, ГМА қауіптілігі – гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп, адам мен жануарларда жағымсыз әсер туғызуы мүмкін. Біздің елде өсірілмейтін тропиктік жемістерді алайық. Көп балаларда апельсин, лимон, ананас, кивиді жегенде аллерия каптап кетеді. Демек, модификацияланған өнімдердің аллергия тудыратын қасиеті бар.
Екіншіден, гендік модификацияланған аты да айтып тұрғандай ген арқылы будандастырылған өнімдердің адам геніне әсер ететінін айтпай кетуге тағы болмайды. Генетика – тұқым қуалаушылық туралы ғылым екенін есімізге түсірсек, осы өнімдерден болған аурулардың туқым қуалайтынын да есімізден шығармауымыз керек. 
Ресейлік ғалымдар тәжірибе жүзінде гендік модификацияланған тағамдарды егеуқұйрықтарға берген көрінеді. Сонда әлгі азық-түлікті пайдаланған егеуқұйрықтардың үшінші, төртінші буындары ұрпақсыз қалған. Ашығын айтқанда, белсіздікке, бедеулікке ұшыраған. Ендеше, қазір көп қыз-келіншектеріміздің бала көтере алмай жүргеніне, жігіттеріміздің белсіз болып жатуына осы тағамдардың әсері болмағанына толық сенім бар ма?
Үшіншіден,бабаларымыздың «Ауру – астан, дау – қарындастан» деген сөзін түсірейікші есімізге. Бұрын неге ауру аз болған? Жауабы өте қарапайым – себебі, халқымыз тек табиғи өнімді пайдаланған. Трансгенді өнімдерді қолдану асқазанның сілемейлі қабатының құрылымын, зат алмасуды бұзады деген тұжырым бар.
Төртіншіден, жоғарыда айтып өткеніміздей модификацияланған өнімдердің бастапқы табиғи қалпын жоғалтқанын еске түсірсек, табиғилығын жоғалтқан өніммен тамақтанған ағзаның да өз иммунитетінен айрылатынын ескермеуге тағыболмайды.
Бесіншіден делік, Ресейдің тағамтану институты трасгендік картопқа зерттеу жүргізгенде, мынадай қызық жағдайға тап болған. Осы картопты жеген көртышқанның мүшелерінде және қан айналу жүйесінде өзгерістердің болғаны байқалған. Ендеше, мұндай өнімдермен қоректену – қанайналым жүйесінің өзгеруіне де әсер етпей қоймайды екен. 
Модификацияланған өнімдерді күнделікті тұрмыста қалай анықтауға болады? Мәселен, сіз үйге балаңызға нестле шокаладын алып келдіңіз, ал оған зиянкестер жоламайды. Сіз сәбиіңіздің дене мүшелері толыққанды жетілсін деп алма алдыңыз, оның сіз түгілі, құртекеш құрт та дәмін татпайды. Тағы бірде сіз салат жасап жейін деп қияр мен қызанақ алып келдіңіз де, ұмытып кеттіңіз, ол көп уақытқа дейін, сіз салат жасаймын дегенше бұзылмайды. Ал ауылдан ешқандай будандастырылмаған, тіпті химиялық қосынды да кесздеспейтұғын алма мен жүзімді, шие мен шабдалыны құрт- құмырсқа сізбен бірге таласып жеп бітеді. Шалғайдағы ағайынның беріп жіберген қияр мен қызанағы мейлі тоңазытқышқа қойыңыз, ол бұзылып, шіріп те үлгереді. «Қияр неге қауындай, шие неге қызанақтай?..» деп қызылкеңірдек болып жүрген зерттеушілер сөзі де – құлағыңызға алтын сырға.
Бұлардың барлығы – ғылымды серік қылған ғалымдарымыздың зерттеуі, бірінің теріс, бірінің оң беріліп жатқан қызу пікірлері. Ал бұл пікірлер ортақасып, ымыраласамын дегенше, балаларымызға, болашағымызға, ертеңіміз болатұғын еркелерімізге қазақтың дархан жеріндегі құнарлы топырақтан маңдай термен алынған табиғи өнімдерімізді бере тұралық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет