Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көп нәрсенің зиянын біле тұра, күнделікті тұрмыста қолданамыз. Бұл адам табиғатына мәңгілік енгізілген өзгермейтін компьютерлік бағдарлама іспетті



бет3/11
Дата07.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#20048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ayzhan fastfud

2.2.Ауру – астан, Дау – Фаст фудтан!

 Соңғы жылдары мамандар тарапынан көп талқыға түсіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініп жүрген басты экологиялық мәселелердің бірі – адамдардың дұрыс тамақтанбауы. Жүріп бара жатып жүрек жалғайтын жылдам дайындалатын тамақ түрлері бүгінде жетіп артылады. Алайда, сырт көзге аты да заты да жағымды Фаст Фуд деп айдарлатып айтып жүрген – гамбургер, хот-дог, бұқтырылған шұжық, тез әзірленетін лапша, сэндвич, пицца және газдалған сусындармен қоректену адам ағзасы үшін нағыз қауіп. Бірақ мұны бәріміз білеміз. Біле тұра істейміз. Бұл үшін кінәні Макдональдс, Бегемот сияқты жеңіл тамақтану орталықтарынан іздейміз бе, әлде химиялық технологияның дамуынан көреміз бе?! Адамдардың мұндай тағамдарды қолдануы олардың тамақ әзірлеуге уақыттарының жетіспеуімен қатар, оны тез-тез жеу қажеттілігінен туған. Оның үстіне арзан, тез дайындалатын, әрі түрлі дәмдеуіштер қосылған дәмді асты тұтынудан кім бас тартсын? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгінде адамзатты өлімге әкеліп соқтыратын факторлардың 60 пайызы – сапасы нашар, қауіпті азық-түліктен дайындалған тағамдар деп тұжырымдап отыр. Мұндай тамақтарда ағзаға тікелей әсер ететін улы заттар болмаса да, олардың құрамындағы кейбір зиянды нәрселер, ағзаны іштен жегідей жеп, дене мүшелерін істен шығара бастайды. Қазір АҚШ-тың кейбір телеарналарында дәрігерлер ұйымының сұранысымен антимакдональдік жарнамалық роликтер көрсетіліп жүр. Себебі ел тұрғындарының 61 пайызы артық салмақтан емес семіздіктен жапа шегеді. Канадалық ғалымдар фаст фудтың адам психикасына да үлкен әсері бар екенін анықтаған. Psychological Science журналының мәліметіне қарағанда тез әзірленетін тағамдармен тамақтанатын адамдар уақыт өте шыдамсыз болып келеді. Тез тамақтану – басты мақсат. Осындай шыдамсыз әрекеттер адам өмірінің барлық тұсынан көрініс табады. Мұндай астан бас тартудың миллион себептері бар. Төменде солардың бірнешеуін ұсынамын: Артық салмақ қосқыңыз келсе? Бір орташа гамбургер, фри картоптары және жарты литр кола – 1500ккал. Ал бәріміз білетіндей аз есеппен бұл бір адамның бір күнгі кабылдайтын мөлшері. Ал бір күнде сіз осыларды ғана жеумен шектелмейсіз ғой? Американдық журналист Морган Стерн өз тәжірибесінде 30 күн бойы Нью-Йорк қаласының фаст-фуд орталықтарында тамақтану арқылы 14 келі салмақ қосқан. Артық салмақ әр түрлі ауруларға себепші болуымен қатар, адамның көңіл күйіне тікелей әсер етеді. Егер сіз өзіңізді артық салмақтан құтқарғаңыз келсе, фаст фудқа жоқ деңіз! Денсаулығыңызды қатерге тіккіңіз келсе? Әдетте фаст фуд жегеннен ең алдымен ас қорыту нашарлайды. Созылмалы тұмау, сіркесі су көтермейтін ашушаңдық, аллергиялық аурулар, еркектік қабілеттің нашарлауы, бедеулік, инфаркт, инсульт, қатерлі ісік тағы басқа түрлі сырқаттардың бәріне тамақ құрамындағы зиянды нәрселер себепші. Бір сөзбен айтқанда жеңіл әрі тез дайырланатын тамақтардан адам азғасына келер ешқандай пайда жоқ. Көп ақша жұмсағыңыз келсе? Сіз мұнымен келіспеуіңіз мүмкін, себебі сүйікті Макдональдста 500теңгеге тамақтануға болады? Ал енді бір айда жеңіл асқа қанша ақша жарататыныңызды есептеңіз? Осыған фаст фуд әсерінен пайда болған шаш пен теріңіздің зақымдарын жасыру мақсатында сән салондарына жұмсаған қаражатыңызды қосыңыз. Ал егер мұндай асты әлі де қолдана беремін десеңіз, онда болашақта денсаулығыңызға байланысты медициналық орталықтарға кететін ақша мөлшерін тағы қосыңыз. Жаңа сатып алатын киімдеріңіз жайлы тіпті айтпаймын, себебі бұрынғы киіміңіздің тура келуі екіталай. Балаларыңыздың денсаулығы нашарласын десеңіз? Бүгінде тез даярланатын өнімдер үлкен адамдармен қатар мектеп жасындағы балалар арасында да танымал. Әсіресе чипстер, кептірілген нан (сухарики) олардың сүйікті тағамдарына айналған. Шведтік ғалымдардың айтуынша бұл тағамдар акрималид сияқты қауіпті концорогендерге бай. Акриламид – адамның жүйке жүйесін бұзатын, генетикалық мутацияға ұшырататын  ақ немесе тұссіз суда еритін зат. Ол көмірсуға бай тағамдарды қуырғанда пайда болады. 1келі чипстың құрамында 2000 микрограмм акриламид түзіледі, бұл 1 келі қуырылған еттен 40 есе көп. Ал газдалған сусындарды күнделікті пайдалану адам ағзасында кальцийдің азаюына алып келеді. Кальцийдің жетіспеуінен 150 түрлі ауруға шалдығуға болады. Олардың бірі – остеопороз. Бұрынырақ бұл аурумен 60 жастағы карт адамдар ауырса, қазір бұл ауру түрі 6-12 жастағы балаларда ұшырасады. Балаларыңыздың шамадан тыс шыдамсыздығы мен жүйкелерінің тез жұқаруын, оған қоса ұмытшақтығын күнделікті қолданып жүрген астан іздеңіз! Ертеден бастап ата-бабаларымыз жылқы, қой, сиыр етін жеген, ақтан жасалған сүт, айран, құрт, май сияқты өнімдерді қолданып, төл сусынымыз шұбат,қымыз ішкен. Бұл тағамдардың пайдасы жайлы айтпасаң да белгілі. Мысалы, Қойдың еті – жылу мен әл-ауқатты , асқа тәбетті арттырады, жылқының еті – іріңді тоқтатып, бүйрек пен белді желден тазартса, сиырдың еті – майлы, ауыр, қызулы, ісік кезінде жақсы көмектесіп, асқазан, бүйрек, бел мен бастан ұстаған суықты шығарады екен. Бұл қасиеттер гамбургер арасына салынған еттің қызметтерінен мүлдем бөлек. Ал сары май, жұлын мен іш май ішкі ағзаны жұмсартса, сүр май ақылынан адасқан, есінен айрылған, танған адамдарға көмектеседі. Шыжғырылған май ойды өткірлейді, жадты кеңейтеді, жылу мен  күш-қуат береді, өмірді ұзартады. Табиғи таза тағамдардың арқасында біздің тектілігіміз артып отырды. Міне, содан кейін біз қуатты ел болдық. Егер ұлттық тағамдарымызды өгейсітіп, шеттен келген зиянды асқа әуестенуімізді қоймасақ, күні ертең бақа-шаян, құрт-құмырсқаға айналарымыз хақ. Бұл – теңіздің тамшысындай ғана себептері. Өзгесін айтпасаң да белгілі. Заманауи жедел астың зиянын айтқанмен, өз тәжірибеңде көрмей оған сене қою қиын. Ал фаст фудты әлемде миллиондаған халық қолданады: әр түрлі ұлт өкілдері, әр жастағы адамдар, әлеуметтік сатысына қарай да түрлі адамдар. Барлығы да жеңіл әрі тез әзірленетін тағамдардың пайдасы мен үнемділігін ғана алға тартады. Ал оның орасан зияны жайлы айтатын ешкім жоқ. Тіпті тұмаумен ауырып, артритке шалдығып, үлкен күйзеліске ұшырап жатса да оны өзі тұтынған аспен байланыстыруды ойламайды да. Бекер, себебі «ауру – астан» немесе «өз ауруыңды табағыңның түбінен ізде» деп бекер айтылмаса керек. Бұл мәселе қазіргі таңда әлем қасіретіне айналған ЖИТС-тен немесе қоғамда орын алған халықаралық өзекті мәселелерден кем түспейді. Мұның себебі адамды ішінен улайтын фаст фуд өнімдерінің ерекше қамқорлыққа алынып, тыс мөлшерде жарнамалануында. Әрине, бұл өте тиімді бизнес жол. Өнімдерін тегін таратып, халықты өзіне тәуелді ету арқылы өз саудасын жүргізіп ақшаға кенелген саудагерлер үшін тиімді табыс көзі. Өзгені ойламақ түгілі өз қарабасының қамы мен қалтасының қалыңдығын ойлаған  бизнесмендер  әлемнің айықпас дертке шалдыққанын байқайтын қауқары да жоқ. Бұл, әсіресе, демографиялық өсім жағынан кенжелеп келе жатқан Қазақстан үшін тағы бір кедергі десе артық болмас. Егемендігін алып нық баса бастаған еліміздің аяғынан шалған тағдырдың тағы бір сыны. Әйтпесе бұрын соңды суға дейін талғап ішетін текті халқымыздың дүдәмәл азықпен қоректенбегені  бесенеден белгілі. Ендеше  аранымызды әр нәрсеге алаңсыз аша беруден бұрын сәл пәл ойланғанымыз жөн болар, текті де талғампаз атаның ұрпақтары!

Жаңбырдан кейін шыққан саңырауқұлақтар секілді «фаст фуд» дүкендері де қаламыздың кез-келген бұрышында қаптап кетті. Осыдан-ақ қоғам тамақтану проблемаларына қаншалықты көңіл аударуда деген ойға келесің? Таңғы ас қазіргі адамдардың күн тәртібінен мүлдем шығып кеткендей. Жұмысбастылық пен пен тұрмыстағы қауырт кезеңдер адамды апыл-ғұпыл тамақтануға мәжбүрлеп отыр. Уақыт тапшылығына байланысты, түскі үзілісте гамбургер, донер сияқты тағамдарды жей салады немесе жақын арадағы «фаст фуд» дәмханаларына бара салады. 


Казіргі уақытта жедел дайындалатын тағамдар сататын дүңгіршектер, орталықтар мен дәмханалар саны күннен күнге артуда. Ол аз болғандай, көк жәшікке телмірген балаларымызға арналған зиянды тағамдардың жарнамалары да көрсетіліп жатады. Түрлі «фаст фуд» сататын орындарда балаларды тарту мақсатында ойыншықтармен алдау сияқты акциялар да ұйымдастырылып жатады. Сатылымдарда пайда болған тез дайындалатын тағамдар халықтың сүйікті тағамдарына айналуда. Жұртты құмартып, еліктіріп жатқан «фаст-фудтың» денсаулыққа зиян екенін жасөспірімдердің көбі білмейді, тіпті біле тұра барудан бас тартпайтын адамдар бар.
Аталған тағам түрі адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтыратын бірден-бір себеп екендігін ғалымдар әлдеқайда дәлелдеген. Оның жауабы мынада: аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейту мақсатында арнайы қоспаларды қосып, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Құрамында дұрыс мөлшер сақталмағандықтан, ароматизаторлардың шектен тыс қолданылуынан «фаст-фуд» өнімдері адамды семіздікке алып соқтырады.
Осыған орай әлемдік тәжірибеде тез дайындалатын тағамдардың әсерінен орын алған фактілерді келтірсек:
* Британдық ғалымдар өткізген санақ негізінде 40 мың британдық азамат жыл сайын фаст фудтың кесірінен құрбан болатындығын анықтаған. 
* Ұлыбританияның Ұлттық сапа және денсаулық институтының жедел жәрдемі зиянды тағамдардың адам өліміне себепкер болу мүмкін екендігін ресми түрде растаған. Фаст фудтың жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруына әкеп соқтыратыны белгілі. Ұлыбританияда жыл сайын жүрек ауруларынан 150 мың адам көз жұмады, олардың 40 мыңы дұрыс тамақтанбаудың себебінен екен. 
* Шведтық ғалымдардардың пайымдауынша: чипсы, фри картобы мен гамбургерлердің құрамындағы канцерогендердің мөлшері соншалық, жәй шайнау кезінде-ақ онкологиялық ауруларға душар етуі әбден мүмкін екен. Оның басты себебі- құрамындағы акриламид канцерогеніңің болуында. Тіпті 1 чипсы қорапшасының өзінде акрималидтің мөлшері әдеттегіден 500 есе артық екендігі анықталған. 
* Халықаралық ракті зерттеу агентігінің мәліметі бойынша, акрималид гендік мутация ауруларын қоздырады. Жануарларға жасалған эксперимент негізінде акрималидтің орталық және шеткі жүйке жүйесіне зақым келтіретіндігі, асқазанның қатерлі ісік ауруларына шалдықтыруы әбден мүмкін екені дәлелденді. 
Фастфуд өнімдерін шамадан тыс қолдану:
— целюлит, 
— безеулер
— гипертония, 
— иммунитеттің төмендеуі, 
— ішкі ағзалардағы аурулар.
— қантты диабет, 
— эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, 
— жүрек қан тамырларының аурулары
асқазан жарасы 
— созылмалы гастрит, 
— өттің толуы, 
— ұйқы безінің қабынуы, 
— жүрек-қан тамыр аурулары, 
— семіздік сияқты көптеген кері әсерлерге әкеліп соқтыруы
Адамның толыққанды бір күндік тамағы 1500 колорияны құраса, бір ғана гамбургердің өзінде 1500 калорий болады екен. Оған ішетін колаңызды, картопты, соустарды, одан қалды жарты сағаттан соң қарныңыз тағы ашатындығына күмән тудырмасаңыз да болады. Американдық документалист Морган Сперлок фаст фудтың қаншалықты зиян екендігін тексеру мақсатында эксеримент жүргізген. Бір ай бойы күніне үш реттен «МакДональдста» тамақтанған. Тәжірибе соңында, 12 кг артық салмақ қосып, бауыры ауырып, қанындағы холестерин деңгейі артқан. 
Өзінің тартқан азабы жайында түсірген «Super Size Me» деректі фильмі американдық прокатта көш басып үлгерген.
Ал, елімізде «Burger King, Pizza Hut, KFC, Krispy Kreme, Carl’sJR (Hardees’s), TGI Friday’s, Mag Dak ,Gippo, Bibigon, Gold`n`Brown, „Burger Land” сияқты брендке айналған сансыз фаст фуд дәмханалары кеңінен таралуда. Франчайзинг агентігінің санағы бойынша Қазақстанда жеңіл тамақтану орындары 4000-нан асып жығылады екен. Бұл ірілері ғана. Ал, Қарағандыда ше? Өзім тұратын оңтүстік-шығыс, нақты айтқанда Құрылысшылар даңғылының өзінде-ақ он шақты фаст фуд дәмханалары мен мейрамханалары бар. Қиын жағдай. Тіпті әрбір аялдамада тұрғанда жақын арада міндетті түрде хот-дог, сэндвич, чизбургер, шаурма сияқты тағам түрлерін сататын дүкендер қаптап жатады. Жоғарыдағылар қайда қарап отыр?! Сонда осындай денсаулыққа кері әсерін тигізетін тағам түрлерінің, шет елдік брендтердің көбеюіне тосқауыл жасалмайды ма? Осылайша, халқының денсаулығына немқұрайлықпен қарағандары ма? Халықтың дұрыс тамақтануы кезек күттірмей шешілуге тиіс мәселе емес пе? «Фаст-фуд» сияқты жеңіл дайындалатын тағамдардың зияны жайлы мектептерде, ЖОО-да көбірек айтылып, жан-жақты құлақтандырылса екен. Жас ұрпағымыздың денінің саулығын осы бастан ойлап, жастық шағынан-ақ дұрыс тамақтануға үйретіп, сайдың тасындай шыңдалған, тепсе темір үзетініндей шымыр болуына баса назар аударуымыз қажет сияқты. 

«Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім».«Ауру – астан...» деген дана қазақтың сөзі бекер айтылмаған сияқты!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет