Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көп нәрсенің зиянын біле тұра, күнделікті тұрмыста қолданамыз. Бұл адам табиғатына мәңгілік енгізілген өзгермейтін компьютерлік бағдарлама іспетті


«Фастфуд»– тың адам ағзасына әсері



бет4/11
Дата07.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#20048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2.3. «Фастфуд»– тың адам ағзасына әсері. Газдалған сусынның зияны.

Өткен ғасырдың 80-90 жж. «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған, бірақ ақырғы уақытта ғалымдар дабыл соқты, ал қоғамдық ұйымдар зиянды тағамға белсенді қарсы шықты. Мамандардың айтуы бойынша – фаст-фуд әдеттенуді туғызады, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде. Олардың денсаулықтарына үлкен зиян келтіретін гамбургерлер, чипсілер және пицца біздің балаларымыздың сүйікті тағамдары болды. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік – осылар зиянды дағдылардың нәтижесі болып табылады. Салауатты өмір сүруді құру мәселесінің Ұлттық орталығының мамандары бұл мәселеге үлкен көңіл бөлуге шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст-фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп-жеп жүрсе, кейбіреулер анда-санда ғана пайдаланады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнамалары арқылы өнімдерін төмен бағалармен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады. Егер, сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. Ал ол несімен қауіпті десек, фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни транс майлар көп. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен.

Соңғы кезде «фаст-фуд» өнімдерінің көбеюі де көп адамды семіздік дертіне ұшыратып жатқанын байқай бермейміз. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Мұндай тағамдарды жасау үшін көбіне май қышқылындағы трансизомерді көбейтетін қатты марга­ринді қолданады. Сондықтан бұл та­­ғам­­дардың құрамында дәрумендер бол­майды, есесіне қоректік қуаты (калориясы) жоғары. Құрамындағы белгілі бір мөлшер сақталмағандықтан, «фаст-фуд» өнімдері адамды семіздікке алып келеді. Ал семіздіктен адам бойындағы зат алмасу бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады. Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өтті. Бірінші орында тәт­ті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан ко­ланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады

екен. Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді.

Адам организімінне өте зиянды фастфуд тағамдары туралы айтқанда сосиска, шұжықтар және неше түрлі еттен жасалатын қарапайым халық көп тұтынатын тамақтар келеді. Бұндай ас тамақтардың құрамында майлар көптеп кездеседі. Сонымен  қатар қуырылған түрде фастфуд өнімдерінде көптеп кездесетін адам ағзасына зиянды еттердің майлы түрлері де жатады.Түрлі елдердегі медециналық зерттеулердің нәтижесі фастфуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны   құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. Фастфуд өнімдері адамды толық қанағаттандыра алмайды ол тек қана аз ғана уақытқа аштықты  жасырып қояды. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді.Фастфуд өнімдерінен целюлит , безеулер, тері кеуіп және шаштар әлсіздене береді. Ал күнделікті қолданатын болсаңыз гипертонияға, иммунитеттің төмендеуіне , ішкі ағзалардағы түрлі ауруларды шақырады. Фастфуд өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болады.Әлі қатаймаған балалардың организмі фастфуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады. Балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар туындауы мүмкін.

Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ  күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім. «Ауру – астан…» деген дана қазақтың сөзі бекер айтылмаған сияқты!

Гастроэнтолог дәрігерлердің есебінше жыл басынан бері асқазан,ішек ауруларымен 120-дан астам адам келіп түскен. Тез тамақтанудың кесірінен  ас қорыту жолдары қиындайды.Фаст фудқа үйір жандардың асқазан жүрек аурулары қан қысымы қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі.



Қазір дүниежүзінде 177 миллион бала семіздіктің зардабын тартып келеді екен. Оның ішінде 22 миллионы 5 жасқа дейінгі балалар. Ал бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, әлемде 155 миллион салмағы артық балалар бар екен. Оның ішінде 45 миллионы 5 пен 17 жас аралығындағылар. Мұның қауіпті жағы сол, сәбилер арасында семіздік салдарынан жүрек-қантамы рлары мен диабет ауруына шалдыққандар да күрт көбейген. Оның ішінде біздің елдің де мыңдаған бүлдіршіні бар. Өкініштісі сол, біздің елде әлі күнге дейін балалар арасындағы семіздік пен оның қауіпті салдарына әзірше тиісті дәрежеде назар аударылмай келеді.
Семіздік – белең алып бара жатқан қауіпті әрі құрықтауға көнбей тұрған аурудың бірі болып тұр. Бүгінде аузын айға білеген Жапония, Қытай мен АҚШ сияқты алпауыт мемлекеттердің өзінде ересектерді былай қой-
ғанда, жас балалардың өзі осы ауруға жиі шалдығып жатыр . Ұлыбританияда сәбилердің 30 пайыздан астамы семіздіктен зардап шегеді. Ал Швецияда соңғы 20 жылдың ішінде 20 жасқа дейінгі жастар мен балалар арасында артық салмақтық барлардың саны 6 есе өскен. 2050 жылдары аталған елдерде балалардың тең жартысы семіздікке шалдығуы мүмкін деген болжам айтылады. Сондықтан семіздік Еуропа елдері үшін алаңдатарлықтай дәрежеге жетті. Олар бұл аурумен күресті 2006 жылы бастаған.
Осы мәселені назарға алып, әлемнің 11 елінде зерттеу жұмыстарын жүргізген Австралия маманы Бриджет Келли «Семіздікті қалай тоқтатуға болады?» деген кітап жазыпты. Онда Бриджет Келли ең бірінші теледидар жарнамаларын сынға алған. Одан кейін жарнамаға сеніп балаларына зиянды нәрсені әперетін ата-аналарды сауатсыз деп жазғырады. Өйткені бой бермей бара жатқан семіздік нақ осы себептерден азаймай отырған көрінеді.
Маманның зерттеуіне қарағанда, семіздікті арттыратын тағамдар жоғарыда аталған елдер нарығының 90 пайызын құрайды екен. Сондықтан Келли жоғары калориялы тағамдардың жарнамасын тез арада шектеу жөнінде ұсыныс айтып отыр. «Сәбилер жылына телеарналардан шамамен 4-6 мың аралығында жарнамалық роликтер көреді, оның ішінде 2 мыңнан астамы денсаулыққа зиянды тағамдар», – дейді ол.
Бұл проблеманың басты себебі ,әрине дұрыс тамақтанбауда. Ас адамның арқауы деген нақыл сөз бекерден бекер айтылмаған шығар. Қазіргі жас өспірімдер мен балалар ыстық тамақ жемей, «фастфудты» азық етуге құмар. Әрине, бұндай тағамдар тез арада семіру, іштің қатуы және асқазан ауруларына шалдығуға әкеп соғады. Бүкіл әлем балаларының құмарлана жейтін гамбургер,чизбургер және «картофель фри» деген тамақтарының денсаулыққа деген зияны осындай. Ал тәтті сусындардың зияны қандай? Әңгіме тамақты тез қортуға көмектеседі деп сылтауратып кішкентай балалр ғана емес үлкендерде ішетін «Кока-кола», «Пепси» туралы болмақ.. XIX ғасырдың аяғында «Кока-кола» құрамында кокаины бар дәрі ретінде патенттелген. Дәріханаларда бұл дәрілік сусынды морфии мен басқа есірткелік заттарды қолданатын адамдарға берген. Ол есірткінің күшін басатын дәрі ретінде (есірткі орнына) қолданыл-
ған. Әрине, қазіргі газдалған тәтті сусындардың құрамы өзгергенмен, денсаулыққа қауіпсіз деп айтуға болмайды. Бір стақан тәтті сусынның қанты шамамамен он қасық қантқа тең келеді. Он қасық қант қосылған сусын ішу адамда жүрегі айныту және құсу рефлексін тудыратын көрінеді. Өнім шығарушылар жоғарыда айтылған рефлексті болдырма ушін арнайы ерітіндеге ортофосфор қышқылын қосады екен. Міне, осындай ерітінді «коко–кола» мен «пепси» құрамында бар.Қантты мөлшерден тыс қолдану балаларда бауыр мен асқазан ауруларын тудырады. 
Ғалымдардың зертеуінің нәтижесіне сүйенсек балалар семіздігіне әкеп соқтыратын мынадай себептер екен:
1. Артық салмақпен туылу.
2. Ата-аналарында бар семіздік.
3. 10 сағаттан артық ұйықтау.
4. Үш жасқа дейін салмақтың артық болуы.
5. Мектеп жасына жетпей тері астында майдың пайда болуы.
6. Теледидар алдында тапжылмай отырып тамақ жеу.
Соңғы, алтыншы себепке ерекше тоқталуға тура келіп отыр. Себебі қазақ баласының семіздігі көбіне нақ осы алтыншы себептен туындап отырған сыңай­лы. Мынаны қараңыз: өткен ғасырдың 90-шы жылдарында 2-4 жастағы сә­билер арасында артық салмақ барлық баланың 17 пайыздайын ғана құраса, соңғы жылдары ол екі есеге көбейіп кетіпті. Ма­мандардың айтуынша, теледидар көріп отырып тамақ жеу баланың тәбетін арттырады екен. Теледидар көріп отырып тойғанын білмей тамақ жей беру бала үшін осылай біртіндеп әдетке айналады да, оның ағзасында өзгерістер пайда бола бастайды. Ал қазіргі қазақи отбасыларда баланы алдансын деп теледидар немесе DVD-ға телміртіп қою сәнге айналып барады.Өйткені бүгінгі ата-ананың уақыты аз. Ал сәбилердің сүйіп көретін мультфильмдеріндегі кейіп­керлер де әлгі тәтті, бірақ зиян тағамдар­ды елеусіз түрде жарнамалайды. Мұндай көріністер тым көбейіп барады.
Жуырда америкалық ғалымдар назар аударарлық мәліметтерді жариялады: қазір төрткүл дүниенің 800 миллионға жуық тұрғыны ашаршылыққа жетіпті. Ойланатын жағдай. Бұл құбылыс Еуропада өткен ғасыр соңында-ақ басталған. Ал қорқыныштысы, ол енді Азия аумағына қарай ауа бастады. жағдайын­да өмір сүріп жатса, ал керісінше семіздердің саны 1 миллиард.
Бұрын бұл көрсеткіш рейтингісінде америкалық балалар алдыңғы орында болатын. Қазір Оңтүстік және Солтүстік Еуропада балалардың 15-30, ал Оңтүстік Африкадағы мектеп жасындағы сәбилердің 25 пайызы тым томпақ екен. Көрші Ресейде де соңғы жылдары томпиған балалардың саны екі есеге көбейген. Ал орташа салмақ 2 келіге артқан. Ал Қазақстандағы нақты деректі анықтау мүмкін болмады. Өйткені ресми мәлімет алу қиындау және өте көп уақытты талап етеді. Интернет беттерінен қазақстандық балалар туралы мұндай мәлімет табу қиын.
Семіздіктің болашағымызға шабылған балта екенін ұққан шетелдіктер қазір теледидарға берілетін жарнамаларды мұқият тексеріп, сүзгіден өткізуді қолға алды. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға бел буған олар тәтті әрі жасанды тамақтардың жарнамасын барынша қысқартып тастады. Тіпті онда мектептерде мұндай тағамдардың сатылуына түбегейлі тыйым салынған.
Ал бізде ше? Теледидарды қосып көріңіз. Басы қарныңды аштырмайтын «Сникерстен» басталып, соңы әдемі суреттер мен құрастырмалы пластмасс ойын­шықтармен алдайтын сағыз, «витамин-сымақ», шоколад дегеніңізден көз аша алмайсыз. Ал балалар бұрынғыдай көкке аунап, асыр салмайды. Олар теледидарға телміреді. Уақыты тығыз ата-ана үшін осы орынды әрі ыңғайлы: соңынан іздеп, не алаңдап әуре болмады. Көз алдыңда оған қоса қарны тоқ. Әрі топ-томпақ...
«Семіз» бабалар кішкентай кездерінен-ақ жүрек –қантамыр ауруына , жоғары қан қысымы және қан құрамында холестерол мөлшерінің жоғары болуна шалдығады. Осындай балалар кейін артық салмақтан оңайлықпен арыла қоймас. Тоғыз жасында артық салмағы болған баланың алдында он бір жасында да осы проблема тұрады. Ал бұл балалар есейген кезінде де артық салмақтан арыла алмауы мүмкін екендігін білдіреді.

Бір жұтым газдалған сусынның адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін білсеңіз...

Бәрімізге белгілі,  кока-кола, спрайт секілді өзге де (соның ішінде, «диетикалық») сусын түрлері бір қарағанда бойға қуат бергендей көрінгенімен олардың адам ағзасына ешқандай пайдасы жоқ. Бұл мәселенің тек бергі жағы ғана. Мұндай сусындар дені сау адамға ауру тауып берсе, сырқаты бар жандарға дерт жамап, ауруын асқындырады. Солардың бірқатарын айта кеткенді жөн көріп отырмыз:



Демікпе

Газдалған сусындардың құрамында консервант ретінде пайдаланылатын натрий бензонаты кездеседі. Натрилік консервант рационға натриді енгізіп, калиді азайтады. Ғалымдардың пайымдауынша, натрий бензонаты демікпеге, экземге ұрындырып қана қоймай аллергияны қоздырып, өзге де кері реакция тудырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет