«зерттеудің биоиндикациялық Әдістері»


Қоршаған ортаның жағдайлары мен кейбір процестердің маңызын бағалау мақсатында биоиндикаторларды қолдану



бет36/37
Дата09.09.2022
өлшемі189 Kb.
#38777
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Қоршаған ортаның жағдайлары мен кейбір процестердің маңызын бағалау мақсатында биоиндикаторларды қолдану.
Биоиндикатор (био... және грек. іndіco — көрсеткіш, анықтағыш) — организмдердің бір жерде тұрақты мекендеуі, олардың сандары, құрылымы және дамуы, табиғи процестер мен тіршілік ортасы жағдайларының көрсеткіші. Қоршаған ортаның жағдайлары мен кейбір процестердің маңызын бағалау мақсатында биоиндикатор қолдану организмдердің белгілі бір факторларға біржақты бейімделушілік қасиетіне негізделген. Мысалы, балықпен қоректенетін құстардың бір жерге көптеп жиналуы — судың сол бөлігінде балықтардың шоғырлануының, ал су микрофлорасының құрамы — оның тазалығы мен ішуге жарамдылығының, топырақ құрамы — оның құнарлылық дәрежесінің көрсеткіші бола алады. Ғарыштық зерттеулерде ғарыш факторларының организмге тигізетін әсерін анықтау үшін жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер биоиндикатор есебінде пайдаланылады.
Биоиндикатор - қандай да бір табиғат процестерінің, құраушыларының, ерекшеліктерінің немесе қоршаған ортаның өзгерістерінің бар-жоғын немесе қарқындылығын көрсететін көрсеткіш болып табылатын өсімдіктердің немесе жануарлардың (немесе тұтастай биоталық бірлестіктің) жеке түрі. Биоиндикатор бірқатар пайдалы қазбаларды іздегенде, топырақ пен табиғи суларды және тағы да басқалары бағалауда қолданылады
Биология жүйелерді класикалық экология зерттейді. Экологияда биологиялық (тірі) жүйелердің төмендегідей негізгі ұйымдасу деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: молекулалық (тендік). Жасушалық,ұлпалық, мүшелік, ағзалық, популяциялық-түрлік, биоценоздық, биогеоценоздық (экожүйелер) биосфералық.
Әрбір деңгейде қоршаған ортамен өзара әсерлесу (зат, энергия және ақпараттармен алмасу есебінен) нәтижесінде өзіне тән ерекшелікпен сипаталатын функционалдық жүйелер түзіледі.
Биоиндикатор бойынша жүйе дегеніміз «бір тұтас бүтінді түзнтнтін, реттелген түрде өзара әрекеттесетін және өзара байланысты компоненттер». Олай болса, жүйенің негізгі элементеріне компоненттер, байланыстар, шекаралар жатады
Жүйелердің үш түрін бөліп көрсетеді:
1) оқшауланған, яғни көршілес жүйелермен зат пен энергия алмасуы болмайды
2) жабық яғни көршілес жүйелермен энергия алмасады, бірақ зат алмасуы болмайды
(мысалы, космос кемесі).
3) ашық, яғни көршілес жүйлермен зат және энергия алмасуыболады. Барлық биологиялық жүйелер- ашық жүйелер. Себебі ,олар сыртқы ортамен затпен, энергиямен және ақпаратпен алмасып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет