Зерттеудің фзикалық әдістері барлық табиғи және техникалық ғылымдарда ерекше рөл атқарады



Дата02.12.2022
өлшемі15,58 Kb.
#54334

Физика - бұл уақыт, кеңістік, материя және энергияны зерттейтін табиғи, теориялық және эксперименталды ғылым, осы төрт элементтің бір-бірімен өзара әрекеттесуін зерттейді.
«Физика» термині латын тілінен шыққан, бұл «табиғатпен байланысты» дегенді білдіреді. Бұрын физика философия, математика, биология және басқа ғылымдардың бөлігі болған. Алайда 17 ғасырдағы ғылыми революциямен ол жеке ғылымға айналды.
Осыған қарамастан физика мен басқа ғылымдар арасындағы байланыс уақыт өте келе сақталды. Шындығында, физика басқа пәндер үшін ең іргелі және қажетті ғылымдардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, бұл білімнің басқа салалары зерттейтін құбылыстарды түсіндіруге негіз болады.

Физика физикалық заңдарды сипаттау үшін нақты математикалық әдістер пайдаланылатын табиғат туралы ғылым. Физикалық заңдар бойынша барлық тірі және тірі емес табиғат, біздің тамаша, керемет планетамыз Жер, сондай-ақ Күн жүйесі мен барлық әлем тірлік етеді. Өркениетті дамытудағы физиканың рөлі үлкен, қазіргі заманғы адам пайдаланатын барлығы дерлік, абиғаттың өзінен басқасы, физиктердің жаңалықтарымен байланысты:электр тоғы, рентген, радио белсенділік, авиация, компьютер және басқалары.


Зерттеудің фзикалық әдістері барлық табиғи және техникалық ғылымдарда ерекше рөл атқарады.
Физиктер дұрыс және анық болып табылатын заңдар мен логиканы танып біледі, себебі олар алғашында табиғаттың өзімен берілген. Табиғат логикасын білу тек физиктер үшін ғана емес, сонымен қатар барлық ғылыми бағыттағы, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылым саласында жұмыс істейтін ғылымдарға да қажет. Физиканы кейде іргелі ғылым деп те атайды, себебі басқа жаратылыстану ғылымдары физика заңына бағынатын материалдық жүйелердің кейбір кластарын ғана сипаттайды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет