Зерттеудің негізгі нысаны


Шона Смаханұлы және Садықбек Адамбековтің шағын прозасындағы тілдік ерекшеліктер



бет4/23
Дата27.09.2023
өлшемі352,5 Kb.
#110333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Шона Смаханұлы және Садықбек Адамбековтің шағын прозасындағы тілдік ерекшеліктер

Шона Смаханұлы және Садықбек Адамбековтің шағын прозасындағы тілдік ерекшеліктер
1. Атаулар поэтикасы және антропонимдер информативтілігі
Қазақ әдебиетінде комикалық тұрғыдағы шығармалар жазған авторлар қатары аз емес. Солардың арасында ерекше көзге түсетін авторлар ретінде С.Адамбеков пен Ш.Смаханұлын атауға болады.
Адамбеков Садықбек (15.11.1922 жылы туған, қазақ, Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Қараспан ауылы) – жазушы, ақын, драматург. Қызылорда педагогикалық училищесінде дәріс алғаннан кейін 1945-68 жылдары жазушы-журналистік қаламын «Оңтүстік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде және қазіргі «Жұлдыз», «Ара-Шмель» журналында қызмет атқара жүріп ұштады. Адамбековтің қазақ әдебиеті, қазақ сатирасы саласында өзіндік орны бөлек. «Қожанасыр қақпасы» (1981) сияқты сықақ жинақтарын берді. Адамбеков - әдебиетімізге тұңғыш рет «Атылған қыз» туралы аңыз (1969, 1977, 1988) атты роман-сатира әкелді. Оның юморлық сезімі мол, тапқырлығы дарқан, таланты күшті. Әсіресе тілі нәрлі. Халықтық тілдің әдемі сөз нақышын, сөз өрнегін, айшық-қисынын тауып қолданады.
Ш.Смаханұлының «Тотияйын» атты тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы 1959 жылы басылып шықты. Келеңсіз құбылыстарды, етектен тартар ескілік қалдықтарын, адам бойындағы кемшіліктерді сынап сықақтайтын «Қу түлкінің сыбағасы» (1961) «Көріп жүр ғой көздерің, үкімін айт өздерің» (1965), «Шымшыма» (1966), «Ұры тіс» (1967), «Алтын жұмыртқа» (1969), «Ұр тоқпағым, ұр» (1970), «Жүз шымшыма, қырық қышыма» (1974), «Қоңыраулы шеңгел» (таңдамалы, 1974), «Кездік» (1976), «Сандықтан шыққан сайтан» (1977), «Жымияды жеңешем» (1981), «Жасырайын несіне» (1983), «Өткірдің жүзі» (1985) атты сатиралық өлеңдер жинағы, тарихи тақырыпқа жазған «Үміт жұлдызы» атты повесі (1984) жарық көрді. Бірқатар ән текстерінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарық көрген.
Шона Смаханұлы әрі поэзия, әрі проза жанрында қалам тартқаны белгілі. Аталған кітаптарының ішінде «Қоңыраулы шеңгел», «Көріп жүр ғой көздерің үкімін айт өздерің» атты кітаптары поэзиялық шығармалар, ал біздің зерттеу нысанымыз сатираның проза жанры болғандықтан бұл жинақтар біздің назарымыздан тыс қалды.
Кез келген көркем шығарманың әдеби процестегі орнын, әдеби тілді байытуға қосқан үлесін көрсету үшін лингвистикалық талдаудың орны ерекше болмақ, өйткені лингвистикалық талдаудың негізгі міндеті – көркем шығармада көтерілген идеяны көрсетіп, түрлі тілдік фактілерді оларды талдау, автор бейнесін, оның өзі суреттеп отырған болмысқа қатынасын көрсету, сөздердің мағынасын түсіндіру, яғни төмендегілерді талдап көрсету:



  1. устаревших слов и оборотов, т.е. лексических и фразеологических архаизмов и историзмов (особенно внимательно должны быть проанализированы среди этих явлений архаизмы семантические);

  2. непонятных фактов поэтической символики;

  3. устаревших и окказиональных перифраз;

  4. незнакомых современному носителю русского литературного языка диалектизмов, профессионализмов, арготизмов и терминов;

  5. индивидуально-авторских новообразований в сфере семантики, словообразования и сочетаемости;

  6. ключевых слов разбираемого текста как художественного целого с тем или иным конкретным содержанием;

  7. устаревших или ненормативных фактов в области фонетики, морфологии и синтаксиса [4].

Белгілі орыс зерттеушісі Н.М.Шанскийдің бұл пікірі орыс тілінде жазылған көркем шығармаларға қатысты айтылғанмен, біздің ана тілімізде жазылған шығармалардың тілдік ерекшеліктерін көрсету үшін де басшылыққа алына алады.
Бұл орайда аталған жазушылардың шығармалары көптеген тілдік деректер беретіні сөзсіз.
Тексті зерттеушілердің бірі И.Р.Гальперин көркем шығарманың құрылымын екі түрге бөліп қарауды ұсынады:

  1. Көлемдік-прагматикалық мүшелеу (том, кітап, бөлім, тарау, тарауша, абзац, күрделі фразеологиялық тұтастық).

2. Контекстік-вариативтік мүшелеу. Мәтіннің өзгеше бөлінуі. 1. Автор баяндауы (әңгімелеу, табиғатты, кеіпкердің кескінін, жағдайларды, оқиғаның орнын т.б. суреттеу). 2. Ойталқы, бөгде сөз (диалог, дәйексөз, ортақ төл сөз) [5, 52]
Кез келген шығарманың тақырыбы (атауы) бекерден-бекер қойыла салмайтыны аян. Өйткені шығарма атауы қаламгер туындысының сығымдалған, жинақталған мазмұны деуге болады. Бұл туралы сонау 1931 жылы С.Кржижановский шығарған «Поэтика заглавия» деген кітаптан бастап, көркем мәтінді талдауға арналған ғылыми еңбектердің бәрінде дерлік айтылады [6]. Ал бұл орайда текст теоретиктерінің бірі И.Р.Гальперин өзінің «Текст как объект лингвистического исследования» деген іргелі еңбегінде: «Можно классифицировать названия по форме, содержащейся в нем СКИ или СФИ, например: 1. Название – символ, 2. Название – тезис, 3. Название – цитата, 4. Название– сообщение, 5. Название – намек, 6. Название – повествование» дей келіп, ойын төмендегіше қорытады: «это имплицитная максимально сжатая СКИ, причем, как все сжатое, она стремится к развертыванию, к распрямлению» [5]. Ғалымның соңғы пікірінің ақиқаттығын дәлелдейтін лингвистикалық зерттеулер қазірде өте көп.
Ал қазақ ғалымы Т.У.Есембеков өзінің 1991 жылы Қарағандыда шыққан «Әдеби талдауға кіріспесінде»: «Шығарманың бет-бейнесін анықтайтын нәрсе – атауы, ол жазушы идеясынан хабар беретін, туындының жанрын, стилін анықтайтын мағлұмат береді» [7] дейді де, шығарма атауларын он екі белгі бойынша топтастырады:

  1. Шығарма атауы ретінде бір кейіпкердің аты, фамилиясы, лақап аты, кәсібі, мамандығы алынуы мүмкін, бұл жағдайда оқиға сол кейіпкерге байланысты өрбіп отырады – Абай, Ботакөз, Азамат Азаматыч.

  2. Оқиғаның мезгілі мен мекені – «Орманда», «Таудағы шайқас», «Мезгіл жаз еді».

  3. Туындының негізгі тақырыбы айқындалады, басты мәселелер қойылады «Әке мен бала», «Соғыс және бейбітшілік», «Қан мен тер», «Мансап пен ұждан».

  4. Атау – сұрақ. «Кім кінәлі? », «Не істеу керек?», «Қайдасың, қасқа құлыным? », «Кім менің әкем? ».

  5. Шығарманың тақырыбына, идеясына автордың берген бағасы - «Іш пыстырар оқиға», «Мазасыз мейман».

  6. Көркем текстегі ерекше мәні бар сөз, сөйлем шығарма атауына айналады – «Ұйқым келмейді», «Күт мені».

  7. Атау ретінде пейзаж немесе портреттік деталь алынған –«Боран», «Шатқалаң», «Үркер».

  8. Шығарманың атауы оның жанрын белгілейді – «Тергеуші күнделігі», «Аңшының жазбалары», «Әзімханның әңгімелері».

  9. Меңзеу, ишарат, символ түріндегі шартты атаулар - «Жаңғырық», «Алдаспан», «Таңғы шық», «Қаһар».

  10. Сатиралық атаулар – «Жаман-Жәутік», «Даудың басы –Дайрабайдың көк сиыры».

  11. Оқиға – атау – «Жекпе-жек», «Жанталас».

  12. Мақал-мәтелдер, үзінділер де атауларға айналып кеткен – «Махаббат, қызық мол жылдар».

Байқап отырғанымыздай, екі ғалымның топтамасында көркем шығармалар атаулары мен мазмұны арасындағы байланыс жүйеленуінде айырмашылықтар бар. Алайда бұл топтаулар қалай жасалса да, автордың өзі суреттеп, жазып отырған оқиғаға көзқарасы қайтсе де көрінеді деген ойдамыз.
Ал қазақтың біртуар сөз зергері Ғ.Мүсірепов шығармаларының түпнұсқасы мен олардың орыс тіліне тәржімаланған нұсқаларын салыстыра зерттеген С.Әшімханованың «Интересно, что названия почти всех произведений Г.Мүсрепова и каждое из них требует индивидуального подхода, специального комментария» [8,77] деген пікірі біздің де ойымызды дәлелдей түсетін сияқты, яғни қарастырып отырған сатирик жазушыларымыздың әр әңгімесі атауы тұрғысынан жеке сөз етуге тұрады, өйткені текст атауы оның лексика-грамматикалық, фразеологиялық құрылымынан түзілетін семантикасынан хабар беретіні айқын.
С.Адамбековтің 1988 жылы шыққан «Атылған қыз туралы аңыз» кітабына 35 әңгіме топтастырылған екен. Солардың арасында меңзеу, ишарат, символ мәнді атаумен берілген. «Қоңқабай мен Зыпберген», «Кеңірдектің кеңесі», «Өрмекшінің ұясы», «Табақтағы көздер» әңгімелерін атасақ, «Бұрқыраған бұйрықтар», «Желіккен махаббат», «Вагон жұтқан» әңгімелері автордың көзқарасын білдіреді. Хабар мәнді тақырып берілген бірнеше әңгіме де назар аударарлық: «Екі некелі қалыңдық», «Екі дос қалай шатасты», «Сылдырлаған кілт сыры»,
Қазақтың көрнекті сатириктерінің бірі Ш.Смаханұлының сықақ әңгімелерінің атауларының текст семантикасын түзуге тікелей әсер еткенін байқаймыз. Қаламгердің «Елпекбайдың телпегі» жинағына енген әңгімелерінің атауларын былайша топтауға болады:
а) символ, ишарат, меңзеу атаулар: «Мінез», «Жетім бота», «Жасыл крепдешин және теке сақал» т.б.
ә)тезис-атау: «Операция алдында», «Әдейі ертіп келгенде» т.с.
б) оқиға – атау – «Шалдан шыққан шатақ», «Моншада жоғалған әке».
в) автор бағасын көрсеткен атаулар: «Көлеңкелі көріністер мен көңілді көріністер», «Сыншы қыз», «Қойынжардың қолтаңбасы».
Екі жазушының бұл әңгімелерінде қоғам мүшелерінің ерсі қылықтары адамгершілікке жат әдеттері, қоғам мүлкіне көзқарасы сыналып, оқырманның күлкісін тудырады, жиренішін шақырады.
Қаламгерлер әңгімелерінің атауы текст түзушілік те қызмет атқарады, яғни атауға шығарылған сөздер мағыналық ұйытқы сөз ретінде бірнеше рет тексте қайталанып, текстің соңғы абзацында сол қалпында немесе дейксис, синоним арқылы қайыра қолданылып отырады. Мысалы: «Сылдырлаған кілт сыры» әңгімесінде «кілт» сөзінің текст түзушілік қызметін көрсетейік: әңгіменің ортаңғы тұсындағы диалогке назар аударайық:
Судья қайтадан кабинетіне қарай бет бұрғанда тығыршықтай сары жігіт екі құлағы екі езуіне жетіп күлімдеп келді. Оның белбеуіне байланған бір топ кілті қуанышына үн қосқандай қозғалған сайын сылдыр-сылдыр етеді. Көп кілттің сырын түсінсін дегендей сары жігіт ары-бері белінен жылжытып қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет