Зерттеудің негізгі нысаны


Күйедей жалап, сыпыра соғу



бет8/23
Дата27.09.2023
өлшемі352,5 Kb.
#110333
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Шона Смаханұлы және Садықбек Адамбековтің шағын прозасындағы тілдік ерекшеліктер

Күйедей жалап, сыпыра соғу фразеологизмдерінің бейнелілігі, эмоционалдылығының градацияланып жоғарылауы нәтижесінде директор пікірі көрінеді. Айта кетелік, амплификация тәсілін барлық сатириктер өнімді қолданады.
Директордың қарамағындағы адамдар аузымен айтылған хабарлардағы лексемалар да бір тақырыптық топқа жататынын байқауға болады: түрлі модификациямен берілген синтаксистік конструкцияның қайталанып, оларда жағымсыз мәндегі өсекші, жағымпаз, күдік сөздері қолданылуы бұлардың пікіріне сенімсіздік тудырады. Әр кейіпкердің сөзі рет-ретіне қарай көбейе түсуінде де мән бар, өйткені директорға жақпаған Омаровты жақтырмау сезімі де соған пропорционалды түрде ұлғая түседі. Осы орайда әр кейіпкер сөзінің алдында не соңында берген автор ремаркасының ерекше әсерлі, ерекше бейнелі қызмет атқарып тұрғанын айту керек. Мәселен: Директор орнына отыруға ыңғайланғанда, атып тұрып қолтығынан сүйеген жан ашыр агроном Қалау Дәулетов тамағын кенеп, даусын түзеп алды да:

  • Бәкір бауырым! Айтсам өсекші деп ойлай ма деп ішімнен тынып отыр ем, Омаров сіз үшін қауіпті адам. Содан құтылыңыз ертерек, - деп жан-жағына мақұлдаңдар дегендей жалынышпен қарады.

  • Мен айтсам, жағымпаз деп ойлай ма деп сескеніп отыр едім, - деді бригадир Иван Иванов көзі жыпылықтап, басын шұлғи түсіп, - мен бұқарамен тығыз байланысты адаммын ғой. Омаров жұмысшыларға базаның директоры мен боламын деп өсек таратып жүр екен, содан сақ болыңыз. Ивановтан кейін орнынан ерініңкіреп тұрып, директорға қарай көзін төңкере, наздана, ойнақыланып қараған аққұба келіншек зоотехник Сара:

- Мен сөйлесем, ініңіздің көңіліне күдік келе ме деп отыр едім, - деді жұбайы Қалауға көз тастап, директорға қайта бет бұрып, - жиналыста үнемі сізді сынайтын көрінеді ғой Омаров.
Келтірілген мысалдардан байқалып тұрғанындай, автор ремаркасынан оның өз персонаждарына субъективті көзқарасы көрінеді, бұл пікірімізді көрнекті зерттеуші Кәрімовтің мына тұжырымы дәлелдей түседі: «Прозалық шығармада да… ремарканың атқаратын көркемдік қызметі елеулі. Ол әрқашан әдеттегідей сөз иесінің кім екенін, қандай жағдайда, қалай, қандай іс-әрекетпен тұстас келгенін білдірумен ғана шектеліп қала бермейді. Кейде айтылған сөздің мазмұнына не сол сөзді айтушыға автордың қалай қарайтынын неғұрлым мейлінше қысқа тәсілмен жеткізу міндеті ремаркаға жүктеледі. Автордың шығармашылық мақсатына сай ремарка елеулі көркемдік қызмет атқарады. Кейіпкерге оқушы қауым пікірін қалыптастыруға көмектеседі. Осының өзінен автор позициясы, автор образы байқалады. Сондықтан көркем әдебиет стилистикасы саласындағы талдауларда кейіпкер атынан айтылатын төл сөзге қандай мән берілсе, ремаркаға да сондай мән берілуге тиіс» [13,18].
Авторлық баяндауда бейнелі етістіктердің қызметі ерекше. Әсіресе статистикалық күйді бейнелеуде есімше эпитеттер аса әсерлі: «Таң атқанша даурығып, Омаровты әңгіме еткен Әукеевтің жанашырлары бірі папиросын тістеген, бірі шөлмегін құшақтаған күйі, бірі отырған орнында қисайған бойы қирап қалған кезінде, пысылдап, қорылдың арасынан сытылып шығып, Әукеев Алматыға тартып отырды да, үш күннен соң оралып Омаровты кабинетіне шақырып алды».
Омаровты жұмыстан босату, қайта қабылдау, қайта шығару туралы бұйрықтар «бұрқыраған» сөзінің қолданылуын уәжді етіп тұр, себебі автор Омаровтың әуреге түсуі өсекші жағымпаздардың іс-әрекетінің нәтижесі екенін сынайды.
Әңгімеде графикалық тұрғыда ерекшеленген, яғни тырнақшаға алынған сөздер кездеседі: «бөтен адам», «жан ашыр», «есіткіш құлақтары», «үйренген ақылы бойынша», «ақыл үйреніп». Жалпы алғанда тырнақша – меншіктікті, шүбә - дүдәмәлді, мысқылдау мен кекету, сөздің ауыспалы мағынада қолданылғандығын білдіру үшін қойылатын тыныс белгісі [14,143]. Келтірілген мысалдарда тырнақша иронияның екі түрін көрсетіп тұр. Алғашқы екі мысалда сөз өзінің негізгі мағынасына тікелей қарсы мәнде жұмсалып, кекесін тудырса, соңғы екі мысалда жеке сөздің мағынасы мен жалпы ситуацияның арасындағы қайшылық арқылы мысқылдау пайда болған.
Көркем мәтіндегі сөз ешқашан да өзін қоршаған сөздік ортадан тыс тұра алмайды, ол қайтсе де бір-бірімен өзара байланысты сезімдер мен ойларды жеткізу құралы болып есептеледі, сондықтан да сөз өзінің нейтралдылығын жоғалтып, қосымша реңкке ие болуы мүмкін немесе көп мағыналы сөздің бірнеше мағынасы қоса актуалденуі мүмкін.
Көркем шығарма тілін талдап, оның эстетикалық әсер-қуатын таныту қазіргі кездегі аса маңызды міндеттердің бірі, себебі тіл қазынасынан қаламгердің айтар ойына қажетті сөздерді таңдап, іріктеп қолдануы арқылы әдеби шығарманың семантикасы мен прагматикасы түзіледі.
Көркем шығарманың мазмұндық-фактілік информациясын [5] құрайтын лексика-грамматикалық құралдар арасында қолданысы ерекше назар аудартатын сөз табының бірі – етістік. Етістік тек процессуалды ұғым атауы ғана емес, қимылдың, іс-әрекеттің сынын да бейнелей алады. Сондықтан етістік көркем әдебиеттің қай жанрында болсын, атқаратын стильдік қызметі жөнінен айрықша қарастыруды қажет етеді. Етістіктің стильдік қызметі стилистика оқулықтарынан бастап, түрлі деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарында арнайы сөз болып жүргені белгілі. Қазақ лингвостилистикасында «Көркем проза тіліндегі етістіктің стилистикасы» деген тақырыпта қорғалған диссертация да бар [15].
Көркем мәтіндегі авторлық баяндауда, суреттеуде, ойталқыда етістіктің жақ, шақ, болымдылық, болымсыздық формаларын, рай категориясын, көсемше мен есімше формаларын кеңінен қолдану арқылы қаламгер етістіктің прагматикалық қызметіне ерекше екпін түсіріп, ойын мейлінше әсерлі, мейлінше анық, мейлінше дәлелді жеткізеді және шығарма семантикасын, модальділігін түзуге пайдаланады.
Мұндай мысалдарды «Молдалар «соғысы»» әңгімесінен де келтіруге болады:
1. Молдалар «астапыралланы» күңірене айтысып, бірі қақырынып, бірі түкірініп, ауыздарын сүртісіп, көздері ұясынан шығып кетті.
2. Ілінісіп, шалысып, шариғат таластырып, қайтадан бітір-зекет, намаз, жаназа мәселесін сөз еткенде имам жағы жеңіле берді.
Келтірілген сөйлемдердегі көсемше тұлғалы экспрессоидтардың жағымсыз бояуы айқын, тіпті мағыналас сөздердің реңктері ұлғайтыла, топтастырыла қолданылғаны байқалады. Бұл көсемшелерді қолданудың өзі автор позициясын анық көрсетеді, яғни өзі суреттеп отырған ситуацияны мысқылдап отырғаны көрінеді. Ал төмендегі сөйлемде ған тұлғалы есімшені пайдалану арқылы қаламгер шындыққа жанаспайтын іс-әрекетті суреттей отырып, кейіпкерінің доңғай, мақтаншақ екенінен хабар беріп, оқырманның мысқылына негіз болады.
Сондай-ақ, әңгімеден алынған төмендегі мысалдағы лексикалық қайталамалар да назар аударарлық:
Демалып келіп қайта «соғысып», ұйықтап тұрып қайта «соғысып», намаз оқып қайта «соғысып», жарықтық молдалар бұл «соғысты» үш күнге созды, ақырында жұма намаз үстіндегі «соғысқа» лейтенант Жұмашев бастаған милиция «елшілері» келіп, майдан басшылары «жауынгер» молдалармен уақытша «бітім шартын» жасасты. Осы мысалдағы соғысып етістігі мен соғыс зат есімі бірнеше қайталанып, естір құлаққа, көрер көзге ерсі іс-әрекетті ұлғайта суреттеу үшін қолданылған. Айта кетерлік бір жайт, автор өзі баяндап отырған оқиғаны сынап, сықақтап отырғанын эмоционалды-экспрессивті бояуы айқын соғысып етістігі мен соғыс зат есімін бірнеше рет қайталау, тырнақшаға алу арқылы көрсетеді, яғни лексикалық қайталама мен оны графикалық тұрғыда ерекшелеу қаламгер позициясын танытады. Мұндағы қоғамдық-саяси, әскери лексикаға жататын сөздер күнделікті күйкі тіршілікті суреттеген жалпыхалықтық қолданыстағы лексикамен стильдік контраста тұрып, оқырманның да мысқылын тудырады.
Бір ғана контексте осы шақ пен өткен шақты қатар қолдану оқырманға ерекше әсер етеді, өйткені бұл оқиғаның нақтылығын, шынайылығын айрықша нанымды, айрықша сенімді елестетеді: Сыбан молда Жамбыл мешітінен «шоқынған татардың» шатағын шешіп қайтты. Жаманқара марқұмның жаназасын қайта шығару керек. Ол үшін бір ескі киім, бір кір көйлек, кір дамбал, бет орамал қайта жуылады. Содан соң марқұмның қасқыр ішігіне бес метр ақ жібек, он метр ши барқыт, жаңа кебіс мәсі, бір құрым етік оралады. Бұл заттарды үлкен кілем үстіне салады; Қазір жарықтық молдаекемдердің бірі жағын таңып, бірі көзін байлап, бірі белін ұстап, бірі ішін басып, үш күнге созылған ұрыстан соң демалысқа шықты. Бірақ қырғи-қабақ «соғыс өрті» тұтанып, жарықтық молдалар арабша, қазақша, орысша, латынша, әркім өз білгенінше иректеп, тұс-тұсқа арыздар жолдап жатыр. Бір жақсысы, молдалар «соғысында» адам шығыны болмай, жаназа шығарылмай аман қалды, әйтеуір. Жұрт мұндай масқара оқиға қалада болып көрген емес, оны «қасиетті» молдаекеңдер ғана істеп отыр деп күледі.
С.Адамбеков шығармаларында етістік семантикасының аталған ерекшеліктеріне қоса жақ транспозициясы құбылысын да кездестіруге болады.
Сонымен, көркем шығармадағы етістік семантикасының көпқырлылығы, эмоционалдық-бағалауыштық қызметі дау тудырмайды, ол көбіне ерсі іс-әрекетті ұлғайта асыра көрсету үшін қолданылады.
Ш.Смаханұлының бірнеше кітабына кіргізілген шығармаларының жанры әр алуан. Қаламгердің қазір біз қарастырып отырған «Елпекбайдың телпегі» сықақ кітабына соңғы жылдары жазылған сықақ әңгімелері мен юморескалары енгенін аннотация байқатады. Кеңестер Одағы әлі ыдырамай тұрғанда жазылған бұл әңгімелерде дүниеқоңыздық, маскүнемдік, жемқорлық, өршіп тұрған тамыр-таныстық, отбасылық тәрбие, адам мінезінің құбылмалылығы, еліктеушілік сияқты адам, қоғамға тән түрлі кеселдер «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген Абайдың ізімен күлкі нысанына айналдырылған
Автор 1977 жылы шыққан «Сандықтан шыққан сайтан» кітабына кірген шығармаларын 4 топқа бөліп, оларды «Елпекбайдың ертегілері», «Елпекбайдың көз алдында», «Елпекбайдың шымшымалары», «Скетчтер» деп атайды. Алғашқы топ бір ғана әңгімеден тұрса, екінші топқа 21 әңгіме, ал үшінші топқа 24 шымшыма енгізілген.
Аталған жинақтағы әңгімелердің көпшілігінің баяндаушысы – Елпекбай. Ол кейбір әңгімелерде болған оқиғаларға тікелей қатысқан, кейде ол тыңдаушы, кейде оның өзі қатысқаны белгісіз болып қалады. Елпекбай деген атының өзі оның елпілдеген, аңғал, арамдығы өзіне жақпайтын, нақты ұстанымы жоқ адам екенінен хабар беретін сияқты. Автор өз әңгімелерінің ешқайсысында Елпекбайдың нақты портреттік сипттамасы мен мінездемесін бермегенмен, басқалармен әңгімесі, олардың қатысы арқылы оның кім екенін танытып отырады. Елпекбайға коммуникативті ситуативтік диалог арқылы өзі баяндап отырған құбылыс, оқиға, мінез туралы баға бергізетін автордың да ащы мысқылы мен жұмсақ юморы көрініп отырады.
«Той төресі» әңгімесінде Елпекбай куә болған оқиға суреттеледі. Той иелері мен қонақтардың сыртқы суреттерінен-ақ автордың оларды жақтырмайтыны анық байқалады. Бұл үшін жазушы коннотативті сипаты айқын эмоционалды-экспрессивті лексиканы қолданады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет