Зерттеудің статистикалық және термодинамикалық әдістері



бет27/37
Дата31.01.2023
өлшемі0,97 Mb.
#64050
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
Зерттеуді статистикалы ж не термодинамикалы дістері (1)

Жұққыштық


Тәжірибеден белгілі, судың бір тамшысы, шынының бетін бойлай ағып, 98 суретте көрсетілген пішінде болады, ал қорғасын, дәл осындай бетте сығылған пішінге ие болады (99-сурет). Бірінші жағдайда, сұйық беткі қабатқа жұғады деп , ал екіншісінде – сұйық денеге жұқпайды деп есептеледі. Жұққыштық беттесуші орталардың беттік қабаттарының молекулалары арасындағы әсер етуші күштердің сипатына байланысты. Жұққыш сұйықтың молекулалары мен қатты дене арасындағы әсер күштері, сұйықтың өз молекулаларының тартылыс күштерінен көбірек болғандықтан, ол қатты денемен жанасу бетін үлкейтуге тырысады. Ал жұқпайтын сұйықтың молекулалары мен қатты дене арасындағы әсер ету күштері сұйықтың өз молекулаларының тартылыс күштерінен аз болғандықтан, сұйық қатты денемен әрекеттесетін жанасу бетін азайтуға тырысады. Үш ортаның түйісу сызығымен үш беттік керілу күші беттескен, олар жанасушы екі ортаның ішкі бетіне жанама бойымен бағытталған ( 98 және 99-суреттер). Жанасу сызығының бірлік ұзындығына жатқызылған бұл күштер, сәйкес 12, 13, 23 беттік керілулеріне тең. Сұйық бетіне жүргізілген жанама мен қатты дене арасындағы бұрыш, жиектік бұрыш деп аталады. Қатты дене бетіне жүргізілген жанамаға түскен беттік керілу күшінің проекцияларының қосындысының нолге тең болуы, тамшының тепе-теңдік шарты болып табылады (98-сурет), яғни:

осыдан
(67.1)
(67.1) шартынан шығатыны, шеткі бұрыш 13 және 12 мәндеріне байланысты сүйір немесе доғал бола алады. Егер 13 > 12, онда cos> 0 және бұрышысүйір болады (98 сурет), яғни, сұйық қатты денеге жұғады. Егер 13 < 12, онда cos< 0 және бұрышы доғал (99 сурет), яғни, сұйық қатты дене бетіне жұқпайды. Шеткі бұрыш (67.1) шартын қанағаттандырады, егер:
(67.2)
Егер (67.2) шарты орындалмаса, онда сұйық тамшысы 2, мәні қандай болса да, тепе теңдік жағдайда бола алмайды. Егер 13 > 12 + 23 болса, онда сұйық қатты дене бетімен, жұқа қабатқа жұға отырып, ағады, (мысалы, шыны бетіндегі керосин), —мұнда абсолют жұққыштық орындалады (берілген жағдайда = 0). Егер 12 > 13 + 23, онда сұйық шар тәрізді тамшыға айналады, оның тек бір жанасу нүктесі бар болады (мысалы, парафин бетіндегі бір тамшы су), — абсолют жұққыштық емес құбылысы орын алады (берілген жағдайда = ).
Жұққыштық пен жұққыштық емес құбылыстары салыстырмалы түсініктер болып табылады, яғни, бір бетке жұққан сұйық, екінші бетке жұқпайды. Мысалы, су шыныға жұғады, ал парафинге жұқпайды; сынап шыныға жұқпайды, бірақ металдардың таза беттеріне жұғады.



98-сурет 99-сурет

Жұққыштық және жұққыштық емес құбылыстарының техникадағы мәні өте зор. Металдарды механикалық жолмен өңдеуде, оларды арнайы сұйықтарға батырып алады, бұл олардың өңделуін жеңілдетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет