Зерттеуші Исследователь – The Researcher



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата24.03.2017
өлшемі43,02 Mb.
#10350
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
96 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ 
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
АЛМАҒАМБЕТ Гулзат, 
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға 
арналған «Мұрагер» мектебінің 8 «Б» сынып оқушысы, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: АЙМАХАНОВА Акмарал Машрапханқызы, 
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға 
арналған «Мұрагер» мектебі «Биология» пәнінің мұғалімі, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖЫЛЫЖАЙ ЖАҒДАЙЫНДА БАҚША ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУДЕ 
БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ 
 
Жұмыстың    өзектілігі.  Соңғы  жылдары  адамдар  қолданатын  тағамдарының 
экологиялық  таза  болуына  көңіл  аударуда.  Бірақ  экологиялық  таза  жемістер  мен 
көкөністерді  табу  күн  артқан  сайын  қиындап  барады.  Қолданып  жүрген 
тағамдарымыздың 
қаншалықты 
таза 
екендігі, 
олардың 
қандай 
жағдайда 
өсірілгендігі, құрамына қандай зиянды заттар сіңірілгендігі ешкімге белгісіз. 
Үлкен  табысқа  жету  жолында  кәсіпкерлер  таза  өнім  алу  экологиялық 
қағидаларын  сақтауды  ұмытып  кетеді.  Көп  адамдар  өзі  тұтынатын  өнімді  үй 
жағдайында  өсіруге  кірісіп  кетті.  Олар  бұл  үшін  арнайы  жылыжайларды  немесе 
көпқабатты  үй  тұрғындары  өз  балкондарын  қолданады.  Сондықтан  жылыжай 
жағдайында әртүрлі өнім өндіру күн артқан сайын танымал болып келе жатыр. 
Жұмыстың  мақсаты:  жылыжай  жағдайында  бақша  өнімдерін  өсіру  арқылы 
халыққа оның танымалдығын арттыру. Осы мақсатта үй жағдайында көкөніс өсіріп, 
оған  акваруим  суын  қолдануды  жөн  көрдім.  Оның  экологиялық  таза  өнім  алу  үшін 
қаншалықты  пайдалы  екендігін,  оның  құрамында  бізге  қажетті  элементтердің 
пайызы қаншалықты екенін анықтауды мақсат еттім. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
97
Жұмыстың  міндеттері:  қоршаған  ортаға  және  адам  ағзасына  экологиялық 
ластанған  өнімдердің  қаншалықты  зиян  екендігіне  әдеби  шолу  жасау;  халық 
арасында  жылыжай  жағдайында  өсірілген  өнімдердің  қаншалықты  пайдалы 
екендігін  жөніндегі  білім  деңгейін  айқындау;  дала  жағдайында  сату  жолында 
өндірілген  өнімдер  мен  жылыжай  жағдайында  экологиялық  талапқа  сай  өсірілген 
өнімдерді салыстыру. 
 
 
 
Зерттеу жұмысының әдістері: 1) әдеби шолу; 2) тәжірибе жүргізу. 
Кіріспе.  Адам  организімінің  тіршілігі  денеге  қуат  беретін  қоректік  заттарды 
қабылдап,  оларды  қорыту  арқылы  сақталады.  Тамақ  құрамындағы  қоректік  заттар 
организмде  қорытылып,  оттегінің  қатысуымен  болатын  тотығу  барысында  энергия 
бөледі.  Қоректік  затардың  осы  өзгерістерінің  нәтижесінде  адамның  денесінде  зат 
алмасудан  пайда  болған  организмге  қажетті  заттармен  қоса,  қажетсіз,  тіпті  денені 
уландыратын  заттар  да  пайда  болады.  Мұның  бәрін  тасымалдау  қызметін  денедегі 
қан атқарады. 
Қан  бүкіл  денені  аралап,  оның  ұлпаларындағы  клеткалардағы  заттың 
алмасуына қажетті  химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді.  Мұнымен 
қоса,  дененің  тұрақты  температурасын  сақтауға  қатысады,  организмнің  имундық 
қасиеттерін  қамтамасыз  етеді  және  мүшелердің  қызметін  гуморальдық  реттеуге 
қатысады.  Адам  денесіндегі  эритроциттердің  өмір  ұзақтығы  90-120  күндей,  бірақ 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
98 
олар  үнемі  жаңарып  отырады.  Ескілері  бауырда  және  басқа  мүшелерде  ыдырап, 
жаңа жас эритроциттер сүйек кемігенде өндіріліп, қан айналымына қосылады. 
Алғашқы аптадағы эритроциттер ыдырағанда босайтын темір иондары сәбидің 
терісінде қор ретінде жиналады да, тотығып, баланың терісі сарғыш тартады. Мұны 
«сәбидің  сары  ауруы»  деп  атайды,  бірақ  ол  жұқпалы  Боткиннің  сары  ауруына 
байланысты  емес,  қордағы  темірдің  тотығуынан  болған.  Кейіннен  терідегі  темір 
иондары  жаңа  қан  клеткаларын  түзуге  пайдаланылады  да,  терінің  түсі  дұрыс 
қалпына келеді. 
Лейкоциттер – ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 
мың  лейкоциттер  болады.  Баланың  имундық  қабілеті  лейкоциттерге  байланысты. 
Лейкоциттер  бала  организмінің  жұқпалы,  яғни  инфекциялық  ауруларға  қарсы 
тұруын  қамтамасыз  етеді.  Қан  клеткаларының  бұл  маңызды  қызметін  Нобель 
сыйлығының лауреаты, орыс ғалымы И.И. Мечников ашқан. 
Қанның  түзілуі  және  қан  жүйесін  реттеу  механизмі.  Қан  түзілуі  –  қанның 
формалық  элементтерінің  қалыптасуы  және  дамуы.  Эритропоэз  –  эритроциттердің 
пайда  болуы,  лейкоцит  тромбоцитопоэз.  Эритроциттер,  гранулоциттер,  моноциттер 
және тромбоциттер сүйектің қызыл кемігінде дамиды (жалпақ сүйектер мен түтікше 
сүйектердің метафазасында). Оның массасы бауыр массасына тең – 1,5-2 кг. 
Лимфоциттер  сүйек  кемігінде,  басқа  да  жерде,  лимфа  түтікшелерінде, 
лимфондты реттелуінде түзіледі. Тәулігіне 200-250 млрд. эритроциттер пайда болып 
және  соншама  бұзылады.  Эритропоэздің  ең  бастапқы  клеткасы  эритробласт  болып 
табылады.  Біртіндеп  пронормбластқа,  безофилді,  полихрома  тофилді  және 
оксифильді, пормобласторға ауысып, айналып отырады. 
Оксифильді  нормобласт  кезеңінде  ядроны  ығыстырып,  шығарып  жіберіп, 
эритроцит  нормоцит  түзеді.  Кейде  ядросын  рейтикулоциттерді  түзеді.  Бұл 
элементтердің  құрамында  болатын  зат  боялғанда  түрі  торға  ұқсас  болып  келеді. 
Рейтикулоциттер тірілеу  болады. Оның мөлшері  дені сау  адамның қанында 1%-дан 
аспайды.  Сүйектің  қызыл  кемігенін  шыққаннан  кейін  (20-40  сағаттан  кейін)  қанды 
рейтикулоциттер  өзінің  ерекше  затын  жоғалтып,  ересек  эритроцит  нормоциттерге 
айналады. Рейтикулоциттердің қандағы санына қарай эритропоэздің даму қарқынын 
білуге  болады.  Сондықтан  да  эритропоэздің  активтілік  көрсеткенін  білдіруші 
ретикулоцитоз деп есептейді. 
Эритроцит  қалыптасуына  керекті  құрылыс  материалдарымен  бірге  оны 
ынталандырушы процестер керек. Гемді синтездеуге гем керек болса, оның тәуліктік 
қажеттілігі  20-25  мм.  Осының  95  пайызын  ағзасы  бұзылған  зритроциттің 
құрамындағы  гемоглабиннен  алады.  Ал  тек  қана  5  пайызын  тағамның  құрамымен 
келеді.  Эритроциттер  бұзылғаннан  кейінгі  темір  ажырап,  сүйектің  қызыл  кемігінде 
гемоглобин  түзілуге  қатысады  және  бауырда  ішектің  кілегей  қабатында  ферритин 
түрінде қорланады. Ал гемосидерин түрінде сүйектің қызыл кемігінде, бауырда көк 
бауырда  қорланады.  Қорларда  1-1,5  г  темір  болады.  Олардың  жұмсалуы 
эритропоэздің  қарқынына  байланысты.  Депрдан  және  темірді  тасымалдау 
трансферрин тамақтың құрамындағы темірді сіңіру іске асады. 
Эритропоэзге  керекті  заттың  бірі  витамин  С.  Темір  алмасудың  барлық 
кезеңдерінде  қатысады.  Витамин  В.6  гем  синтезінің  алғашқы  фазасына  әсер  етеді. 
Витамин  В.2  эритроциттің  липидтік  формасын  түзеді.  Пантоген  қышқылы 
фосфолиттерді  синтездеуге  қатысады.  Эритроциттердің  тіршілік  мерзімі  –  120  күн. 
Оны әртүрлі әдістермен анықтауға болады. 
Қанның  ұюы.  Қанның  ұюы  –  бірқатар  заттар,  оның  ішінде  бірнеше 
ферменттер,  кальций  ионы  және  т.б.  заттар  қатысатын  өте  күрделі  процесс. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
99
Фибриногеннің  фибренге  айналу  құбылысы  қан  ұюының  негізін  құрайды.  Айқыш-
ұйқыш  орналасқан  фибрин  жіпшелері  жиі  топ  құрайды,  оның  тұйықталған 
ішектеріне қанденешіктері тұтылып қалады. Қан ұюының маңызы анық байқалады, 
ұйыған  қан  жарақаттанған  тамырдың  саңылауын  бітеп  қалады  да,  қан  кетуі 
тоқталады.  Егер  қан  ұйымайтын  болса,  болар-болмас  жарақаттанудан  кейін 
тоқтаусыз қан кетіп, мұның ақыры өлімге душар еткен болар еді. 
Хирургиялық операция кезінде қанның көп немесе аз кетуі көбінесе ауру адам 
қанының  уюы  жылдамдығына  байланысты.  Қанның  кейбір  адамдар  да  баяу 
ұйыйтындығы соншама, тіпті кішкене ғана жарақаттың өзі ұзақ қан кетуіне себепші 
болады.  Операция  жасалу  алдында  дәрігер  аурудың  қаны  қаншалықты  уақытты 
ұйитынын білу үшін оның қанын тексереді. 
Лейкоциттер.  Тұндырылған  қанның  төменгі,  күңгірт-қызыл  қабатын  жауып 
жататын  ақшыл  жұқа  қабықша  қанның  ақ  түйіршіктерінен  немесе  лейкоциттерден 
тұрады.  Оларды  жалған  аяқтарын  шығарып,  алиба  тәрізді  пішінін  өзгерте  алатын 
және  ол  арқылы  қан  тамырларының  қабырғасы  бойымен,  тіпті  қан  ағысына  қарсы 
қозғала алатын қабілеті үшін кейде кезеген клеткалар деп атайды. Олар өте ұсақ қан 
тамырларының  жұқа  қабырғаларының  аралығынан  қысылып  өте  отырып,  клетка 
аралық қуыстарға барады да, тканьдерді кезіп жүреді. 
Сыртқы  түріне,  құрылысы  мен  қасиеттеріне  қарай  лейкоциттердің  негізгі  үш 
түрін  ажыратады:  түйіршікті  лейкоциттер  ішінде  түйіршіктерінің  әр  түрлі  түске 
боялу  қабілетіне  қарай  неитрофилдерді,  эозинофилдерді,  базофилдерді  бөліп 
көрсетеді. 
Қанның  ұюына  қарсы  механизмдер.  Қанның  ұюына  көптеген  мумкіндіктер 
болатынын  сіздер  жоғарыда  айтылған  мәселелерден  байқадыңыздар.  Бірақ  қан 
барлық  уақытта  сұйық  күйінде  айналыста,  қозғалыста  болады.  Қанның  ұюы  ол  – 
екінші  бір  құбылыс,  қорғаныштық  қасиеті.  Бұл  жағдайда  табиғи жағдайда  сақтауы, 
біріншіден,  сұйық  күйін  сақтау  ерекшелігімен  қан  тамырларының  қабырғасының 
жағдайы:  1.  Қан  ұюын  болдырмаушы  қан  тамырының  жылтыр,  тегіс  беткейі.  2. 
Тамыр  қабырғасы  мен  қан  клеткалары  теріс  зарядталған,  сондықтан  оның 
қабырғасын  қан  керіп  отырады.  3.  Қан  тамырларының  қабырғасы  ерігіш 
фибриндерден, әсіресе тромбинді сорып алып отырады. 4. Қанның ұюына кері әсер 
тигізуші 
оның 
ағысының 
жылдамдығы. 
5. 
Қанның 
құрамында 
табиғи 
антикоагулянттардың болуы, қанның сұйықтық күйде болуын қамтамасыз етеді. 
И.П.  Павлов  1887 жылы  өкпеден  ағып  шыққан  қан  өкпеге  ағып  келетін  қанға 
қарағанда  баяу  ұйыйтындығына  көңіл  бөлген  болатын.  Ол  бұл  құбылысты  былай 
түсіндірген. Өкпеден келіп түскен зат қанның ұю процессін тежейді. Адам ағзасында 
болатын  антикоагулянттарды  екі  топқа  бөлуге  болады.  Бірі  –  бастапқы  негізін 
салушы  немесе  алғашқы,  бірінші,  екіншісі  –  қан  ұю  процесінде  және  фибринолиз 
кезінде пайда болатын екінші топ. 
Жүректің қанды ағызуы және таратуы. Жалпы қан көлемінің 80-85% үлкен 
қан айналу шеңберінің қалған бөлігі кіші өкпе бөлігінде болады. Жүрек – 9%, үлкен 
вена  –  34%,  өкпе  тамыры  –  12%,  үлкен  артерия  –  8%,  майда  артерия  –  5%, 
артериолдарда  –  2%,  майда  веналар  мен  венозды  син  –  25%.  Жүрек 
қарыншаларының  жиырылғандағы  қанның  минутына  көлемі  деп  бір  минут 
жиырғандағы  шығатын  қанды  айтады.  Жүректің  салмағы  250-300  г.  Жүретің 
соғысындағы тонын фонендоскоп арқылы зерттеп білуге болады. 
Қанның  ұюын  реттеу.  Бұдан  бұрын,  өткен  ғасырдың  алғашқы  кездерінде  В. 
Кенноның  айтуы  бойынша,  жанға  батырып  тітіркендіргенде  қорыққанда, 
ашуланғанда,  былайша  айтқанда,  симлатикалы  жүйке  жүйесінің    қозуынан  және 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
100
адреналиннің  көп  бөлінуінен  қанның  ұю  процесінің  жылдамдығы  артатынын 
байқаған. Бұл құбылыс барлық стресс жағдайында байқалады. Мысалы, 8-40 минут, 
3-4 минутқа дейін уақыт төмендейді. Әрине, гинюркоагуляция құбылысының болуы, 
симпатикалық  жүйкенің  және  стресс  фактордың  әсерінен  адреналин  мен 
норадреналиннің әсері деп тұжырымдауға болады. 
Гиперкоагуляцианың 
себебі 
адреналин 
қан 
тамыры 
қабырғасынан 
тромбопластинді босатып, қанға жібергенде, ол тез арада тканьдік протромбиназаға 
айналады.  Сонымен  қатар  адреналиннің  әсерінен  қан  тамыры  қабырғасынан 
остикоагуляктарда  бөлініп  шығады.  Бірақ  ең  басты  анықтаушы,  басымдық 
көрсетуші,  қуатты  тромбопластин  болып  саналады.  Сондықтан  да  қан  тамырлары 
қан  ұюын  реттеуші  басты  эффектор  деп  есептеледі.  Осындай  қызметті  орындаушы 
мүшелер бүйрек және асқазан ішектер деп айтуға болады. 
Қаназдық.  Эритроцит  санына  және  мөлшеріне,  сонымен  қатар  оның 
құрамындағы гемоглобинге байланысты анемияның бірнеше түрлері болады: 
1.  Нормоцитарлы  және  нормоэромды.  Эритроциттің  мөлшері  және 
гемоглобиннің құрамы өзгерілмеген, бірақ эритроцитің саны азайған. Бұл жағдай қан 
кеткенде байқалады. Оның нәтижесінде плазма эритроцитке қарағанда, тез қалпына 
келген жағдайда болады. 
2. 
Микроцитарлы 
және 
гипоэромды. 
Мұндай 
қаназдықты 
темір 
жетіспегендегі қаназдық деп атайды. 
3.  Макроцитарлы  және  гиперхомды.  Эритроцит  саны  төмен,  бірақ  оның 
мөлшері  және  Hb  жоғары.  Бұл  жағдай  перницитозды  қаназдық  деп  аталады.  Бұл 
сыртқы фактор В12 жетіспеуінен немесе ішкі фактор асқазанның кілегей қабатынан 
өну процесінің азаюынан болады. 
4.  Апластикалық  қаназдық.  Сүйектің  қызыл  кемігендегі  эритроцит  түзілу 
процесінің бұзылуы, рентген, т.б. 
5.  Орақ  тәрізді  клеткалы  қаназдық.  Орақ  тәрізді  клеткаларының  болуынан 
эритроциттің  формалары  дұрыс  емес,  соның  нәтижесінде  оттегіні  тасымалдау 
процесі бұзылған. Бұл қаназдық тұқым қуалайтын процесс. Олар араб цифрларымен 
белгіленеді (ИЛ1, ИЛ-2, т.б.). 
Қанның тобы. Қанның плазмасы. Қан – ішінде көптеген қан денешіктері бар, 
мөлдір  емес,  қызыл  түсті  сұйықтық.  Қан  тамырынан  шыққан  қан  желеге  ұқсас 
қойыртпақ  түзіп,  тез  ұйиды.  Қымыздың  қышқыл  натрий  немесе  ұюға  кедергі 
жасайтын  басқа  зат  қосу  жолымен  қанды  ұйытпауға  болады.  Мұндай  ұйымайтын 
қанды тұндырудан кейін одан екі қабат айқын көрінеді. 
Төменгі  қабат  қан  денешіктерінен  тұрады,  ол  мөлдір  емес,  күрең-қызыл  түсті 
және  жұқа  келген  ақшыл  қабықшамен  қапталған.  Жоғарғы  қабат  –  мөлдір,  сәл 
сарғыштау  түсті  сұйықтық:  ол  плазма  деп  аталады.  Плазманың  90%  су,  хлорлы 
натрий,  көмір  қышқыл  натрий  және  басқа  кейбір  органикалық  тұздар  1%  болады. 
Қалған  мөлшері  белоктың,  жүзім  қантының  және  басқа  көптеген  заттардың  өте  аз 
үлесіне келеді. Плазмада сондай-ақ газдар, атап айтқанда, оттегі мен көмір қышқыл 
газы болады. 
Плазманың құрамына қасиеттері жөнінен өзара айырмашылықтары бар әртүрлі 
бірнеше  белок  кіреді.  Олардың  бірі  –  көптеген  мөлшерде  кездесетін  фибриноген 
ерімейтін  күйге  өтіп,  ерітіндіден  қойыртпақ  түзетін  өте  жіңішке  жіпшелер  тұнады. 
Бұл  белоктың  ерімейтін  түрі  фибрин  деп  аталады.  Оны  жануардың  қан  тамырынан 
жаңа  ғана  алынған  қанды  шырпымен  араластыру  арқылы  алуға  болады,  шырпыға 
фибриннің талшықты жіпшелерінің массасы жиналады. Фибринді алып тастағаннан 
кейінгі қан ұйый алмайды. Оны тұндырудан кейін қан денешіктер қабатының үстіңгі 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
101 
жағында  сарысу  деп  аталатын  сарғыштау  түсті  мөлдір  сұйықтық  қалады:  оның 
плазмадан айырмашылығы – онда фибриноген болмайды. 
1901  жылы  Австрия  ғалымы  К.  Ландшгейнер,  1903  жылы  Чех  ғалымы  Ян 
Янский эритроциттерде – агглютиногендер көрсетті. Бұлар екеуі де бірге немесе бір-
біреуден  таралуы  мүмкін  немесе  болмауы  да  мүмкін.  Плазмада  аглютин  А  және  В 
аттас жабысқақ кездескенде болады. Мысалы: А+а; В+в; АВ+ав. 
Жер 
бетіндегі  әр 
түрлі 
елдердің 
адамдарының 
қанын 
зерттегенде 
әрқайсысының қан тобы әртүрлі болған. 40-50% адамдар – 1 топқа, 10-20% адамдар 
– 2 топқа, 30-40% адамдар – 3 топқа, 5% адамдар – 4 топқа жататындығы анықталды. 
Осы  еңбегі  үшін  1930  жылы  К.  Ландинтейнерге  Нобель  сыйлығы  берілді.  Осы 
сыйлықты  тапсыру  мерекесінде  ол  көрегендікпен:  «Жер  бетіндегі  адамдарының 
санының  өскеніне  байланысты  қан  тобының  саны  және  жаңа  агглютиногендер 
ашыла  бастайды»,  -  деп  айтқан.  Осы  айтылған  болжамы  шындыққа  айналды.  Тек 
АВО жүйесінде әрбір агглютиннің бірнеше варианттары бар. Ал агглютиноген А-10 
түрлі  вариантта  болады.  Айырмашылығы  тек  А  варианттында,  ол  өте  күшті,  ал 
қалған  А2-А7  варианттындағы  агглютининдер  қасиеті  нашар,  әлсіз.  Сондықтан  да 
осындай адамдардың қандарын қателесіп, 1-ші топқа жатқызуы мүмкін. Әсіресе, осы 
топтағы  қанды  1  және  3  топтағы  қаны  бар  адамдарға  құйғанда  қиын  жағдайға 
ұшырауы мүмкін. 
Қан  және  оның  атқаратын  қызметі.  Қан  –  қызыл  түсті,  мезодермадан 
түзілетін  сұйық  ұлпа.  Ол  ұлпалық  сұйықтық  лимфамен  бірігіп,  организмнің  ішкі 
ортасын  құрайды,  денеде  көп  қырлы  қызмет  атқарады,  солардың    арасында 
бастылары: - Тасымалдаушы қызмет – қан торшаларға қорек жеткізіп, олардан алып 
шыққан  алмасу  өнімдерін  бөлу  мүшелеріне  тасымалдайды.  Қан  мен  денеге 
гормондар  таралып,  ұлпаларға  оттегі  жеткізіледі,  торшалардан  көмір  қышқыл 
алынып  кетіледі;  -  Қорғаныстық  қызмет  –  қанның  ақ  түйіршіктері  фагоциттік 
белсенділік көрсетеді және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып 
отырады;  -  Жылу  реттеуші  қызмет  –  толассыз  айналыста  болудың  арқасында  қан 
денеде  жылудың  біркелкі  таралуына  мүмкіндік  береді.  Қанның  жәрдемімен 
жылудың  артық  мөлшері  тері  арқылы  сыртқы  ортаға  бөлінеді;  -  Байланыстырушы 
қызмет  –  әртүрлі  торшалар  мен  мүшелер  әрекеті  кезінде  түзілген  өнімдер  мен  ішкі 
секреция  бездері  бөлген  гормондарды  тасымалдап,  қан  организм  торшаларын 
ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады. 
Қан  әртүрлі  торшалар  жиынтығы  болып  табылады.  Ол  сұйық  зат  –  плазмадан 
және  қан  түйіршіктерінен,  қызыл  түйіршіктерден,  ақ  түйіршіктерден  және  қан 
табақшаларынан тұрады. 
Қанның  шеңбер  бойымен  қозғалуы.  Жүрек-тамыр  системасын  толтырып 
тұратын  қан  шеңбер  бойымен  үздіксіз  қозғалыста  болады.  Жүрек  қанды  айдайтын 
насос  рөлін  атқарады.  Ол  тұтас  перде  арқылы  оң  және  сол  жақтағы  жартыға 
бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзара байланысатын екі камерадан – жұқа қабырғалы 
құлақшадан  және  етті  қарыншадан  тұрады.  Қанды  жүректен  дененің  әр  түрлі 
мүшелеріне  жеткізетін  қан  тамырлары  артериялар  деп,  ал  жүрекке  жеткізетін  қан 
тамырлары  веналар  деп  аталады.  Сол  жақ  қарыншадан  ең  ірі  артерия  –  қолқа 
басталады. Алдымен ол жоғары қарай, одан соң доға жасай отырып, омыртқа жотасы 
бойымен  төмен  қарай  бағытталады.  Қолқаның  жоғарғы  бөлігінен  басқа  және  қолға 
қан  жеткізетін  ірі  артериялар  таралады;  одан  төменіректе  тұла  бой  бұлшық  еттері 
мен  құрсақ  ішіне  қан  жеткізетін  тарамдар  кетеді;  бел  омыртқалары  тұсында  қолқа 
аяқты қанмен қамтамасыз ететін екі артерияға бөлінеді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
102
Ірі артериялар көптеген тармақтарға бөліне келе, дененің барлық учаскелеріне 
қан  жеткізетін  өте  ұсақ  қан  тамырларын  түзеді.  Өте  ұсақ  артериялардан  шаштай 
жіңішке  қан  тамырларының  немесе  капиллярдың  жиі  торы  таралады.  Олар  адам 
шашынан  әлдеқайда  жіңішке  болады.  Олардың  ұзындығы  да  шамалы  –  1  мм-ден 
кем.  Капиллярлардың  жалпы  мөлшері 
шамамен  триллионға  жетеді 
деп 
жорамалданады.  Бір-бірімен  қосыла  келе  капиллярлар  веналарды  түзеді,  ал  олар 
өзара  қосылу  жолымен  біртіндеп  едәуір  ірі  веналарға  айналады.  Ең  ірі  екі  вена  – 
жоғарғы және төменгі қуыс веналар арқылы қан бүкіл денеден жүрекке, оның оң жақ 
құлақшасына қайтып оралады. Сол жақ қарыншадан оң жақ құлақшаға дейінгі бүкіл 
осы жол қан айналымының үлкен шеңбері деп аталады. 
Қан айналымның кіші немесе өкпелік шеңбері оң жақ қарыншадан басталады, 
қан  одан  өкпе  артериясы  мен  оның  тармақтары  бойымен  оң  жақтағы  және  сол 
жақтағы  өкпеге  барады.  Ұсақ  артериялар  өкпеде  өзара  қосыла  келе,  веналарды 
түзетін  капиллярлаврға  тармақталады.  Қан  айналымының  үлкен  шеңберіндегідей, 
ұсақ  веналар  едәуір  үлкен  веналарға  бірігеді.  Төрт  өкпе  венасы  бойымен  қан 
жүректің сол жақ құлақшасына келеді де, осы жерде кіші шеңбер аяқталады. 
Артерия және вена қаны. Қан айналымының үлкен шеңберінің артерияларымен 
ағатын  қан  оттегіне  қаныққан.  Мұндай  қан  артерия  қаны  деп  аталады. 
Капиллярларда  қан  оттегінің  едәуір  бөлігінен  айырылып,  көмір  қышқылына 
қанығады.  Оттегіне  кедей  және  көмір  қышқылына  бай  қан  вена  деп  аталады.  Вена 
қаны  айналымының  үлкен  шеңберінің  бойымен  жүректің  оң  жақ  бөлігіне,  ал  одан 
өкпелік  шеңбер  артерияларына  келеді.  Өкпелік  капиллярларда  ол  көмір 
қышқылының  артық  мөлшерінен  арылып,  оттегіне  қанығады.  Демек,  өкпелік 
шеңбердің  артерияларына  вена  қаны,  ал  өкпелік  шеңбердің  веналарында  –  артерия 
қаны болады. 
Ткань  сұйықтығы  және  лимфа.  Қан  тамырларындағы  қан  мүшелері  мен 
тканьдердің  клеткаларымен  тікелей  жанаспайды.  Жалпақ  клеткалардың  бір 
қабатынан  тұратын  капиллярлардың  жұқа  қабырғасы  қанды  клеткалар  арасындағы 
саңылаулар  мен  қуыстарда  болатын  ткань  сұйықтығынан  бөліп  тұрады.  Бұл 
сұйықтықты организмнің  ішкі  ортасы  деп  атайды,  өйткені  ол  тікелей  клеткалармен 
жанасып  тұрады.  Клеткалар  одан  оттегі  мен  қоректік  заттарды  сіңіріп,  оған  көмір 
қышқылы мен зат алмасудың басқа өнімдерін  береді. Ткань сұйықтығының үлесіне 
дене  салмағының  шамамен  50%  келеді.  Өзінің  құрамы  жөнінен  оның  қаннан 
айырмашылығы бар; онда мысалы, белоктар жоқ дерлік, ал қанда ол 70% шамасында 
болады.  Ткань  сұйықтығының  артық  мөлшері  лимфа  тамырлары  деп  аталатын 
ерекше  тамырларға  келеді.  Олар  әдетте  тканьдерде  көмескі  қапшықтар  түрінде 
басталып, жиі тор түзеді. Бастапқы лимфа тамырлары бір-бірімен қосыла келе едәуір 
ірі  тамырлар  түзеді.  Олардың  ішіндегі  лимфа  сұйықтығы  ең  ақырында  екі  лимфа 
ағынымен  қан  айналымының  үлкен  шеңберінің  жүрекке  жақын  орналасқан  ірі 
веналарына құйылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет