Жҧмыстың нәтижесі мен қорытындысы. Жел энергиясы туралы теориялық
сауаттылықты тҽжірибемен ұштастыра отырып, табиғатқа жҽне адамға пайдалы жел
қондырғыларының ҿмірде пайдасы бар екендігі дҽлелденді.
Кіріспе. Адамзат жел қуатын ерте заманнан бері пайдаланып келеді. Желкенді
қайықтар мен кемелерді есімізге түсірейік. Ал жел диірмендерді алғаш рет біздің
дҽуірімізге дейінгі 200 жылдары Персияда астық тарту үшін пайдаланған. Ислам
ҽлемінде кең тараған диірмендерді 13 ғасырда крест жорықшылары Еуропаға алып
келеді. Жел айналдыратын алғашқы диірмен XVI ғасырда Данияда ойлап табылып,
оны ұн тартуға, батпақты жердің суын құрғату үшін пайдаланды. 1890 жылы тұңғыш
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
138
жел электр стансасы іске қосылды. Одан бері Еуропа елдерімен қоса, Қытай,
Жапония, Мысыр, Үндістан секілді елдер ҿз ҿндірісінде қолданып келеді. АҚШ
күштілігі 35161 Мвт жел электр стансаларын салу арқылы ҽлемнің
кҿшбасшылығына шықты. Дания тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз
етуде алдыңғы орында тұр. Қозғалатын ауаның – желдің энергиясын пайдалануға
арналған құрылысты жел двигательдері деп атайды. Желдің энергиясы кейде
«кҿгілдір кҿмір» энергиясы деп аталады.
Энергияның бұл түрінің ауыл шаруашылығында үлкен маңызы бар. Онда жел
двигательдері кҿптеген түрлі жұмыстарды (ұн тарту, су шығару, балшық илеу т.с.с.)
орындай алады.
Жел – энергияның арзан, бірақ ҿте тұрақсыз кҿзі. Сондықтан жел осы уақытқа
дейін жҿнді пайдаланылмай келеді. Ҿнеркҽсіптің, ҽсіресе ауыл шаруашылығының
мұқтаждарына пайдалану мақсатымен тек кейінгі жылдарда ғана жел энергиясына
кҿңіл бҿліне бастады.
Қазіргі таңда Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын
кеңінен жҽне мол ҿндіруге болады. Республикамыздың барлық ҿңірлерінде жел
қуаты жеткілікті.
Жел энергиясының ерекшеліктері. Жел энергиясы – жел энергиясын
механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін,
ҽдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын
энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды
пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады.
Елімізде арзан электр энергия кҿздерін іздеу мақсатында «Қазақстанда 2030
жылға дейін электр энергиясын ҿндіруді дамыту туралы» мемлекеттік бағдарламаға
сҽйкес, жел күшімен ҿндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына
қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын
электр энергиясы қуатын кеңінен жҽне мол ҿндіруге болады.
Жел энергиясы атмосферадағы ауа массаларының кинетикалық энергиясын
электр энергиясы, жылу немесе басқа да энергия түрлеріне айналдыру үшін
қолданылады. Энергияның бір түрден екінші түрге ҿзгеруі жел генераторлары
(электр тоғын алу үшін), жел диірмендері (механикалық энергия үшін) жҽне
басқа да агрегаттар кҿмегімен жүзеге асады.
Жел генераторларының қуаттылығы генератор қалақтарының ауданына
тҽуелді. Мысалы, даниялық компания Vestas шығарған қуаттылығы 3 МВт (V90)
турбинаның жалпы биіктігі 115 метр болса, мұнара биіктігі 70 метр жҽне
қалақ диаметрі 90 метрді құрайды.
Жел энергиясын ҿндірудің ең тиімді жерлері ретінде жағалау аймақтары жҽне
биік тау шыңдары қарастырылады. Теңізде, жағадан 10-12 шақырым қашықтықта
офшорлық жел электр фермалары салынады. Жел генераторларының мұнаралары
тереңдігі 30 метрге дейін қағылған қадалы іргетастартарға қондырады.
Жаңартылатын энергия – күн жарығы, жел, су, су толқыны, геотермиялық
жылу секілді сарқылмас, қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан түзілетін
энергия.
Күн энергетикасы (гелиоэнергетика; грекше helios – күн жҽне энергетика) – күн
энергиясын ҽр түрлі амалдар арқылы (электр энергиясын жҽне жоғары
температуралы
жылу
ҿндіретін гелиоэлектростанциялар, күн
элементтері
мен батареялары, үй-жайларды, жылыжайды жҽне т.б. жылыту мақсатымен тҿмен
температуралы жылу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары жҽне т.б.)
пайдалану. Мысалы, Батыс Еуропада тұрмыста күн коллекторын пайдаланады.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
139
Жел генераторлары іс жүзінде қазбалы жанар-жағар май қолданбайды.
Қуаттылығы 1 МВт жел генераторы 20 жыл бойғы қолданысымен 29 мың тонна
кҿмір, 92 баррель мұнай үнемдеуге мүмкіндік береді. Жел энергетикасы – жел
энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің
теориялық негіздерін, ҽдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын
энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды
пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады.
Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен жҽне
мол ҿндіруге болады. Республикамыздың барлық ҿңірлерінде жел қуаты жеткілікті.
Жел энергиясының басқа энергия кҿздерінен экологиялық жҽне экономикалық
артықшылықтары кҿп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын
жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты
пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия кҿздерімен
кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік
аймақтарында су электр стансалары мен жел электр стансаларын біріктіріп, электр
энергиясын ҿндіру ҿте тиімді. Қыс айларында жел күші кҿбейсе, жаз айларында
азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында кҿбейеді. Сҿйтіп,
энергия ҿндіруді біршама тұрақтандыруға болады.
Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте, Еуразия
мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының кҿлемі ауысатын, Орталық
Азиядағы «жел полюсі» деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол
екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10-12 шақырым, ұзындығы 80 шақырым) табиғи
«аэродинамикалық құбыр» болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш – Алакҿл
ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел
ерекшеліктерін зерттеу нҽтижесінде оның электр энергиясын ҿндіруге ҿте тиімді
екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан
болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа
жылдамдығы 6,8-7,8 м/с, ал жел электр стансалары 4-5 м/с-тен бастап энергия бере
бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа ҿзгеруі сирек болуына байланысты мұнда
турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000
МВт-тан астам деп болжануда. Бұл ҿте зор энергия кҿзі.
Жел энергиясын пайдалану жолдары. Жел энергиясының пайдаланылуы –
электр энергиясын ҿндіру үшін жҽне ҽр түрлі механизмдерді (су сорғысы, ұн
тартатын диірмен жҽне т.б.) ҽрекетке келтіру үшін желдің механикалық энергиясын
жел электр станциясы арқылы пайдалану. Энергияның қалпына келетін кҿзіне
жатады. Қуаты 50-100 киловатт (мұнарасының биіктігі 15-25 м) электр станциялары
едҽуір сенімді жҽне тиімді болып саналады.
АҚШ, Дания, Голландия, Германия жҽне т.б. елдерде едҽуір арзан электр
энергиясын ҿндіретін кҿп жел қондырғылары жұмыс істейді. Қытайда жел
энергиясын пайдаланатын 120 мыңнан астам шағын жел генераторы жҽне 1600
сорғы жұмыс істейді. Осыған ұқсас жұмыстар біздің елімізде де басталды.
Қазақстанда негізінен жел кҿздері жеткілікті. Олар: Жетісу (Жоңғар) қақпасы,
Сҿгеті жазығы (Алматы облысы), Қордай (Жамбыл облысы), Бейнеу, Жетібай
(Маңғыстау облысы), Атырау, Индер, Мұғалжар ҿңірлері, Ерейментау, Сілеті
(Ақмола облысы), Балқаш, Топар (Қарағанды), Жоталы (Қызылорда облысы),
Жалпақтау (Батыс Қазақстан облысы) жҽне т.б. Форт-Шевченкода 45 күн
жылдамдығы 15 м/с-тан асатын күшті жел соғады. Бұл – ҿте мол энергия кҿзі.
Сондықтан жел күшін тиімді пайдалану ҿте маңызды.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
140
Алайда, энергияның экологиялық таза кҿзінің де кейбір проблемалары болады
(теледидарға бҿгет болатын ультра-дыбыстық сҽуле шығарады; жануарлар ҽлеміне,
ҽсіресе құстарға жҽне т.б. теріс ҽсер етеді). Мысалы, Голландияда теңіз жағасында 3
шақырым ұзындыққа жел қондырғыларының батареясы орналастырылған. Бұл
жерде биіктігі 36 метр, ұшқалақты роторының диаметрі 25 метр болатын конус
тҽрізді темірбетон мұнара салынған. Голландияда жыл сайын электр берілісі
желісінен шамамен 40 мың ірі құс, ал кҿктемгі жҽне күзгі ауу кезінде, егер электр
берілісі сызығы құс қайту жолын қиып ҿтетін болса, жылына 70 мыңға дейін (электр
берілісі сызығының 1 шақырымына шаққаңда) құс ҿлетіні есептелді.
Осыған ұқсас жағдай Калифорнияда да болған. Мұнда АҚШ-та жел
агрегаттарымен ҿндірілетін барлық энергияның шамамен 90%-ын 16 мың жел
қондырғылары ҿндіреді. Алайда, жалпы жел энергиясы бірқатар шетелде ҿндірілетін
электр энергиясының 5-10%-ын ғана береді. Жел энергиясын одан ҽрі дамыту қазба
отын пайдаланылатын дҽстүрлі электр станциялары шығаратын ластағыш заттектер
шығындыларын болдырмауға мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық дағдарыс белең алған бүгінгі таңда планетамыздың
энергия – экологиялық қауіпсіздігі мҽселесі де ҽлемдегі елдердің алаңдаушылығын
туғызып отыр. Табиғатты ырқына бағындырмақ болған ҽрекеттен адам баласының
ҿзіне қатер тҿнді. Тұс-тұстан топан су басып, жер сілкініп, дүние отқа оранып,
ішетін су мен жұтатын ауа уланып, адамзат баласына қасірет шеккізіп жатыр.
Біздің отанымыз Қазақстан – парниктік газдарды ауаға тарататын ірі ҿндіруші
елдер қатарына жатады. Мемлекетіміз жаңартылатын энергия кҿздерін пайдалану
арқылы осы зиянды қалдықтарды азайтуға БҰҰ алдында міндеттеме қабылдап отыр.
Соның бірі де бірегейі – «Қазақстандағы жел қуаты нарығын дамыту бастамасы»
мемлекеттік бағдарламасы.
Жалпы жаңартылатын энергия кҿздерi дегеніміз – табиғаттағы процестер
есебiнен үздiксiз жаңартылатын, қалпына келетін қуат кҿзі. Яғни, күн сҽулесi, жел
қуаты, гидродинамикалық су энергиясы, геотермальдық энергия: топырақтың, жер
асты суларының, ҿзендердiң, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия
ресурстарының антропогендiк кҿздерi: биомасса мен биогаз, электр жҽне жылу
энергиясын ҿндiру үшiн пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын ҿзге
де отындар. Бұлар экологиялық жағынан таза энергетикалық ресурстарға жатады.
Мұндай қуат кҿздері біздің елімізде баршылық.
Жел энергетикасы қуат кҿздерінің анағұрлым серпінді дамитын коммерциялық
түрі болып табылады. Қазақстан бұл энергия кҿздеріне ҿте бай. Бұл салаға біздің
елде адам қолы ҽлі тиген жоқ. Егер жан басына шаққанда парниктік газдарды ауаға
таратудан Орта Азия елдерінің алдында тұрсақ, оның басты ҿндірушісі отын-
энергетика секторы (84,4%). Жел энергетикасын дамыту арқылы экономикалық жҽне
экологиялық мҽселелерді тиімді шешуге болады.
Жел генераторы желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына
айналдырады. Ҽдетте турбиналардың желісі біріктіріліп, жел электр стансаларын
құрайды. Оның жылу жҽне газ электр стансаларынан айырмашылығы ҽрі
артықшылығы – шикізат қолданылмайтыны себепті, ауаға қоқыс бҿлінбейді. Мұндай
стансалар үшін ең қажетті нҽрсе – желдің орташа жылдық деңгейі жоғары болуы
керек.
Қазіргі заманғы жел генераторларының күштілігі 6 МВт дейін жетеді.
Географиялық жҽне метеорологиялық ерекшеліктеріне қарай, жыл он екі ай
тынбастан соғып тұратын жел ағыны – табиғаттың жаратылысы. Кҿкте күн кҿзі
шығып, жер ҿз кіндігінен айналып тұрғанда бұл құбылыс ҿзгеріске түседі деуге
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
141
болмайды. Жҽне жел қуатын пайдалану жел соғуының бағыты мен күшіне ешқандай
ҽсер етпейді, ал егер механикалық ҽсері болса, оны шешу – технологияның үлесінде.
Жел энергиясын дамытудағы проблемалар. Жел энергиясын пайдалануда
бірқатар кедергілер жоқ емес. Ең бастысы, Қазақстанда ҽлемнің кейбір елдеріндегі
секілді энергияның балама кҿздеріне аса қажеттіліктің болмауында. Елімізде қуат
кҿзінің екі түрі: гидроэлектр стансалары мен жылу электр стансалары бар. Ал балама
энергия кҿздері туралы ҽңгіме енді-енді қозғалуда.
Балама қуат түрлері – жел, күн энергиясы жеткілікті түрде дамымағандықтан,
ҽзірше, электр энергиясының базалық кҿзіне айнала алмай отыр. Бұл біздегі кҿмір,
мұнай-газ қорларының молдығынан ғана емес. Ҽрине, салыстырмалы түрде алғанда
оларды ҿндіруге жұмсалатын шығын да соншалықты кҿп емес. Бір жағынан алғанда,
бұл экономикалық кҿрсеткіш.
Ҽйтсе де, арзан энергия ҿндірудің қоршаған ортаға зияны, халықтың
ҽлеуметтік жағдайына тигізер кері ҽсері есепке алынбай отырғаны ҿкінішті! Оның
тиімділігін бір ғана мысалмен дҽлелдеуге болады. Сҿз жоқ, жылу электр стансалары
ауаға адам денсаулығына жҽне экологияға зиянды қалдықтар бҿледі.
Ал Қазақстандағы бірде-бір жылу электр стансасы түтінді газды тазалау
бойынша халықаралық стандартқа жауап бере алмайды. Одан бҿлек, аталмыш
стансалар кҿп мҿлшерде күлді қоқыс шығарады. Оның үйінділері талапқа сай
сақталмаған жағдайда айналаны ластап, топырақты жарамсыз етеді. Құрамы алпыс
пайызды кҿміртегті кҿмірдің бір тоннасын жаққанда ауаға таралатын кҿмірқышқыл
газының мҿлшері 2,2 тоннаны құрайды. Ал ауадағы кҿмірқышқыл газының кҿбеюі
«жылыжай эффектісіне» ҽкелетін бірден-бір жол. Оның соңы бүкілғаламдық
жылынуға апарып соғады.
Еліміздегі жел энергиясын ӛндіру. Ҿткен жылы тұсауын кескен «Жел
атласы» – бұл құжатта республика аумағындағы желдердің басым бағыттары,
жылдамдығы, соғу мерзімі т.б. сипаттамалары берілген, біздегі жұмыстардың
іргетасын қалады. Бұл атлас ғалымдар мен инвесторлар үшін маңызды.
Біздің ғалымдардың есептеуінше, Қазақстанның 2 пайыздан астам аумағында
сексен метр биіктікте секундына жеті метрлік жылдамдықпен соғатын жел күші бар.
Бұл басқа елдердің жел ҽлеуетімен салыстырғанда орасан зор кҿрсеткіш. Себебі,
Еуропа елдерінде желдің жылдамдығы секундына 4-5 метр жағдайында болса да,
жел қуатын пайдалануды жолға қойып алған.
Қазақ даласында қысы-жазы тоқтаусыз соғып тұратын желінің қуаттылығы
жағынан Жоңғар қақпасы ауданы алдыңғы орында. Ондағы соғатын желдің жылдық
орташа жылдамдығы 9,68 м/с құрайды. Ел аузында «Ебінің желі» деп аталатын
осынау қақпадан соғатын алапат жел ҿндіріс қуатын жылына 5 мың МВт/секундқа
дейін арттыруға мүмкіндік бермек. Ал, Алматы облысындағы Шелек дҽлізінен
соғатын желдің жылдамдығы 7,77 м/секундқа тең. Сондай-ақ, желдің соғу
жылдамдығы Ақтау портында 7,83 м/с, елордамыз Астананың маңайында 6,8 м/с,
Ерейментауда 7,79 м/с, Қарқаралыда 6,26 м/с, Арқалықта 6,93 м/с, Оңтүстік
Қазақстан облысындағы Жүзімдік ауылы мен Атыраудағы Қарабатан теміржол
стансасы аумағында 7,5 м/с құрайды, Мұғалжар тауларындағы желдің де
жылдамдығы осы шамада. Егер еліміздегі осынау табиғи қуатты іске жарата алсақ,
пайдаланылатын жел қондырғыларының жиындық қуаты 550 МВт-ты құрап, ал
жылдық электр энергиясын ҿндіру кҿлемі 1,65 млрд. кВт-сағатқа тең болмақ.
Атласқа сҽйкес, Қазақстанның 50 000 шақырымнан астам аумағында жылына
900 000 гигаватт-сағат электр энергиясын ҿндіре алады. Тек бізде ғана емес, жалпы
ТМД елдерінде кешеуілдеп қалған бұл саланы қолға алуға енді кіріскенде, бүкіл
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
142
Еуропа, Америка жел стансалары парктерін орнатып, қалақтары шыр айналған жел
диірмендерін ҽлдеқашан тұрғызып қойды. Ҽрине, жаңа, экологиялық таза қуат
кҿздеріне үкімет тарапынан қызығушылықты айтпағанда, ҿткен ғасырдың 70-
жылдарындағы мұнай дағдарысы, Чернобыль атом энергия стансасы апаты дҽстүрлі
энергетика саласы болашағына сын кҿзбен қарауға алып келді.
Қорытынды. Мұғалімнің шығармашылық жұмыстарын ғылыми деңгейін
қалыптастыруда жаңа құндылықтар – ізденістер жасау. Ұстаз үшін нҽтижеге жету,
шҽкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді ҿздігінен алуға жҽне алған білімдерін
қажетіне қолдану болып табылады.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі жаңа ҽлем. Ҽлемді қайта құру жас ҿрен – біздердің
міндетіміз жҽне қолымызда. Ғылыми жұмыста ғалымдарымыздың жел энергиясын
пайдаланудағы теориялық жҽне тҽжірибелік еңбектеріне сүйендім. Жел энергиясын
пайдалану, біріншіден, табиғатқа зиянын келтірмейді, ауаны ластамайды. Екіншіден,
баламалы арзан қуат кҿздерін алуға болады.
Кҿзге елестетіп кҿрейік, бүкіл ҽлемнің жер астындағы кҿмірі қазылып алынып,
ол жағылса, қоқысы ғаламшарымызды басып, түтіні ауаны ластап, жер шарының
келбеті адам шошырлық халге түсері анық. Жер астының үңірейіп қалған кеніш
орындары ше?! Сол себепті адамзат алдында зор міндет тұр. Дҽстүрлі энергетикалық
отынның бағасына тҽуелділіктен құтқаратын экологиялық таза қуат кҿздері қажет.
Жел энергиясын қолдануға бет бұру – ҿзіміздің ҿмір сүріп отырған ортаға деген
перзенттік жанашырлығымызды да аңғартатын жаңа кҿзқарас.
Қазір біздің ғалымдарымыз – жыл мезгілдеріне, жер рельефіне байланысты
жергілікті ауа қабаттарының қозғалу заңдылықтарын, қысымын, қызуын жҽне
ылғалдылығын зерттей келе, жер бетінен жоғары қарай вертикаль орналастырылған,
биіктігі жүздеген метр болатын құбырлар тізбегін жалғастыру арқылы желден қуат
кҿзін алуға болатынын дҽлелдеп отыр. Құбырдағы шектеулі кеңістікте
атмосфераның тҿменгі жҽне жоғары қабаттары арасындағы температура, ауаның
тығыздығы жҽне қысымдары айырмашылығына байланысты туындайтын
жылдамдығы үлкен, қуатты, реттеулі жҽне басқаруға болатын бағытталған жасанды
жел ҿзендері пайда болады. Осыдан барып құбырлар тізбегінің ішіндегі есептеулі
арақашықтық сақталып орналастырылған шағын, ықшам жел генераторларынан ҿте
арзан, қуат кҿрсеткіштері тұрақты, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін электр тоғын
алуға болады. Құбырдағы жасанды жел ҿзендерін қосымша екінші мақсатқа, зиянды
улы қалдықтарға толы ҿндірісті қалалардың, мысалы, Алматы қаласының, ауа
кеңістігін ҽрдайым тазартып тұруға пайдалануға болар еді.
Еліміздің экономикасын тұрақты түрде соғатын жҽне жасанды жел ҿзендерінен
ҿндірілетін электр қуатын тұтынуға кҿшіру үшін небҽрі 7-8 жыл уақыт жеткілікті.
Аталған қуат кҿздеріне тҽн ортақ артықшылық – қазіргідей ҽрбір мың шақырымда
бастапқы қуаттың 30 пайызын жоғалтатын ұзақ электр желілерін, аралық
тасымалдау стансыларын салудың қажеті болмайды. Ҽр түрлі қуаттағы жел
стансаларын кез-келген ауылдың, үйдің жанына орналастыруға болады. Жел
энергиясын ҿндіру стансалары келешектегі бҽсекелестік қабілеті жоғары тиімді қуат
кҿздері болатынын ескерсек, онда бұл ғылыми жаңалықтарды, ҿзіндік тың
шешімдері бар ұсынылған жобаларды іске асыру – еліміз үшін ҿмірлік мҽселе. Бұл
ҿте зор энергия кҿзі, ҽрі кҿмір мен мұнайды, газды үнемдеуге, ҽсіресе, қоршаған
ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жел энергиясын пайдалануда
биіктігі бірнеше шақырым болатын трубиналар арқылы жел энергиясын ала отырып,
оны ҽр түрлі мақсаттарда пайдалануға болатындығына кішкене болса да, мен де ҿз
үлесімді қоссам деймін.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
143
Ҧсыныс: кең байтақ жеріміздің суы мен ауасы жел энергиясы арқылы
тазартылса; желден ҽр түрлі мақсатта тиімді қуат кҿзі алынса; жел энергиясының
экологиялық жҽне экономикалық артықшылықтары ескерілсе.
Әдебиеттер
1 Перышкин А.Б. Физика курсы. – М., 1960.
2 «Физика – математика» журналы. – №1. – 2011.
3 Жас талап-kz. – 2011.
4 Интернет желісі.
НАҒАШЫБАЕВ Темірлан, НҦРМҦХАН Сәулет,
№6 орта мектебінің 1 «Б» сынып оқушылары,
Шалқар қаласы, Ақтӛбе облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ЖОЛМАҒАНБЕТОВА Камшат Сәрсенқҧлқызы,
№6 орта мектебінің бастауыш сынып мҧғалімі, Шалқар қаласы,
Ақтӛбе облысы, Қазақстан Республикасы
ЖЫЛҚЫ – МАЛДЫҢ ПАТШАСЫ
Бұл – қазаққа қанат болған жүйрік ат,
Қазір міне, арман болды, байқаймысың жамиғат.
Ата кәсіп ұранымен төрт түлікті өсірсек,
Жан серігі Құлагердің ізін басар талай ат.
Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты: жылқының адам үшін атқаратын қызметі ҿте жоғары
бағаланатынын таныту.
Зерттеу жҧмысының ғылыми болжамы: халқымыздың ерекше қастерлеген
жҽне жанына жақын кҿрген қасиетті түлігі жылқы екендігін, оның ҿзіне тҽн
ерекшелігі мен пайдалы екендігін дҽлелдеу.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
144
Достарыңызбен бөлісу: |