Мысықтарды қалай атаған дҧрыс? Мҽулен – ұрғашы мысық. Соқыр –
мысықтың ҽлі кҿзін ашпаған баласы. Марғау – мысықтың есейген баласы.
Фелинотерапия. Күнделікті жұмыстағы стресс пен кҿп ой еңбегі біздің
жүйкемізді тоздырып, «ескі» ауруларымызды қоздырып, кҿптеген «жаңа» аурулар
туғызады. Мықты денсаулық пен дұрыс ҿмір сүру үшін осының бҽрінен қалай
құтылуға болады? Жауап ҿте оңай: сізге фелинотерапия кҿмектеседі (мысық
терапиясы).
Жануарлардың кҿмегімен емделу (аниматерапия) ХХ ғасырдың 50-жылдары
жақсы жолға қойылды. Жануарлардың емдік қасиетін, соның ішінде мысықтың
емдік қасиетін пайдалану тек қана жүйке жүйесі ауруларына ғана емес, басқа да
кҿптеген күрделі ауруларға да пайдаланыла бастады. Бұл емнің ешқандай кері ҽсері
жоқ.
Мысықпен емдеу тҽсілі «фелинотерапия» (латынның felis – мысық) деп
аталады. «Ал мысықтың жүніне деген аллергия ше?» – деп сұрауыңыз мүмкін. Бұл
жағдайда қысқа жүнді, мамық жүнді, тықыр жүнді мысық түрлері бар. Мысық
терапиясының жүйкені тыныштандырып, энергияны реттеп, денсаулығыңа жақсы
ҽсер беретіндігі соншалық, мысалы, АҚШ-та дҽрігерлердің 48%-ы ҿз науқастарына
фелинотерапияны пайдаланып кҿруді ұсынады. Англияда «шипагер» мысықтар
дҽріханада дҽрігердің рецептінсіз сатылады.
Мысық адамның биоҿрісіне жақсы ҽсер етеді. Адамға жақындау арқылы
мысық ҿзінің емдік қасиетін береді. Бұл «мамық шипагер» иесінің алдына отырып
немесе кеудесіне жатып, аяқтарымен «мысық массажын» жасағанын тек
рефлексотерапевтің инесімен салыстыруға болады. Ғалымдар ҽсіресе қара түсті
мысықтың емдік қасиетінің жоғары екенін айтады, себебі қара түс жаман энергияны
ҿзіне жақсы сіңіреді. Қара мысық адам бойындағы жаман энергияны ҿзіне жұтып,
иесінің биоҿрісіне жақсы ҽсер етеді.
Сонымен мысық қалай емдейді? Мысық бізді жақсы емдеу үшін оған жақсы
қарым-қатынас жасаса жеткілікті. Мысалы, сипалап жақсы кҿру, тамағын дұрыстау,
жақсы сҿздер айту т.б. Сонда ол сізге ҿзінің дҽрігерлік жұмысын жақсы атқарады.
Мысық адамның ішкі суық тиген ағзаларын, сынған сүйекті, соғылған
жерлерін жақсы сезеді. Сол жерге жатып, «грелка» қызметін атқарады. Мысықты
сипалап отырған адам жүрек инфарктіне ұрынбайды жҽне қан қысымын реттеуге
септігі тиеді. Мысық арқасын қолмен сипағанда одан дельта толқын бҿлінеді. Бұл
сол күнгі кҿңіл-күйге жақсы ҽсер ететіндігі ғылыми дҽлелденіп отыр. Мысық
асыраған адам 10-15 жыл ұзақ ҿмір сүретіндігін ағылшын ғалымдары дҽлелдеп отыр.
Иесінің ұйқысыздығына жҽне салмақ қоспай, салауатты ҿмір сүруіне «мамық
шипагердің» ҽсері кҿп.
Мысық ҿз денесін тілімен жалап, массаж жасайды, осы кезде ол жағымды
пырыл шығарады. Міне, осы пырыл 4-16 Гц жиілікпен шығады. Осы пырыл
мысықтың ең бірінші адамға қолданатын құралы. Егер мысықтар ҿз денесін
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
124
жарақаттап алса, ең бірінші пырылдауды бастайды. Мысықтың пырылы адамды
ҽлдилеп отырғандай ҽсер етеді де, оның ағзасы тынышталады, рахат ҽсерге бҿленеді.
Мысықтың ҿз иесінің ауыратын жерлерін табу қабілеті бар екендігі ұлттық
медицинаға бұрыннан белгілі. Олар сол жерлерге жатып, пырылдағаннан кейін
ауырсыну қайтады. Басқа жануарларға қарағанда мысықтар стрессті жағдайлардан,
ҽлсіздіктен, бас жҽне бұлшықет ауырсынуларынан құтылуға кҿмектеседі. Сонымен
қатар артериялық қысымды тҿмендете алады, тамыр соғуын қалыптастырады,
ревматикалық немесе жара ауру ұстамаларының күшін азайтады. Мамық жүнді
мысықтар невралгиямен, ұйқысыздықпен немесе остеохондрозбен күресуге
кҿмектеседі. Тегіс жүнді мысықтар бүйрек жҽне бауыр мҽселелерінде пайдалы
болады.
Мысық пырылының адам ағзасына қалай ҽсер ететінін ғалымдар ҽлі зерттеп
аша алмай отыр. Бірақ ол адам иммунитетінің кҿтерілуіне, жараның тез жазылуына
жҽне сүйектің құрамын жақсартуға кҿмектесетіні дҽлелденген.
Мысықтың тілегі – денсаулық. Статистикаға сүйенсек, мысықты жақсы
кҿретіндер ҿз қатарластарынан он жылдай ұзақ ҿмір сүреді екен. Ғалымдар
мысықтың кҿптеген ауруды жеңілдетуге сеп болатынын, тіпті жазылып кетуіне ҽсері
барын айтады. Мысалы, ағылшын ғалымдары үйде мысық ұстау арқылы миокард
инфарктінің қайталап соғуын алты пайызға дейін тҿмендетуге болатынын айтқан.
Науқас қожайынының жанынан тҽулік бойы кетпей, ас-суға қараудан да бас тартып,
тіпті оның ауруын ҿзіне қабылдап, шейіт болып кеткен мысықтар да болған.
Мысықты тізеңізге қойып немесе құшақтап, сипап отыру арқылы бойыңыздың
біраз сергіп қалғанын байқайсыз. Желкеңіз құрысса, оны 3-5 минутқа мойын орағыш
ретінде ұстай тұрыңыз.
Түн ұйқыңыз бұзылса, мысықты жастыққа жатқызып, маңдайыңызды
түйістіріп жата қойсаңыз, қалай ұйықтап кеткеніңізді де байқамай қаласыз.
Мысықтың тырнақ ізі де ем, кҽдімгі инемен емдеудің бір түрі.
Жалпы, мысық деген мақұлықтың жүрек қысылғанда, іш құрылысы ауырғанда,
буын сырқырағанда, қатты шаршағанда, тұмауратқанда, басқа да кҿп жағдайда
пайдасы кҿп. Ол ауырған жеріңізді ҿзі тауып, жақындай түседі.
Ұрғашы мысық іш құрылысы мен жүйкені «емдесе», еркек мысық
остеохондроз, радикулит жҽне артроздың «маманы». Парсы, ангор, бирмандық,
рэгдол, сібірлік атауға ие мысықтар – жүйке ауруының «білгірлері». Сиам,
ориенталь, сфинкс – бауыр, бүйрек, асқазанды «емдейді». Жүрегінде кілтипаны
барларға британдық, экзотикалық қысқа талшықты мысықтарды серік еткен жақсы.
Мысық жалғыздығыңды білдірмейді, шаршағаныңды басады, қан қысымын қалыпқа
түсіреді. Оның биоҿрісі жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді, тамыр жҽне бас
ауруларын жазады, жараның жазылуын тездетеді.
Мысық – қожайынының ауырып тұрған жерін дҿп басып білетін тамаша
энергиялық-ақпараттық құрал. Адам ағзасындағы ауыратын дене бҿлігінде
энергиялық ҽлеует ҿзгереді, ал бұл ҿзгерісті мысық қатты сезеді. Ұзақ уақыт бойы
мысық жанында болып, мамық майда жүнінен сипап қойып, оның мияулағанын есту
– иммундық жүйеңізді күшейтеді. Сондай-ақ, денсаулығыңыз жақсарып, ұзақ ҿмір
сүруге де ықпал етеді.
Мысықтар туралы ғалымдар не дейді? Ғалымдардың пайымдауынша, кей-
бір жерлердің адамға жағымды жҽне жағымсыз ҽсер ететін қасиеттері болады екен.
Мұндай жерлерді ажырату үшін ата-бабаларымыздың салт-дҽстүрлеріне үңілген
жҿн.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
125
Қариялардың айтуынша, ондай орынды мысық жақсы кҿреді екен, ал ит
ешқашан жаман жерге жатпайтын кҿрінеді. Ҿйткені мысықтың бойында жаман
энергияны сезетін «антенна» бар. Ол мұндай жағымсыз энергияларды ҽдейі іздеп,
бойына жинайды. Мысық кҿмірқышқыл газын жұтып, оттегі шығаратын кҽдімгі
ағаш тҽрізді. Ал егер ҿсіп тұрған қисық ағаш кҿрсеңіз, ондай жердің де жақсы орын
болмағаны. Соны білетін диқаншылар шығынға ұшырамас үшін ондай жерге егін
екпеген.
Мысық қорегін аулағанда дыбысын сездірмей, саусақтарының ұшындағы
тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер
бауырлап, лезде арқасын бүгеді де, аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне
қарай атылады.
Міне, осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған ҿткір тырнақтар тарбия
ашылып, құйрығы керіледі, сҿйтіп құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын
қызметін атқарады. Қорегін осылай аулау – мысық тұқымдас аңдарға тҽн.
Сүтқоректілердің денесі берік созылғыш терімен қапталады. Теріде түтік тҽрізді тер
бездері мен кҿпіршік тҽрізді май бездері орналасады. Тер безінен тер бҿлініп
шығады да, денені қызып кетуден сақтап, салқындатады, ал май безінен бҿлінген
май теріде орналасқан түкті майлап, оған су жұқпауға мүмкіндік жасайды.
Америкалық ғалымдар күйзеліс арқылы инсульт алудың алдын алу жҿнінде
мынандай ақыл-кеңес береді: «Кофе ішуді азайтыңыз, кҿбірек күліңіз. Мысық
асыраңыз».
Халық болжамшылары мысыққа байланысты ауа-райын болжаған.
Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа-райы қатты
бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып
тұр» деп мысықты зҽбірлеп, ұрысып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып
тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Мысық керіліп ұйқыға
берілсе, онда ұзақ уақыт бойы ауа-райы қолайлы болады.
Мысықтардың тҧқымына қарай емдеу тәсілдері. Ғалымдардың кҿп жылдық
зерттеу нҽтижесінде, мысықтар тұқымына қарай ҽр түрлі ауруды емдеу шипагерлігі
ҽр алуан екендігін байқаған. Ұзын жүнді мысықтар (персид түрі, ангор түрі, сібірлік
мысық, рэгдолл, бирмандық т.б,) – невропатологияда, ұйқысыздықта, шаршау мен
ҽлсіздікте емші.
Жүні ұзын емес, бірақ ҿте қалың мысықтар – бел омыртқа жҽне буын
ауруларына емші. Тықыр жүнді мысықтар (экзотикалық, британдық, шотландық,
орыс кҿк кҿзді мысықтар т.б.) – жүрек қан тамыры ауруларына емші. Түгі ҿте тықыр
немесе түксіз мысықтар (сиамдық, ориенталдық, т.б.) – бүйрек пен бауыр, асқазан
ауруларына, іш қатуда т.б.).
Тұқымы қымбат тұқымдастарға жатпайтын жҽй аула мысықтары да ҿз иесінің
кҿңіл-күйіне, алған дене жарақатын емдеуге кҿмектеседі.
Жалпы мысықтардың емдей алатын ауру тҥрлері: аритмия, артрит,
атеросклероз, ұйқысыздық, бүйрек аурулары, бронхит, гипертония мен гипотония,
бас айналу мен түрлі бас ауруларында, депрессия, тіс ауруында, инсульт, іш қатуда,
жүйке ауруларында, нефрит пен пиелонефрит, шаршау мен ҽлсіздікте, радикулит.
Онкологиялық ауруларды ең соңғы сатысы болмаса емдеуге кҿмектеседі. Ҿте
күшті ауруды емдеп, соңында ҿзі ҿліп қалған мысық туралы ағылшын дҽрігерлері
баспа беттеріне шуылдай жазған.
Мысықтардың ҿз иесін емдеу сеансы 15-20 минуттан 3 сағатқа дейін
(мысықтың темпераментіне байланысты) созылады. Ҿз иесінің ауруын емдеп болған
мысық, емнен кейін ҿзін ҿте жақсы сезінеді. Мысықтардың тырнағы дҽрігер инесіне
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
126
қарағанда жақсы емдейді, ҿйткені мысық тырнаған жер тез жҽне тыртықсыз
жазылады. Тек оған сену керек. Мысықпен кҿп ойнап ҿскен баланың иммунитеті ҿте
жоғары болатыны дҽлелденген.
Қорытынды. Қазір медицинада жаңалық кҿп. Алайда, табиғаттың ҿзі емші
емес пе?!
Ғалымдар кҿне замандағы ескі ҽдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның
ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу ҽдісін қолданысқа енгізіп отыр. Латын
тілінен аударғанда (animal – жануар), яғни, хайуанаттар, ал «анимал терапиясы» –
хайуанаттардың жҽне олардың бейнелерін пайдалану арқылы психофизиологиялық,
психотерапевтік жҽне бейімделу кҿмегін кҿрсететін терапия түрі. Бұл терапияда
хайуанаттардың суреттері, бейнелері ертегі кейіпкері ретінде, ойыншық түрінде,
ҽрине, араласқанда қауіпсіздігі қамтамасыз етілген табиғи кейпінде де қолданылады.
Жүргізілген түрлі тҽжірибелер хайуанаттардың науқас адамдарға жағымды
ҽсер еткенін дҽлелдеп отыр. Үй хайуанаттарын асырайтын адамдардың да аз
ауырып, ұзақ ҿмір сүретіні ғылыми тұрғыда анықталған. Сондай-ақ, ондай
адамдардың жүйке жүйесі де үй жануары жоқ адамнан гҿрі күштірек болады.
Қазіргі таңда анималды терапия дамыған елдерде дҽлелденген. Сондай-ақ,
хайуанаттардың адамға ҽсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу
институттары құрылған. Осыған сай халықаралық конференциялар мен семинарлар
ҿткізіліп отырады. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық
немесе психикалық проблемалары бар адамдарға кҿмек беру үшін анималды
терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді.
Анималды терапия немесе зоотерапия – дәстҥрлі емес әдіс. Анималды
терапияны 1792 жылы Ұлыбританияда жаны ауыратындарға арналған ауруханада
ресми түрде қолданған. Мұнда жануарлар емдеу процесінің бір бҿлігі деп саналады.
Бұл ҽдістің бастаушысы америкалық балалар психиатры Борис Левинсон, ол 1962
жылы ҿз итін терапевтік сеанста пайдалана бастаған. Қазіргі уақытта африкалық
тайпалар пілдер жҽне қолтырауындармен емдеуді қолданады екен. Ал Австралияның
жергілікті халқы кенгуруды пайдалананып, сеанс жүргізеді.
Хайуанаттар терапиясы мақсатты және мақсатсыз болып екіге бӛлінеді.
Мҽселен, ертеден қазіргі кезге дейін кейбір адамдар үйлерінде мысық немесе ит
асырайды. Мұнда адамдар үй хайуанаттарының адам психологиясы мен псхикасына
ҽсері барын білсе де, оны арнайы үйретіп, белгілі бір мақсатқа пайдаланбайды.
Ал мақсатты түрде арнайы үйретілген, сондай-ақ, белгілі тренинг жаттығулар
жасауға қабілетті хайуанат «емдеуші терапевтке» айналады. Жануарлар адам ағзасы
мен жүйкесіне жағымды ҽсер беретін электрмагнитті сҽуле шаша алады. Бал арасын
баптаушы мен қысы-жазы тҿрт түліктің бабын күйттеген қарапайым шопанның
ҿмірін бақылаған ғалымдар олардың ҿзгелерден ҽлдеқайда тың ҽрі ауруға бой
бермейтінін байқаған.
Бүгінгі таңда кҿптеген елде тҿртаяқтылар мен құстардың кҿмегімен ем
жасайтын (анималотерапевт) емдеу орталықтары мен клиникалар да бар. Кҿктемнің
алғашқы күні 1 наурыз дҽстүрге айналған халықаралық мысықтар күні. Бір қызығы,
кҿптеген халықтар осы адамға жақын үй жануарының бірі мысықтар күнін
мерекелеуді ұлттық мерекеге айналдырған.
Осы күнмен адамзатқа берік те сенімді достығы мен қызметін білдіретін үй
жануарларына тағы да бір рет құрмет білдіруді ескертеді. Felis catus – үй мысығы 2
тұқымдастан тұратын мысықтар тұқымына жатады, оның 4 тұқымы жҽне 36 түрі бар.
Біздің мҽліметімізше, Қазақстанда осы тұқымдас мысықтардың 3 тұқымы, оның
ішінде 12 түрі ҿмір сүруде. Ҿзінің мамық та ұлпа жүнді терісі бар бұл
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
127
мысықтар кҽсіптік мағынасымен айрықша белгілі, ол үйдегі кеміргіш жҽндіктермен
күрес жүргізудің шебер маманы.
Фелинологтардың айтуынша мысықтар ҿте ақылды жануарлар. Сондықтан да
ол жануар ҿзіне құрметтпен қарауды талап етеді, ол бұйрықты ұнатпайды, оның
орнына сыйпалап мақтағанды жақсы кҿреді.
Ҽрине, мысықтар туралы кҿп айтуға болады. Ал мен барлық мысықтардың ҿз
мекен-жайлары мен қожайындарын табуына, оларға айнымас адал серік болуларын
қалаймын
Әдебиеттер
1 «Замана» апталық газеті. – 15.02.2011.
2 Дүйсембiнова Р.Қ. Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендiру. –
Алматы, 2000. – 355 б.
3 Кенжеахметұлы С. Жетi қазына. – Алматы: Ана тiлi, 1997. – 124 б.
4 Кҿбеева Н. Бала жҽне табиғат // Үйелмен жҽне балабақша. – 1993. – №5. – 6-
7б.
5 Магия и кошки. – М., 2004.
6 Герцвольф Ю. Что значит фелинотерапия или Полечи меня, Мурка. – М.,
2007.
7 Фелинотерапия. Реабилитация звуками природы. – Алматы, 1997.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
128
ҚАСЕНОВА Дана Серікқызы,
«№8 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ, Шалқар қаласы,
Ақтӛбе облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекші: ЕСЕНАМАНОВА Жанар Аманғалиқызы,
«№8 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ, Шалқар қаласы,
Ақтӛбе облысы, Қазақстан Республикасы
ҚҦРТТЫҢ АДАМ ӚМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
Зерттеу мақсаты: Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын
анықтау арқылы маңызын кҿрсету; Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд
ретінде ҽлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.
Міндеттері:
- Қазақтың ұлттық тағамы – құртпен танысу;
- Құрттың қазақ ҿмірінде алатын орнын кҿрсету;
- Құрттың адам денсаулығына пайдасын кҿрсету.
Болжам: Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасымен
танысып, құрт жасау технологиясын меңгеру.
Зерттеу жаңалығы мен дербестік дәрежесі: Қазақтың байырғы тағамы
құртты ұлттық бренд ретінде ҽлемдік нарыққа шығару қажет.
Жҧмыстың нәтижелері мен қорытындысы:
- Құрттың адам ағзасына тигізер пайдасын ескере отырып, жергілікті жерде
мал шаруашылығын жетілдіру;
- Қазақтың ұлттық тағамы құртты ұлттық брендке айналдыру мақсатында оны
ҿндіретін зауыт немесе цехтар ашуды қолға алу;
- Ҽлемдік нарыққа шығаруға ҿз үлесімді қосу.
Аңдатпа. Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық. Құрттың химиялық
құрамы мен калориясын зерттеген ғалымдар оның анау-мынау дҽруменді жолда
қалдыратынын атап кҿрсетті. Ол химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала
дүкендеріндегі сүзбені, яғни творогты он орап алады. Арнайы зауытта дайындалған
сүзбеде ақуыз мҿлшері 16% болса, құртта 53% құрайды. 100 г сүзбенің қуаты 227 кк
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
129
болса, құрттікі 370,1 (!). 100 г құртта 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 г кальций мен фосфор
қосындылары, белгілі мҿлшерде А1, В2, Д дҽрумендері бар екен. 100 г құрттан
ағзаға 60-қа жуық кк беріледі.
Зерттеу жұмысымның барысында құрттың адам ҿміріндегі маңызы зор екеніне
кҿз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар. Ол ҿкпе ауруына, суық
тиген кезде қайнатып, ыстық күйінде ішкізсе пайдалы болады. Сары суын малға
ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін малма жасайды. Сондай-ақ жеті қат
кҿкке шарықтап, ғарыштың ғажабына қанық болып келетін ҽлем ғарышкерлері
ғарышта қазақтың құртын жейді екен.
Зерттеу жұмысы кезінде жергілікті жердегі базарда құрттың келісі 1000 теңге
болатынын білдім. Ал данасы 10-15 теңге тұрса, үлкендеулерін 20-30 теңгеден де
саудалайды. Алыс ауылдардан базардағы саудагерлер кҿтерме бағамен, ҽрине,
арзандау бағаға алып қалады. Базардан жаңадан жайылғанын да, кепкенін де, екі-үш
жылдық тас болып қатып қалғанын да табуға болады. Алайда, ауылдық, нағыз
құртты табу қиынырақ. Жеңсік асқа құмартушылар оны кҿбіне таныстарынан, онда
да ауылдан алғысы келеді.
Шетелдерде демалыстан қайтқан туристер сол елден естелік, не жейтін дҽм
ҽкелуді дҽстүрге айналдырған. Олар Түркиядан ҽйгілі пахлавасын, Үнді елінен
шайларын ҽкетеді. Ҽр елде сый ретінде ҽкелуге болатын, ерекше тағамдары бар. Ал,
Қазақстан не ұсына алады? Менің ойымша, туристер қазақтардың құртын сый
ретінде ҽкетуге болады. Ол үшін біздің ұлттық тағамымыз – құрт голландықтардың
ірімшіктері, түркілердің йогурты сияқты ҽлемдік асханада ҿзіне лайық орын алуы
қажет деп ойлаймын.
Зерттеу жұмысымның нҽтижесінде мен құрттың адам ағзасына тигізер
пайдасын ескере отырып, қазақтың ұлттық тағамы құртты брендке айналдыру
мақсатында жергілікті жерде мал шаруашылығын нығайту керек деп ойлаймын.
Құрт жасау технологиясын меңгере отырып, оны ҿндіретін зауыт немесе цехтар
ашуды қолға алған жҿн деп есептеймін. Сондай-ақ болашақта мен ұлттық
тағамымызды ҽлемдік нарыққа шығаруға ҿз үлесімді қосуға ат салысамын.
Кіріспе. Қазақ халқы асты ҿте жоғары бағалаған, ҽрі қастерлей білген. Ел-жұрт
жадында мҽңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең
ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам ҿмірінде тамақтың
орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бҽрінен де жоғары қойған. Бұған «астан
үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен», «асты қорлама,
құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал-мҽтелдер де куҽ бола алады.
Қалай айтылса да, қай заманда айтса да, халық асты құрметтеу мен бағалаудың
жолын да, жҿн-жосығын да, оны дҽмді етіп ҽзірлеудің кҿзін, кезін, ретін таба білген.
Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, ҿздерінің
мырзалық, мҽрттік үлгілі, ҿнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел
дҽулеті мен қарым-қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы,
яғни ас, қонақасы арқылы кҿрсеткен. Осы жолда тұшымды сҿз айтып, дҽмді тағам
берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан
келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жҿні арқылы сынап, бағасын
берген. Демек, ұлт мҽдениетінде тамақ, дҽм татыру – экономикалық, дипломатиялық
жҽне тҽлім-тҽрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе, ҽрине, қазақ халқының
қонақжайлық дҽстүрі шетелдерде ерте заманнан-ақ аңыз болып тараған. Қазақ
қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін ҿкілдері деп бҿлуді де білмеген,
тҿрге шығарып, ашық қабақ танытқан, достық кҿңілін кҿрсеткен. Шаршағандарына,
мұқтаждарына ат, ас, кҿлік сыйлай да білген.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
130
Ас, тамақ дайындауды қазақ ҽйелдерге жүктеген. Қазақ ҽйелдері тағамның
алуан түрлерін дайындауымен бірге қыста да, жазда да оның таза ҽрі бұзылмай
сақталуының ҽдіс-тҽсілдері мен жолдарын да таба білген. Бұл қағидаларды ҽйелдер
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп отырған. Мысалы, олар етті ыстап
сақтауды, қымызды жазда салқын ұстауды, майды кҿгертпей күтуді, басқа
тамақтарды да бұзылмай сақталуының ғасырлар бойы ұмытылмай келе жатқан
байырғы халықтық ҽдістері мен амалдарын, ҽсіресе ауылдық жерлерде күні бүгінге
дейін жеткізді жҽне оны ҽлі де қолданып келеді. Ҽсіресе, қымыз бен шұбатты
баптаудың, құрт, ірімшік, ежігей, сары май сияқты жеңсік тағамдарды дайындауда
қазақ ҽйелдерінің шеберлігі мен ҿнері үлгі етіп, қалай мадақтауға тұрарлық.
Қазақ халқы асты үш түрге бҿледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет
тағамдары) жҽне кҿк (жеміс тағамдары).
Мал жҽне онан алынатын ҿнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде
ұлт тағамдарының негізгі кҿзі болып табылатын сүттің орны бір бҿлек. Сүт
тағамдарын халық бір сҿзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған
жылдар бойы халық аса бай тҽжірибе жинақтай жүре, одан жүзден астам тамақ
түрлері мен дайындау ҽдістерін жасаған. Жҽне олардың кҿптеген қызықты атаулары
мен орны жҽне алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сҿйтіп бір
сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап
шығарған. Олардың кҿпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек кҿрінетін
жеңсік ас қатарына жатады.
Сүт – химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам
ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық
құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа ҿнімдердің
биологиялық құндылығын кҿтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін
үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып, ҽр түрлі тағамдар дайындауға болады.
Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет
ҿнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам ҿте дҽмді болады. Оның
үстіне сүт ҿнімдерінің дҽрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам
ретінде де қолданылып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |