Ұзындығы жазылып тұр бойында. Көрсетіп ондағы бағаны



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі37,56 Kb.
#7894

18

Жоқ өзінде бас та,

Қас та,

Мойын да,



Ұзындығы жазылып тұр бойында. 

 

 



 

 

 



 

Көрсетіп ондағы бағаны,

Қуантып қоясың ағаңды.

                                           

Қобдиында қайырлы

Қазынаның бәрі бар.

Тауыссаң көз майыңды,

Қалағаның табылар. 

                                      

Аппақ дала, қара дән

Сепкен дәні түсінуге жараған. 

                                                                  

Дүниеде бір дария беті қатқан,

Бетінде бетегесі шығып жатқан. 

Қараса, сол  құдыққа көз жетпейді,

Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан. 

                                                     

Темір тілді,

Күміс үнді. 

Жаңылтпаш 

Ұстап қара қарындашын,

Ұштап қарындашын қарындасым

Ұсынды қарындасым қарындашын.  



19

МАУЖЫРАП  БАРҚЫТ  ҚОҢЫР  КҮЗ

Қызыл алма

Әлі  есімде,  бала  кезімізде  біздің  үйде  миуалы  бақ 

болатын.  Үлкен  атамыз  немере-шөберелерім  қызығын 

көрсе деген арманмен баққа алма ағашының түрлі сортын  

отырғызып,  баптап  өсірген  екен.  Тіпті  ол  кезде  үйге  су 

тартылмаған,  суды  есек  арбамен  тасып    суарғанын  анам 

жиі  айтып  отыратын.  Біз  сол  алма  ағаштарының  қызы-

ғын  армансыз  көрдік.  Жаз  бен  күз  айларында  алманың  

түр-түрін армансыз жейтінбіз. Берекелілігі сондай, тіпті 

туысқандарымыз  қап-қабымен    алып    кетіп    жатса  да,  

алма  таусылмайтын. 

Таңертең  ұйықтап  жатқанда  әкем  иісі  мұрныңды  

жаратын  қып-қызыл  алманы  жастығыңның  жанына   

қойып кетеді. Ал, оянбай көр! Алманың  иісінен  амалсыз  

оянасың.

Ол кезде інім екеуіміз  әлі  кішкентаймыз.  Анам  табаға 

нан  жабатын. Кейде табаны  ауылдың шетіндегі  әже сұрап 

алып кетеді.  Нан жабатын күні анам  табаны алып келуге  

бізді  жұмсайды.  Інім екеуіміз бірге баратынбыз. 

Күз  мезгілі  еді.  Үйдің  артындағы  соқпақ  жолмен  

әңгімелесіп  келеміз.  Бір  кезде  екеуіміз  бір-бірімізге 

қарап:


– Көрші апаның  бағындағы  алмаларды қара, – деппіз  

жарыса.


– Иә, шіркін, дәмін көрсек  қой, – деп  інім одан  сайын  

қызықтыра  түсті.

Табаны  алып  қайтқанда  да,  көзімізді  қызыл  ал-


140

Әнет баба мен Қазыбек би

Тобықты Әнет баба қартайып, жасы 90-ға келгенде ел 

дауы, жер дауы, жесір дауына көп араласпай, Қожа Ахмет 

Йасауи,  Сопы  Алдияр  секілді  даналардың  кітаптарын 

оқып,  оңаша  жатады  екен.  Қоржын-қоржын  кітаптарды 

ақтарып,  кейде  көзінің  жасы  сақалын  жуып  жылап  ала-

ды екен, кейде балаша мәз болып күледі екен. Кейде қыр 

асып қыдырып кетеді екен. 

–  Әнет  баба,  не  іздеп  жүрсіз,  кімді  іздеп  жүрсіз?  –  деп 

сұрапты бірде ауыл сыртында жолығып қалған Қазыбек би. 

– Өзімді іздеп жүрмін, шырағым, – деп жауап беріпті 

Әнет баба. 

Жас  Қазыбек  ештеңені  ұға  алмай  аңтарылып  тұрып 

қалыпты. 

–  Түсінбегеніңді  біліп  тұрмын.  Өзімді  іздеп  жүрмін 

дегенімнің мәнісі мынау, шырағым. Адам баласы Алланың 

әмірімен жарық дүниеге келгенде пәк, адал, таза күйінде 

келеді. Өсе келе әрнені көреді, әрнені естиді, жақсыға да, 

жаманға  да  бой  ұрады.  Баяғы  пәктігін  жоғалтады.  Жас 

ұлғайып,  қым-ғуыт,  қызыл-жасыл  дүниенің  қызығы 

басылған  соң,  баяғы  адал  күйіне  қайта  оралады.  Енді 

маған ештеңенің керегі жоқ. Баяғы күнәдан адал жүрегім 

керек. 

Өзімді іздеп жүрмін дегенім – осы. 



Кейін  Қаз  дауысты  Қазыбек  би  Әнет  бабадан  сөз 

үйреніп,  кеңес  сұрап,  ақыл  алу  үшін  көшіп  келіп,  қатар 

қонып, екі-үш жыл іргелес отырыпты. Қазыбек биден:

– Би, сен бұл дүниеде кімге қарыздарсың? – деп сұрапты 

Әнет баба бірде одан.


141

– Аллаға қарыздармын, – деп жауап беріпті Қазыбек 

би.

– Сосын кімге қарыздарсың?



– Сосын анама. Ол мені жарық дүниеге әкелді.

– Сосын кімге қарыздарсың?

– Атама. Ол мені тәрбиеледі, өсірді, оқытты.

– Тағы кімге қарыздарсың?

– Халқыма. Ол мені қадырыма жетіп көтере білді. 

– Тағы кімге қарыздарсың?

– Әнет баба, Сізге қарыздармын. Сіз менің көп нәрсеге 

көзімді аштыңыз, – деп жауап беріпті Қазыбек би.

                                                                       Ә. Мамашәріптегі

Түлкі дауы 

Ел  көшіп  келе  жатса,  көштің  алдынан  бір  түлкі  тұра 

қашады. Жан біткен жабыла қуып, бәрі жете алмай қалып 

қояды.  Астында  жүйрік  Кертөбел  дөнені  бар  Қыпшақ 

Ізбасты  бала  түлкіге  жетіп,  соғып  алып,  қанжығасына 

байлап жатқанда, артынан көпшілік келеді. 

–  Уа,  бала,  соғып  алған  олжаң  қайырлы  болсын! 

Қанжығаңа  неге  байлап  тұрсың?  Бұрынғы  ата-бабаның 

жолы бар, аты жеткен соғатын, жасы үлкен байланатын, 

ол жолды қайда тастайсың? – депті. 

–  Алғашқы  тырнақалдым  еді,  олай  десеңіздер,  төре-

шіге  бармай,  түлкі  бермеймін,  –  дейді  Ізбасты.  Сонда 

үлкендер тұрып: 

– Көштің байсал тапқаны –

Көкорайға қонғаны. 

Даудың байсал тапқаны –




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет