Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали



бет2/4
Дата21.11.2022
өлшемі138,5 Kb.
#51568
1   2   3   4
Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған басты міндеттің бірі Махамбет тұлғасының шығармашылығындағы дара поэтикасын заман талабына сай әдеби-тарихи, көркемдік негізде танып білу. Ақын тұлғасының бейнелену сырларын өз деңгейінде таныдық деп айта алмаймыз. Махамбетті ақын ретінде зерттеп білуге, тануға талпынып жатқанымыз рас. Осы бағыттағы жазылып жатқан кеңес үкіметі заманындағы зерттеулерде басты назар ақынды ұлт-азаттық көтеріліс жаршысы ретінде көбірек көрсетілуге бағытталады. Бұл - Махамбет шығармашылығын кеңес заманында-ақ түптей зерттеген Қ.Жұмалиев салған сара жолдан шыға алмай келе жатқанымызды көрсетеді. Алайда ол заманда ұлт-азаттық қозғалыс дегенді айтуды кеңестік идеология «қате, жат» пікір іретінде көрсете бастаған еді. «Пәлеге қалу» осыдан басталатын. Қ.Жұмалиев мұндай пәле,
қудалаулардың талайын бастан кешкен-ді. Сондықтан кезінде басқаша, идеологияға сай айтуға мәжбүр болды.
Содан бері талай жылдар өтті. Басқа уақыт, жаңа заңдар келді. Енді заман талабына сай тарихи дерек, ақиқаттан бастау алатын зерттеулер қажет. Мәселен, Исатай-Махамбет көтерілісінің шынайы себеп-салдары бей-
неленген поэтикалық көркем мазмұнды ақтара талдадық, қапысыз ұқтық деуге болмайды. Ақынның ерлік рух пен бостандық сүйгіш қасиетті қалай поэтикалақ өрнеке көшіргенін тереңдей талдаушылар көп болмас. Ойланатын, тексерілуге тиіс жайлар шаш етектен.
Махамбет әлемнің тәуелсіздік, бостандық жолындағы күрес өрнектерін ұлы ақындардың ізденістерімен салыстыруға да болар еді. А.Мицкевич, А.Байрон, А.Пушкин, М.Лермонтов шығармаларындағы бостандық сүйгіш ақындық рухтар табиғатында типологиялық сәйкестіктер жеткілікті.
Ақын поэзиясы арқылы қазақ әдебиетінде көріне бастаған жаңа түр мен бостандық, тәуелсіздік идеясының дара бейнелері ешкімге еліктемей,
8
елпілдемей азаттық жолындағы күрес шындағын суреттеуден туындаған. Өз келбетіңді, салт-санаңды, дәстүрің мен даралығыңды құрметтеу, қастерлеу, сақтай білу, ұлы табиғат жалғастығының басты заңы деген қағиданы сақтау деген сөз.
Махамбет өз елінің болашағынан үміт күтті, елдің еркіндігін аңсады.
« ...Махамбеттің поэзиясы – шідер мен шынжырға көнбей кеткен жігерлі жеке күрескерліктің, сонымен қатар жалпыбұқаралық сипаттағы азаттық арпалысының рухты поэзиясы.» - деп жазады Шәріп А. (

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет