Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали


Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея»-Алматы, 2000.101-б.)



бет3/4
Дата21.11.2022
өлшемі138,5 Kb.
#51568
1   2   3   4
Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея»-Алматы, 2000.101-б.)
Ә.Кекілбайұлы Махамбет поэзиясының бүгінгі басты бағыттары туралы «Шандозда» былай жазады: «Бұл ойларды орыс отарында болған жылдарда,
әрине, айта да, жаза да алмадық «Х.Досмұхамедұлы құрасырған «Аламан» жинағындағы үзіндіде келтірілген «аузы түкті кәпірді шетінен сүйреп жеп едік» деген тіркес кейінгі құрастырылған жинақтарда «ерегескен дұшпанды шетінен сүйреп жеп едік» болып өзгертіліпті. Сондай-ақ көптеген жолдардың орындары ауыстырылыпты. Шамасы, кеңес жылдарындағы идеологоиялық ұйтқымалық Махамбет мәтіндеріне де өз салдарын аз тигізбесе керек. Ереуілші ақынның бірде бір толғауында «патша», «орыс», «кәпір» деген сөздердің атымен кездеспеуі таңғаларлық жағдай.
Соған қарағанда, дауылпаз ақын жырлары әлгіндей «тентектіктерден» «мұқият» адалана түскен түрі бар. Ақын жырларының әлеуметтік зілін әріге асырмай, Жасқұс пен Жәңгілдің маңымен шектеуге тырысу әнтек байқалады. Сонда Махамбет бар ерлігі мен өрлігі тек Жәңгір хан, Баймағанбет сұлтан, Қарауы қожа хакім, Балқы билерді сілейте балағаттаумен тынған ауыл арасының көп тентек телісінің бірі болады да шығады. Бұл ақынға да, тарихи шындыққа да үлкен қиянат.»(Кекілбайұлы Ә. Шандоз.-Алматы, 2004.-339-б.)
Тарихшылардың айтуы бойынша Исатай – Махамбет көтерілісінің , негізгі себебі, хан Жәңгірдің заманында қазақ елінің тұрмыс-тіршілігі орта ғасырлық феодалдық билік, салт-санамен байланысты болды. Сондықтан, за-
мана дамуының жаңа түр, типтеріне ілесе алмай нашарлауында. Бұл кеңес үкіметі ресми идеологиясы баяғыдан қақсап келе жатқан «әләулалардың», бірі, әлі «біздің айтқанымыз дұрыс болуға тиіс» деген астамшыл пікір.
«Патша идеологтары Исатай-Махамбет қозғалысының «діндер соғысына» айналмауын қалай құнттаса, ұлт-азаттық қозғалысына айналмау- ын да солай құнттады.Сондықтан олардың бір тобы оны үйреншікті «феодал-
дар соғысы» ауқымына қарай ойыстыруға тырысты. Қазақстандағы патша отаршылығының үш іргелі тұлғасы – Неплюев, Игельстром, Перовский қазақтардың Ресей озбырлығына қарсы күресінің үш кезеңінде үш кейіпті саясат қалыптастырды...
...Бір кезде қазақтардан келген қауіпті қазақтардың қолымен бөгей тұру үшін құрылған Бөкей Ордасының өзі бүліншілік орталығына айналып кете ме деп абыржыды.
...Әуелі азғантай өкпелі топтың ашу –арызындағы ауқымында басталған наразылық біртіндеп өрісін кеңейтіп, қатарын көбейтіп, мақсатын айқындап
9
нағыз халықтық қозғалысқа айнала бастады. Бұлай болуына шашуші ықпал
ете алатын тарихи тұлғалар да табылды.
Бұл топтың басында әйгілі батыр Исатай Тайманұлы мен аса талантты ақын Махамбет Өтемісұлы тұрды. Екеуі де көшпелі қоғамда үлкен беделге ие әскери және руханияттық күштердің көрнекті өкілдері еді. Бұл топ жұртты шынайы елжандылығымен баурады..
Солардың алдыңғы шебінде ақын Махамбеттің тұрары сөзсіз... ең даусыз дәлел - жауынгер ақынның жалынды толғаулары еді. Ұлттық поэзиямыздың ең қастерлі, ең асыл інжу-маржандары болып табылатын Махамбет жырларының шағын топтамасынан күллі халықты қайратына мінгізген қаһарлы күрестің түп-төркіні өрістеу жолы, кезеңділігі мен жүйелілігі, ішкі руханы эволюциясы бар болмысымен бой көрсетеді.» (Шанзоз.331-346 бб.)
Жәңгір дербес мемлекет иесі сияқтанғанмен оның көптеген әрекеті Ресей мемлекетінің бақылауында болған. Олардың тарапынан сайланған ұлықтар- ды былай қойғанда түрлі себептермен келіп, айлап жататын бақылаушылар аз болмаған. Түрлі тәсілдермен патша үкіметі таңа бастаған орыстандыру саясатына қарсы ханның бар тапқаны мұсылман діні, шариғат қағидаларын күшейту еді. Бұл жолда оған әйелі Фатиманың көмегі тиген тәрізді айтылып жүрді. Алайда, татар, ноғай дінбасыларының өз көздегендері аз болмаған. Қазан, Уфадан келген діндарлардың Бөкей ордасында көбеюінің бір себебі осында.
Ресей мектептерінде тәрбиеленіп, білім алған Жәңгірдің басты мақсаты өз қол астындағы халқын отырықшы деңгейге жеткізіп, қала салып, мемле- кет басқару істерін Ресейлік үлгіге көшіру еді. Оның біразын іске асырды да. Мәселен, жан-жақтан хандыққа келген, кеткен мемлекет қағаздарын реттеп тіркеп отыратын арнайы бөлімдер болған т.б.
Алайда, хан ордасындағы кіріп-шығу, жұріп-тұру тәртібі қазақ атқа мінерлеріне ұнамаған. Олардың Жәңгірмен қырғи қабақтық қатынастарда болу себептерінің бірі осы. Оның үстіне кеңсе жұмыстарына Қазан, Уфадан
оқу бітіріп келген татар, ноғай, орыстардың отыруы қазақтарды қатты ашындарған.
Жәңгірдің мемлекеттік істерді «орыстандыруға» ұмтылуы, өркениетті елдердің дайын үлгісін пайдалану болса, Исатай, Махамбет тәрізді ұлт атқамінерлері үшін рухани құлдықтың басы, бостандақтың шектелуі ретінде қабылданған т.с.с,
Жәңгірдің қасынан Махамбеттің кетуінің алуан түрлі себептері бар. Солардың бірі – Орынборға, хан баласының қасына «тәрбиеші» ретінде жіберген -Махамбеттің Зұлқанайлы тастап кетуі. Неге кетті? Мұнын себептерінің бірін Ә.Кекілбайұлы «

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет