Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали



бет4/4
Дата21.11.2022
өлшемі138,5 Kb.
#51568
1   2   3   4
Шандосынан» табуға болады.(181-б.)
Ханның айналасына, анадан мындан келген келімсектер көп жиналды.
Махамбет батырдың хан ордасында «Қытайдан келген, қалмақ та бар, Ираннан келген қызылбас та бар,Үргеніщтен келген сарт та бар деген сөзі
ып-ырас еді.» (Досмұхамедұлы Халел. Аламан.-Алматы, 1991. 57-58 бб.)
Төмендегі ойлар да негізінен Х.Досмұхамедұлы мәліметтері: Қазақ кедей-
10

лерін ашындырған деректің бірі Жәңгірдің шабындыққа, шаруашылық-


қа ыңғайлы жерлерді туысқандарына, төрелерге үлестіруі, өзіне жақпаған рулардың, ауылдардың жерлерін тартып алуы. Оның заманында Бөкей елі көшуді қысқартап жерге орналаса бастаған. Әр рудың белгілі жері, қыстауы болды. Оның үстіне ол жылдарда жазы қолайсыз, қысы қатты болып ел жұтқа ұшырады.
Осы жылдарда Жәңгірдің өзі қазақы ел ортасынан алыстай, бөлектене бастайды. Маңындағы ірі байлар мен билерге билігі келмеген сайын. мақтан сүйгіш ханның мағындағы жағымпаз, екіжұзді адамдардың саны көбейе түседі, әрі Жәңгір де солардың сөзін таңдайды Менмендігі күшті, ел билеуге қырсыз, шаруашылықтан хабары аз, жағымпаз келімсектер мен дүмше дін-
дарлар қоршауындағы хан Исатай – Махамбет қозғалысы өрістеген жылдар- да нақты биліктен алыста еді.
Алайда, кеңес үкіметі кезінде шүбәсіз ақиқат саналған бұл дәйектердің соңғы жылдардағы зерттеулер негізінде күмәнға айнала бастағандары бар. Солардың маңыздысына тоқтала кетсек:
Санаулы жылдарда тез байып, күшейіп алған орыс келімсектері мен помещиктері, саудагерлері қол астындағы жерлерде тұрып жатқан сауатсыз момын қазақтарға (бұрын қазатардың өз жерлері болған) ойларына келгенді істеген. Түрлі сылтауларман салық салып, малдарын тартып алып отырған. Оған дүниеқоңыздау қазақ байлары да қосылған. Әсіресе, орыс саудагерлері қиын жағдайға тап болған қазақ кедейлерінің жерлерін арзан бағаға сатып алып иелене бастауы Жәңгірді шошытқан. Дереу мұндай жерлерді ауқатты қазақ байлары мен саудагерлеріне қайта бөліп бере бастаған. Қайткенде болса да қазақ жерін сақтау үшін. Әрине, Жәңгірдің бұл ойы, масаты кеңес заман кезіндегі тарихнамада айтылмады, зерттелмеді де. Орыс алпауыттарына тиын тебенге кетіп жатқан жерлерінің қайтып оралмайтынын қарапайым халық түсінбеді. Исатай-Махамбет қозғалысы алдындағы жер мәселесінің шиеленісу себебінің бір сыры осында сияқты
Жәңгірхан туралы алуан түрлі деректер қашан да мол болды. Күні кешеге дейін оны жөнсіз салық жинау арқылы қазақ халқын теспей сорудан өзге ештеңе бітірмеген қанпезер қанаушының бірі есебіне қосып келдік.
Алайда европалық деңгейде білім алған, бірнеше елдің тілін білген, орысша, арабша, парсыша, татарша аса сауатты жаза алатын шығыс елдерінің патшалары аса көп болмаған тәрізді. Орыс патшасы Бірінші Николайдің тәж кию рәсіміне Жәңгірдің қатысудың өзі неге тұрады.
Жәңгір Қазан университетінің оқытушы-профессорлары алдында қазақ елінің тарихы, мәдениеті, әдебиеті, этнографиясы туралы лекциялар оқыған, университет ғылыми кеңесінің құрметті мүшесі. атанған. Жәңгірдің аты-
жөні әлемге белгілі көнекті қаламгерлер шығармалары мен Ресейде шығатын газат- журналдарды жаздырып алып, үзбей оқып тұрғаны белгілі. Кезінде Хан ордасында онымен кездескен сауатты саяхатшылардың, қаламгерлердің бірде біреуі ол туралы мерзімді басылым беттерінде теріс
11

пікір айтқан емес.


Жәңгірдің кемшілігі ретінде қазақ елінің менталитетін ескермегенін айтуға болады. Бұл елемеу мен ескермеудің білмеуден, 16 жасқа лейін орыс ортасында өскендіктен, бәлкім Ішкі Орданың ханы атанғандықтан, Орыс патшасы мен қаруына сенгендіктен болуы мүмкін. Өз реформаларын жүргізу жолында, қазақ елінің дәстүрлі мәдениеті мен әдеп-ғұыпын мұлде ескермеу, халқына жат батыс, орыс өркениетіне тез қосамын деп күшке салған әрекетін айтуға болар еді.
Махамбеттің Жәңгірден алыстауның бір сыры да осында тәрізді.
Бірақ, Жәңгірдің қатты қадағалаған үнемі есте ұстаған бір қағидасы болған. Ол - дін. Мұсылман діні шарттары мен шариғатты. қағидаларын есте ұстаған. Теологияға жетік, таяу шығыс және Қазанда оқыған беделі, білімді, көрнекті адамдардың ақл-кеңестерін орындауға тырасқан Оның маңында біраз, оқыған дінбасылардың болуы сондықтан.
Алайда европалық деңгейде жан-жақты білім алған ойлы азаматты діндар болып кетті немесе фанатик деген дерек не мәлімет бізде жоқ. Біздің ойымызша, дінге маңыз беруінің сыры елдік сана мен ұлттық рухты сақтаудың мүмкін болған жалғыз жолы болған сияқты. Жәңгір әрекеттерін аңдып отыру үшін Патша арнайы сайлаған, сол ұшін жалақы алатын аңдушылар да тап осы мәселеге онша көп маңыз бермеген тәрізді. Жоғарыға үкімет пен губернаторларға жолдаған сан салалы есебінде бұл бағытта мәнді еш нәрселер айтылмайды. Қазақ мемлекеттігін жоқ қылыуды жоғарыда жоспарлап қолға алған орыс патшасы мен отаршылырының барлық ой, ниеттерін Жәңгір білген. Оларға қарсы күресте қолданған тәсіл, жүрер жалғыз жол осы - дін болған тәрізді.
Махамбет қазақ ауыз әдебиеті мен халық әдебиетнің жаңа дәуірге - кәсіби әдебиетке ұласат тұсында (өлара мезгілде) өмір сүрді. Бірақ әдебиетке заман табаына сай жаңа үлгі енгізейін деп әдейі ойланган жан емес. Тіл қолданыстарында жана танымдық үлгілер, заманға сай қазақ қоғамдық өміріне еніпжатқан жаға сөздер, олардың метафоралық мағналары, қазақтар ақын халық болғандықтва - болды. Өлең өнерінде негізгі тәсіл жыраулақ поэзия, толғаулық үлгілерді көп пайдаланды. Бірақ, мұқият талдау кезінде соның өзегіне ене бастаған көптеген жаңалықтарды байқауға болар еді. Одан кейін жастық жырлар (барша тақырыптардағы да), әзіл қалжың, сатиралық жырлар де болған. Бірақ, айтылған жерде қалған. Ауыз әдебиеті ерекшелігі сол.. Жалпы талантты ақын болғандықтан бойын билеген жарқ еткен, лап еткен сезімдерді аяқ астынан өлеңге айналдыру үдерісі Махамбетте болды.
Мұны анық айтуға болады. Он жастан бастап өлең шығарған болса бұл үдеріс онда табиғи түрде өтті. Бірақ, заман басқа заң басқа дегенді де естен шығаруға болмас.. Шамамен 30 жастан бастап Жәңгрге қарсылы, көтеріліске
кргеннен кейін енігі барлық тірліге соған ауған.
Ақын жырларындағы әрбір жаңа сөз, тілдік қолданыс нақты дәуір, уақиға әсерінен туындады.
12
Қазақ сөзін поэтикалық мақсатта жаңалай қолдауды Абай бастады дейміз, алайда одан көп жылдар бұрын Махамбет бастды. Бірақ, Махамбетте ақындық талант, өмір ағымында естігін көрген өнер өнегелері, танымдары т.б. әсер етсе, Абайда талант және үйрену, орыс және өзге елдер әдебиеті үлгі болды.
Қазақ әдебиетіндегі ақындақ өнердің жаңа дәуірі Махамбеттен басталды деуге болады, - деп жазады Ә.Кекілбайұлы.
Ақын өз кезіндегі өлең жыраулық өнер туындыларын және қаақ эпостарын, «Қырымның 40 батыры»тәрізді жыраулық энциклопедины жақсы білген,- деп жазады Ә.Сарай.
Махамбет алдына қазақ өлеңніне жаңалық енгізейін дегенде қоймаса да, өлең шығару үстінде бұл құбылысты бастан кешті. Ретіне,сезім толқындарына орай жаңалап отырған болуы керек. Өйткені ол керуен жолбасшысы ретінде Хиуа, Қоқан бағытында жүргенде де эпостық жырлар ман аңыз, әңгімелерді атқан шығар. Жолда ұшырысқан ақын-жырау, шежіреші- әңгімешелермен кездесулерде де көп нәрселер алды ғой. Орыс тілін білу, орыс ақындарының өлеңдерімен танысу (Калмыковода), діни ортада, медреселерде болу, ғұлама қариялармен олардың әңгімелерімен танысу болған жоқ деп ешкім де айта алмас. Оның әсерлері де аз емес.
Олардың біразы (Исатай-махамбет қазғалысына байланысты 27 томдың іс Ордадағы мұражайларда сақтаулы болған, кейін Кеңес үкіметі Орынборға көшірген. Бұл құжаттардың қазіргі жайлары туралы мәліметтер өте сирек, там-тұмдап қана жетеді..
Ақын поэзиясы арқылы қазақ әдебиетінде орныққан жаңа түр, жаңа идея - бостандық, тәуелсіздік идеясы (ешкімге еліктемей, елпілдемей өмір сүру) өз келбетіңді,салт дәстүрің мен даралығыңды құрметтеу, қастерлеу, сақтай білу, ұлы табиғат жалғастығының басты заңы!
Махамбет өз елінің болашағынан ұлкен үміт күтті, елдің еркіндігін аңса
ды, оның туған халқы бүгін сол сол ақын аңсаған арманға жетті ме?
Махамбет аңсаған бостандыққа жету оңай болмас сірә. «Еңсесі биік Ақ орда еріксіз кірсем деп едім» дегендей нағыз еркіндіктің ауылы әзір алыстау ма.., қалай? Тәуелсіз еліміз. жеріміз, салт-санамыз, тіліміз бар.., дегендей еркіндікке ендік. Бірақ, тек біз ғана шешуге тиіс мәселе аз емес. Егемендік жариялаған 20-30 жылда нағыз бостандыққа жету мүмкін емес. Бірақ, анығы - сол жолда келеміз. Бұл жолдың оңай болмайтыны әркімге де белгілі. Әсіресе, қазіргі заманда. Ресей, Қытай тәрізді алып империялар қашан да саясатын таңып бағады ғой. «Әлі жеткен алып та жығады, шалып та жығады» дегендей..
Арманға жету жеке адамға да оңай болмаған, мәселен, Махамбетке де. Жәңгірдің айтқанын істеп, айдағанына жүрсе қатын баласы жанында, мал-мұлкі қолында, ас-суы мол тіршілікке оп-оңай жетер еді ғой.., бірақ, олай болмады емес пе?..Қазағым, халқым аман болсан, азат болсын,- деп атқа мінді. «Қара қазан сары бала Қамы ұшін қылыщ сермедік»..»Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш ұшін қырылдық, Тептер үшін
13
тебістік. Теңдікті малды бермедік, Теңдіксіз малға көнбедік,..» дегендей ұлттық рухтарды қастерлеп, қарашықтай сақтаған жандар ғой. Олар сол армандар ұшін тартысып, кұресіп, кетісіп, қырылып, қайта көтеріліп.. көресінді көріп.., арманмен өтті. Сол армандарын бізге аманат етіп қалдырды...Мұны оңай орындалады, - деп ешкім де айта ламас сірә.., өмір дегенің күрес деп данышпандар неге айтты дейсің?!


6

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет