Әдістемелік құзіреттілік – дидактикалық әдістер мен тәсілдерді білу, оқыту процесінде білімдермен іскерліктерді меңгертуүшін қолдана білу іскерлігі.
Зерттеушілік құзіреттілік- оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрлымы мен мазмұны туралы жаңа білімдерді жасау.
Басқарушылық құзіреттілік- өз қызметімен оқушы қызметін басқару тәсілдерімен қарулану.
Ақпараттық құзіреттілік- қазіргі ақпараттық технологиялармен қарулану, алынған ақпаратқа сыни көзбен қарай білу.
Коммуникативтік құзіреттілік- әртүрлі ситуациялардағы қарым- қатнасты бағалай білу.
Білімділік құзіреттілік- өзінің кәсібилілігін үздіксіз жетілдіру қабілеті, жеке қоғамдық өмірде дамып отыру.
Экологиялық құзіреттілік- өзінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Оны прайдалана білу.
Тәрбиелік құзіреттілік- өзінің тәрбиелілігін ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру, ұлттық тәрбиеде кеңінен қолдану.
Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады: Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет
жүйесін құру.
Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты
түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру .
Құзыреттіліктің даму бағыттары мен қажеттілігін және тәрбиелік мәнін қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі және оны оқушымен арақатынасында қолдана білу қабілетін анықтау . Мұғалім құзіреттілігінің қалыптасуына мұғалімнің кәсіби білім сапасының көрсеткіштерінің әсер етуі. Сонымен бірге ең бастысы, заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжрибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту, қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын, мәдени – рухани құндылықтарға жан дүниесі бай, саналы, тәрбиелі азамат қалыптастыру — әр ұстаздың басты міндеті болу керек.
Құзыреттіліктің негізгі белгілері мыналар:
Тұлға аралық және еңбектегі байланыс мәдениеті;
Қызметтің экономикалық әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі;
Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы;
Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;
Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі;
Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
Ресей жазушысы Н.Ш. Королева кәсіби құзыреттіліктің 3 негізгі құрамдас бөлігін атап көрсетеді:
Бірінші – адамның осы жұмысқа қарым-қатынасы, оның еңбекке бағыты, еңбекке деген қызығушылығы, жігері.
Екінші — кәсіпке деген қабілеті (туа біткен қабілеті, бейімділігі).
Үшінші – кәсіби қызметі үшін қажетті білімді меңгеру.