Құзыреттілік – адамның кәсіби талаптарға сай жеке сипат дәрежесі даралылығы мен кәсіби тұлғалық бейнесінің тұрақтануы. А. К. Маркова. «Қазақстан Республикасының 2011 -2020 жылдарға арналған дамытудың мемлекеттік бағдарламасында»


Мұғалім құзыреттілігінің — білім беру жұйесіндегі сапалық көрсеткіштері



бет3/4
Дата22.10.2022
өлшемі29,7 Kb.
#44964
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Мінсіз мұғалім және оқушылардың жеке ерекшеліктері Мұғалім құзіреттілігі

Мұғалім құзыреттілігінің — білім беру жұйесіндегі сапалық көрсеткіштері
Мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұяттың және әлемдегі мәдениет арналарын сусындату — басты міндет болып отыр. Өйткені егеменді елдің ертеңі — оқу – білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамынан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді.
Кәсіби білікті мұғалімнің бойынан:

  • ақпараттық – мазмұндылық;

  • әлеуметтік – тұлғалық; рухани – адамгершілік;

  • операциялық – процессуалдық құзырлылықтар кездеседі.

Педагогтың шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласы:
«теориялық білім + тәжрибе рефлекциясы = даму».
Ең бастысы, заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжрибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту, қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын, мәдени – рухани құндылықтарға жан дүниесі бай, саналы, тәрбиелі азамат қалыптастыру — әр ұстаздың басты міндеті болу керек.
Мұғалімнің кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылады: оған пәндік білім мазмұны ғана емес, сонымен қатар кәсіби дағдылар мен біліктер де енеді. Мұның бәрі тұтаса келе, педагогтың тұлғасын дамытады, қалыптастырады, ол өзін — өзі дамыту мен өзін — өзі жүзеге асыру тәсілдерін игереді.
Мұғалімнің кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі шарттары төмендегідей:

  1. «Ұйымдастырушы-басқарушылық (оқу жоспары,тоқсандық кестелер,кесте жасау,құзыреттілік деңгейін анықтау китерийлерін әзірлеу,білімдік үрдісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету).

  2. Оқу-әдістемелік (сабақтардың мазмұны таңдау,түрлі курстарды кіріктіру,жетекші идеяларды айқындап алу).

  3. Технологиялық (бақылау-бағалау,оқытудың белсенді түрлерін ұйымдастыру,құзыреттлікке енетін біліктердің тобын анықтау,инновациялық технологияларды қолдану).

  4. Психология-педагогикалық (оқушылардың даму диагностикасын іске асыру,оқу уәжін ынталандыру жүйесі,оқушыларды бірлесе басқаруға тарту)».

Мұғалімнің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігінің құрлымы ол игерген педагогикалық біліктер арқылы ашылды, ал біліктер педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған және теориялық блімге негізделген,үздіксіз дамитын әрекеттердің тұтастығы арқылы ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет