Құзыреттілік – адамның кәсіби талаптарға сай жеке сипат дәрежесі даралылығы мен кәсіби тұлғалық бейнесінің тұрақтануы. А. К. Маркова. «Қазақстан Республикасының 2011 -2020 жылдарға арналған дамытудың мемлекеттік бағдарламасында»
Тақырыбы: Мінсіз мұғалім және оқушылардың жеке ерекшеліктері. Мұғалім құзіреттілігі.
Құзыреттілік – адамның кәсіби талаптарға сай жеке сипат дәрежесі даралылығы мен кәсіби тұлғалық бейнесінің тұрақтануы. А. К. Маркова. «Қазақстан Республикасының 2011 -2020 жылдарға арналған дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» орта білім берудің мақсаты алған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, адамгершілік тұрғыдан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты жүйесі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген оқытушылар алдына шығатыны белгілі Заман талабына сай оқу үлгілерінің қалыптасуы, білімді жаңа технологияны меңгерген ұрпақты қажет ететіні сөзсіз. Осындай бағыттардың бірі мұғалім құзыреттілігінің дамуымен оның қажеттілігі және тәрбиелік мәнінің қалыптасуы болып отыр.
Жұмыстың басты айдары болып отырған теориялық идеяларға сүйене отырып, мұғалім құзіреттілігінің дамуымен мәнін ашу және құзіреттілік ұғымына мағлұмат беру болса : құзыреттілік – алған білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын толық технологияны меңгерген тұлғаның интегративті қасиеттерінің жиынтығын қалыптастыру .
Құзыреттілік – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.
Білім беру негізінде қалыптасқан үлкен еңбек, ол құзіреттілік :