ҚҰзыреттілік – шығармашыл тұЛҒА Қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздерінің бірі



бет2/2
Дата28.04.2023
өлшемі53 Kb.
#88189
1   2
Болжау
Ұйымдастыру
Бақылау
Реттеу
Үйлестіру
Сәйкестендіру
Белсенділігін арттыру
Зерттеу
Оқыту формасында оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл-қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік құзыреттілік – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Бұл құзыреттілікті оқу үрдісінде игеру үшін коммуникациялардың нақты нысаналарының қажетті және жеткілікті саны және олармен жұмыс тәсілі белгіленуі тиіс.
Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәнінің мұғалімінің міндеті – жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.
Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс:

  • бағдарламалық-мотивациялық;

  • ізденушілік-зерттеушілік;

  • тәжірибелік;

  • рефлексиялық- бағалаушылық;

Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.
Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі екі құрамдас бөліктен тұрады.
Шығармашылықты,

  • біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады,

  • екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы арқылы қарастырылады.

Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты.
Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.
Оқушыларды келесі жұмыстар арқылы шығармашылыққа баулуға болады деп есептеймін:

  • сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу;

  • жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;

  • нақыл сөздердің мәнін ашу;

  • мақал-мәтелдер негізінде әңгіме жазу;

  • жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;

  • өз сыныптастарының (т.б.) портретін суреттеу, мінездеме беру;

  • автордың идеясын өз идеясымен өрбітіп жазу;

  • өлең құрастыру;

  • жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;

  • еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;

  • ұжым болып ертегі құрастыру;

  • ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту;

  • ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;

  • оқыған кітаптары бойынша ойтолғау жазу;

  • қоғамдағы әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;

  • баспасөз материалдары бойынша пікір айту;

  • өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;

  • ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;

  • іс қағаздары үлгілерін жаздыру;

  • тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;

  • оқиғаға қатысты өз ойларын айту;

  • автордың көзқарасы туралы айта білу;

  • көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.

Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзырлықты қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп оқушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
«Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген сөзбен ойымды аяқтағым келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
3. Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005
4. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»
(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008
5. «Қазақстан мектебі» журналдары, 2010 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет