Ақыл-ой дамуының кещеуілдеуінде баланың физикалық статусы ӛзгерістерге ұшырайды, яғни бала бойындағы физикалық жетіспеушілік бас миының күрделі бұзылуларының ерте кездегі анықталуымен сипатталады. Оларды ішкі органдардың ӛзгерістерге ұшырауы, туа пайда болған жүрек аурулары, тыныс алу органдар жұмысының бұзылуынан байқауға болады. Осы факторлардың барлығы балаға еңбек сабақтарында, физикалық күш түсіру кезіндегі сабақтарда коррекциялық жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін анықтайды. Күрделі локальдық неврологиялық симптомдар олигофрения кезінде сирек кездеседі. Олар: бас-миының зақымдануынан болатын қылилық, жоғарғы қабақтың тӛмен түсуі, нистагм (кӛз алмасының ритмикалық қозғалысқа түсуі), бет нервісі мен тіл асты нервтерінің салдануы;
анализаторлар жұмысының бұзылуынан бала психикасындағы белсенділіктің тӛмендеуі;
вегетативтік нерв жүйесінің бұзылуынан қан тамырларының дистониясы, тершеңдік.
Осы факторлардың барлығы олигофрен-балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі коррекциялық түзету жұмыстарының қажеттілігін байқатады. Психикалық әрекеттің бұзылуы — олигофрения кезіндегі кемшіліктің негізін құрайды. Психикалық бұзылулардың клиникалық сипаттамасы мына факторларға тәуелді:
орталық нерв жүйесінің бұзылуы;
психикалық функциялардың белсенді дамуы кезіндегі жағымсыз әсерлер; Психикалық кемшіліктер кезіндегі олигофрен – балаларға тән белгілер:
-қоршаған ортаны тану кезіндегі белсенділіктің тӛмендігі, ұмытшақтық; -сӛздік-логикалық ойлаудың тӛмендігінен ӛз ойын, пікірін, қоршаған орта туралы мінездемелерін берудегі қиындықтар; -эмоциялық-ерік сферасының бұзылуынан мақсатқа жетудегі, ӛз инициативасын кӛтерудегі әлсіздіктер.