Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілі бұзылысының жалпы сипаты және оларды түзету жұмыстары



бет1/2
Дата20.10.2023
өлшемі16,6 Kb.
#119964
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілі бұзылысының жалпы сипаты және оларды түзету жұмыстары 5


Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілі бұзылысының жалпы сипаты және оларды түзету жұмыстары


Тухышова А.С., Алматы қаласы №8 Педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің логопеді

Зияты зақымдалған балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы жүйелік сипатта болады. Оларда сөйлеу әрекетінің операцияларының қалыптаспауы байқалады: талаптануының әлсіздігі байқалады, сөйлемдік қарым- қатынас қажеттілігінің төмендігі, сөздік әрекет бағдарламасының, өзінің сөйлемді бақылауының, сөздік бағдарламаны орындауының бұзылуы.


Қоршаған орта жайындағы көріністің шектеулігі, шынайы қарым-қатынас әлсіздігі, қызығушылықтың жетілмеуі айтарлықтай қызмет көрсетеді, зияты зақымдалған балалардағы баяулатылған және ауытқу дамуымен байланысты.
Зияты зақымдалған балалардағы сөйлеу тілінің бұзылуы өз көрністерінде, механизмінде әр- түрлі болады, тұрақтылығымен сипатталады, үлкен еңбекпен жойылады және оны талдау кезінде де қажет етеді. С.Я.Рубинштейннің пікірінше зияты зақымдалған балалардағы сөйлеудің бұзылыуының негізгі себебі: бас ми қабығының қызметінің әлсіздігі, барлық анализаторларында жаңа саралау байланысының баяу өңделуі болып табылады делінген.
Сөз есту анализаторының аймағындағы ауызша саралауының баяу дамуына байланысты зияты зақымдалған балалар сөз дыбыстарын ұзақ уақытқа дейін айыра алмайды, қоршаған адамдармен айтылатын сөзді шектемейді және естіген сөйлемді жеткіліксіз қабылдайды.
Дыбыс айту кемшіліктері зияты зақымдалған балаларда жеткілікті тараған. Сөйлемнің фонетикалық жағының бұзылу негізінде бірқатар себептер бар: танымдық қызметтің дамымауы, сөз есту саралауының қалыптаспауы, сөйлеу және жалпы моторикасының әлсіздігі. Дыбыстық жағының жетілмеуіне әсер ететін шарттардың бірі, сөйлеудің жайырақ пайда болуы. Сөйлеуді вокалдандыру кезеңінде кенеттен байқалады. Егер мөлшер бойынша 5-7 айлық қалыпты балада былдырлау пайда болса, зияты зақымдалған балаларда ол процесс 12 айда немесе одан да кеш пайда болады. Н.А.Шарапановскаяның (1986) айтуы бойынша зияты зақымдалған төменгі сынып оқушыларының дыбыс айтуының бұзылуы көптеген жағдайда болады. Зияты зақымдалған балалардың артикуляциялық моторикасының бұзылуының салдарынан болады. Зияты зақымдалған балаларда тіл дыбыстарының бұзылуы көбінесе фонологиялық сипатта болады. Зияты зақымдалған балалардың дыбыс айтуының ерекшелігі болып табылатын дыбыстардың тұрақсыздығы.
Зияты зақымдалған балаларда сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзететін коррекциялық жұмыс қалыпты дамыған балаларға қарағанда ұзаққа созылады және күрделі болады. Ең қиын дыбысты машықтандыру кезеңі болып табылады. Баланы күнделікті өз бетінше сөйлеуінде дыбыстарды дұрыс айтуын қолдануға үйрету өте қиын. Өйткені олардың жүйке жүйелері тежелген, жүйке байланыстары қиындатылған, бір жүйеден екінші жүйеге көшуі баяу, өз сөйлеу тілін қадағалауы төмен болады.
Сөйлеу тілінің лексикалық жағының жетілмеуі зияты зақымдалған балалардың ой өрісінің дамуының төмен деңгейде болуы, қоршаған әлем
жайында білім және түсініктерінің шектеулі, сөйлеу және әлеуметтік қарым- қатынастың қажеттілігінің төмендігіне байланысты. Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағы кеш және ерекше қалыптасады. Бұл балалардың сөйлеу тілінде негізгі синтаксистік құрылым жай сөйлем болады. Сөйлеу тілінің лексика- граматикалық жағының жетілмеуі балалардың байланыстырып сөйлеуінде көрінеді. Зияты зақымдалған балалардың байланыстырып сөйлеуі баяу жүреді. Балалар көптеген уақыт ситуативті сөйлеу тілі және сұрақ- жауап кезеңінде ұзақ тоқталып қалады.
Сонымен қатар, зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілі өзгеше және баяу дамиды, өзінің ерекшелігімен сипатталады. Ол балалардың жоғарғы нерв жүйесінің әрекеттерінің ерекшеліктеріне, олардың психикалық ерекшеліктеріне байланысты.
Мектепке дейінгі зияты зақымдалған балалардың дыбыстық тілі нашар дамиды. Көптеген мектепке дейінгі зияты зақымдалған балалар алғашқы сөзді 2-3 жылда немесе 5 жылда айтады.
Балалардың ақыл-ой және тіл дамуы бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ та тіл дамуы мен таным іс-әрекеттері белгілі бір ерекшеліктерімен сипатталады. таным іс-әрекетінің дамуы негізінде сөйлеу тілі құрылады, алайда бұл екі рпоцесс те автономды болып табылады. сөйлеу тіл дамуы дебиль баланың, имбецил баланың, идеотия баланың деңгейіне байланысты айқын көрінеді. Баланың сөйлеу тіл дамуында интелектуалды жетіспеушілігі тиімсіз әсер етеді. Алайда сөйлеу тіл дамуы мен интелектінің төмендеу деңгейі арасында анық, нақты байланыс бар. Сонымен, зияты зақымдалудың дебиль дәрежесіндегі балалардың сөйлеу тіл бұзылыстары әр түрлі, сөйлеу тіл деңгейі өте төмен, сонымен қатар сөйлеуі өте жоғары деңгейде болатындары да кездеседі. Ақыл-ойы кем балалардың көпшілігінде ақыл-ойы даму деңгейіне қарамастан сөйлеу тіл дәрежесі төмен деңгейде болады. Г. Е. Сухарева олигофренияның екі тобын бөліп көрсетеді:
Сөйлеу тілі дамымаған олигофрения


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет