Байланысты: Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілі бұзылысының жалпы сипаты және оларды түзету жұмыстары 5
Тіл бұзылысымен асқынған олигофрения Бірінші топқа зияты зақымдалған балаларда интелектуалдық жетіспеушілігіне толықтай тәуелді сөйлеу тіл жетіспеушілігі бар балалар кіреді.
Екінші топқа мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіл жетіспеушілігінен басқа әр түрлі тіл бұзылыстары бар балалар жатады.
Зияты зақымдалған балаларда сөйлеу тіл бұзылыстарының барлық түрі байқалады (дислалия, дизартрия, ринолалия, дисфония, дислексия, дисграфия, тұтығу және т.б. ) зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тіл бұзылыстары таным іс-әрекетінің анайы бұзылысында және психикасының аномальді дамуының әсерінен болады. Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тіл бұзылыстары өзінің тұрақтылығымен сипатталады, қиындықпен жойылады, көмекші мектептің жоғары сыныбына дейін сақталады.
Бұл балалардың сөйлеу тіл бұзылыстары жүйелі сипатқа ие, сөйлеу тіл тұтастай функционалды жүйе ретінде бұзылады. Зият зақымдалуда тілдің барлық компонеттері бұзылады: фонетика-фонематикалық жағы, лексика, грамматикалық құрылымы. Зияты зақымдалған балаларда импрессивті және экспрессивті сөйлеу тілінің қалыптаспағаны анық байқалады. Көп жағдайда көмекші мектептің бастауыш сынып оқушыларында ауызша сөйлеу тілімен қатар жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысы да байқалады.
Зияты зақымдалған балаларда сөйлеу тіл әрекеттерінің белгілі бір дәрежеде қалыптаспайды. Мотивацияның әлсіздігі, тілдік қарым-қатынаста қажеттіліктің төмендігі; сөйлеу тіл әрекетінің мәнін бағдарлауы, сөйлеу іс-әрекетін іштей бағдарлауы да бұзылады. Осы себептердің әсерінен тіл бағдарламасын іске асыруы мен тілдік тексеруі бұзылады. Осымен қатар теңеуді және жалпылауды, абстрактілеуді, талдау және синтездеу операцияларын қажет ететін жоғары ұйымдастырылған қиын деңгейлердің (тілдік, мәндік) жетіспеушілігі байқалады. Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейі түрлі қиындыққа ие. Зияты зақымдалған балалардың жоғарғы сыныптарында сөйлеу тілдерінің сенсорлы және моторлы деңгейін түзету жұмыстары жүргізіледі, сөйлеу тілінің фонетикалық жағының бұзылысын (дыбыс айту, просодикалық компоненттер) толықтай жоюға күш салады.
Осы уақытта бұл балалардың сөйлеу тілдерінің мағыналық және тілдік даму деңгейі қалыпты мөлшерге жетпейді. Зияты зақымдалған балалардың тіл бұзылыстары күрделі құрылымға ие. Олар өзіндік пайда болу уақытымен, тұрақтылығымен, механизмімен ерекшеленеді және оларды талдауда дифференциалды ықпалды қажет етеді.
Бұл балалардың сөйлеу тіл бұзылыстарының симптоматикасымен механизмін қарастырғанда, баланың тілдік жүйелік бұзылылысына негіз болатын мидың диффузды жетіспеушілігін ғана жалпылап қарамай, ақыл-ойы кемдікте жағдайды қиындататын және тілдік бұзылысқа қатысы бар ауытқуы бар локальді аймақтарды да қоса қарау керек.