Зияткерлік меншік негіздері: Оқушыларға арналған сұрақтар мен жауаптар


Тауар таңбаларына құқықты қандай халықаралық конвенциялар



Pdf көрінісі
бет12/72
Дата01.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#70608
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
15. Тауар таңбаларына құқықты қандай халықаралық конвенциялар 
қорғайды?
 
Париж конвенциясы тауар таңбаларына құқықтарды қорғау туралы 
бірқатар маңызды ережелерді қамтиды, 1891 жылы жасалған таңбаларды 
халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі (Мадрид келісімі) тауар 
таңбаларын халықаралық тіркеу мәселесін реттейді.1957 жылы қабылданған 
таңбаларды тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің 
халықаралық жіктемесі туралы Ницца келісімі (Ницца келісімі) тауар 
таңбаларын тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жіктемесін 
үйлестіруге бағытталған.1973 жылы қабылданған таңбалардың бейнелеу 
элементтерінің халықаралық жіктемесін құру туралы Вена келісімі (Вена 


келісімі) тауар 
таңбаларының бейнелеу элементтерінің бірыңғай 
халықаралық жіктемесін енгізеді. 
1994 жылы қол қойылған тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы 
келісімшарт тауар таңбаларын тіркеудің ұлттық жүйелерін оңайлатуға және 
келісуге бағытталған. 2006 жылы қол қойылған тауар таңбалары жөніндегі 
заңдар туралы Сингапур келісімшарты тауар таңбалары туралы заңдар 
бойынша келісімшарттың қолданылу саласын, тіркеуге жататын тауар 
таңбалары үлгілерінің тізбесін және ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар саласындағы жаңа жетістіктерді ескере отырып, тіркеу 
рәсімдерін кеңейтеді. 
16. ЗМ басқа құқықтарын қандай халықаралық
конвенциялар қорғайды?
 
1961 жылы жасалған өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі 
халықаралық конвенция өсімдіктердің жаңа сорттарына арналған құқықты 
қорғайды. 1989 жылы қабылданған интегралдық микросхемаларға қатысты 
зияткерлік меншік туралы келісімшарт интегралдық микросхемалар 
топологиясына айрықша құқықтарды қорғайды. 
17. ЗМ халықаралық қорғаудың негізгі принциптері қандай?
ЗМ қорғаудың халықаралық жүйесі 1880-ші жылдардан бастап біртіндеп 
қалыптасты. ЗМ-ті халықаралық қорғау мәні бойынша ұлттық режим
неғұрлым қолайлы режим, тәуелсіз қорғау, қорғаудың ең төменгі 
стандарттары, басымдық, транспаренттілік және қоғамдық мүдделер 
қағидаттарында құрылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет