Лайелдік идеяға ұқсас пайымдаулар одан бұрында болды. 1822 жылы орыс академигі К.М.Бэр «Жер бетінде өмір қалай дамыды» деген баяндамасында табиғаттың төменгі сатыдан жоғарғы сатыға қарай дамитыны туралы болжамдарды ұсынды. Оның пайымдауы бойынша адамзат тарихынын ежелгі көне болады, ал жануарлар әлемінің тарихына қарағанда жер бетінің тарихы көнелеу келеді деген. Бэр 1834 жылы жануарлардың эволюциясына сүйене отырып, онымен олардың географиялық таралуын байланыстыра қарастырады. Ағылшын биогеографы Э.Форбстың «Британ аралдары фаунасы мен флорасының тарала үлестірілуінің және геологиялық өзгерістерінің делювия дәуірімен арасындағы байланысы туралы» (1846) кітабында көкейкестілік принципінің іске асырылғаны баяндалады.