Зоогеографияның дамуы



бет2/29
Дата08.03.2022
өлшемі6,18 Mb.
#27233
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ЗООГЕОГРАФИЯНЫҢ ДАМУЫ

Американдық биогеограф, оның ішінде Л. Стюарт (1957 жылы), зоогеография тарихындағы үш сатыны ерекше атап көрсетеді. Оның бірінші сатысы К.Линней жұмыстарымен тығыз байланысты болып, жануарларды жүйелеу негіздерін қалады. Бірінші сатының ұзақтығы жүз жылға созылады. Осы сатыда жануарлардың түрлі топтарының жер бетіне таралу ерекшеліктері сипатталады. Сонымен қатар, жануарлардың аудандарды мекендеуінің алғашқы қадамдары жасалды, яғни зоогеографиялық облыстардың пайда болуы осы сатыда қалыптасты. Екінші сатыда Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі пайда болды. Осы сатыда зоогеограф ғалымдар жануарлардың географиялық таралуын зерттей отырып, оның түрлерінің (фаунаның) өзіндік ерекшелігін эволюциялық теорияны негізге алып сипаттайды. Үшінші саты, демек, XX ғасырдан бастау алатын және ары қарай жалғасып келе жатқан уақытта зоогеографияның экологияландырылуымен сипатталады, яғни жануарлардың мекендеу ортасын зерттеді және жануарлар организмі мен оны қоршаған ортамен әрекеттесуін ескерді. Осы сатыда Г.Мендель ұсынған генетикалық принциптердің биогеографияға әсері қарастырылды. Зоогеография тарихын нақтылауды және оны мерзімдеуді кеңестік дәуірдегі биогеограф ғалымдар А. Г. Воронов (1963 жылы) және Г.В.Нау-мов (1969 жылы) Мензбир көзқарасына сүйеніп жасады. Осы жетістіктер зоогеографияның тарихи дамуының негіздеріне саналады.

  • Американдық биогеограф, оның ішінде Л. Стюарт (1957 жылы), зоогеография тарихындағы үш сатыны ерекше атап көрсетеді. Оның бірінші сатысы К.Линней жұмыстарымен тығыз байланысты болып, жануарларды жүйелеу негіздерін қалады. Бірінші сатының ұзақтығы жүз жылға созылады. Осы сатыда жануарлардың түрлі топтарының жер бетіне таралу ерекшеліктері сипатталады. Сонымен қатар, жануарлардың аудандарды мекендеуінің алғашқы қадамдары жасалды, яғни зоогеографиялық облыстардың пайда болуы осы сатыда қалыптасты. Екінші сатыда Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі пайда болды. Осы сатыда зоогеограф ғалымдар жануарлардың географиялық таралуын зерттей отырып, оның түрлерінің (фаунаның) өзіндік ерекшелігін эволюциялық теорияны негізге алып сипаттайды. Үшінші саты, демек, XX ғасырдан бастау алатын және ары қарай жалғасып келе жатқан уақытта зоогеографияның экологияландырылуымен сипатталады, яғни жануарлардың мекендеу ортасын зерттеді және жануарлар организмі мен оны қоршаған ортамен әрекеттесуін ескерді. Осы сатыда Г.Мендель ұсынған генетикалық принциптердің биогеографияға әсері қарастырылды. Зоогеография тарихын нақтылауды және оны мерзімдеуді кеңестік дәуірдегі биогеограф ғалымдар А. Г. Воронов (1963 жылы) және Г.В.Нау-мов (1969 жылы) Мензбир көзқарасына сүйеніп жасады. Осы жетістіктер зоогеографияның тарихи дамуының негіздеріне саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет