Үшінші кезеңнің басында (XIX ғ ортасында) ғалымдар апаттар теориясынан бас тарта бастады. Көптеген ғылыми еңбектерде Жер бетінің эволюциялық көрінісі туралы біртінді ойлар пайда болады. 1832 жылы ағылшын геологы Ч.Лайелдің (1797—1875) «Геология негіздері» атты кітабы шығады. Ондағы жазулар апаттар теориясына қатты соққы берді және Дарвиннің ғылыми эволюциялық теориясын жасауға негіз болды. Лайель жердің жасын есепке алып, жер бетінің өзгерістері үшін тосыннан келетін алып апаттардың немесе жоғарғы күштердің болу қажеттілігі шамалы деп айтты, ол бірден көзге түспейтін үрдістердің біртіндеп пайда болуына назар аударды, мысалы: орлардың түзілуіне, жағалаудың су шайып кетуіне, тас жыныстарының күн саулесі, жаңбыр, жел әсерінен бұзылуына және т.б. күнделікті болатын процестердің болуын, олардың мың-миллион жылдардан кейін жер бедерінің өзгерісіне алып келетінін, құрылықтың орнын су басатынын негізге алды. «Бүгінгі күн өткенді түсінудің кілті» деген пікірді айтқан осы Лайель болды. Жердегі болып жатқан өзгерістерді зерттеу үшін алдымен өткен геологиялық дәуірдегі қоршаған ортының жағдайлары мен үрдістерінен алынатын пайымдауларды жинақтау жеткілікті. Сондықтан Лайель қазылып алынған фауна құрамын есепке алып, ондағы өзгерістердің жылдам болу себебін алып апаттармен емес, ғасырлық құрылық пен теңіз тербелісінің салдарынан болатынын және жануарлардың да таралуын осы тұрғыдан түсіндіреді. Ол өткен кезеңдердегі фауна қазіргі кезедегімен генетикалық тұрғыдан бірі-бірімен тығыз байланысты деп көрсетті. Осы көзқарас «көкейкестілік принципі» деген атауға ие болды. Лайель бірден болмаса да, Дарвиннің жақтаушыларының бірі болды.