Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы факультеті
Тақырыбы: Астық өнімдерінің сапасын сараптау.
Орындаған: Орман Аружан
Топ: СС 22-07К
Қабылдаған:Дуйсенбекова О.
2023ж
Жоспар
Астық өнімдері
Астық өнімдерін сараптау ерекшеліктері
Тауарлық жіктелуі.
Техникалық талаптар.
Дән маңызы.
Астықтың потенциалдық технологиялық қасиетінің қалыптасу жүйесі.
Жалпы ережелер.
Қорытынды.
Астық әр елдің байлығы мен дәулетінің өлшемі, жетістігі деп саналады. Дән өнімі – біріншіден, тамақ шикізаты, ол өзінің химиялық құрамы және тамақтық құндылығымен керемет жаратылыс. Екіншіден, малдардың құрамажемінің негізгі құраушысы, оның азықтық құндылы-ғының жоғарғы дәрежесін анықтайды. Үшіншіден, ол көптеген тамақ өндірісінің бастапқы шикізаты болып саналады. Оның өнімін өсіру және жинап ору белгілі қысқа уақытта өтеді және келесі ору науханына дейін ұзақ сақтауға дайындау қажет. Астық массасының құрамына көптеген компоненттер кіреді. Соның ішінде - олар тірі организм ретіндегілер физиологиялық үрдістің жүруінің негізгі арқауы болып табылады. Астық массасының өзгеше физикалық қасиеттері бар. Олардың әсері сақталу қабілетіне көп әсер беруі мүмкін. Бұның бәрі сыртқы әсер беретін факторларға байланысты болады. Оларға температура, ылғалдылык, қоспа қалдықтары және сақтау жағдайлары жатады. Бұл факторлардың жағымсыз әсерлері астықты орудан кейін өңдеу (партияларын қалыптастыру, тазарту, кептіру, салқындату) үрдістерін жүргізгенде және сақтау ережелерін бұзғанда байқалады. Осыған байланысты астықты сақтау кезінде болатын өзгерістердің жүру бағыты Орудан кейінгі астықтың құрамында толық пісіп жетілмеген дәндер көп болады. Олардың пайда болу себебі ауа райының қолайсыз жағдайы, аурулармен зақымдалуы, механикалық жараққаттануы, ору және тасымал-даудың жүргізу жағдайлары және т.б. Толық жетілмеген дәндердің түрлеріне мыналар жатады: толық піспеген, құрғатылған, ауа үрдісімен мұздатып ісінілген, кене жәндіктермен зақымдалған, фузариоз, головнямен ауырған, ұрылған және жаншылған, т.б. Толық жетілмеген дәннің тамақтық және технологиялық құндылығы өте төмен келеді. Ондай дәннің құрамында улы және зақымды заттар кездеседі. Өсімдік өңдеу мен сақтау үрдістерін ұйымдастырып жүргізуге қойы-латын міндеттердің қатарына мыналар жатады: - өсімдік өнімдерін белгіленген уақыт аралығында тасымалдау, транс-порт жүйелерінен қабылдау; - өсімдік өнімдерінің саны мен сапасына байланысты белгілі мақсат-тағы партияларды қалыптастыру; - өңдеу мен сақтау үрдістерін жүргізуде сандық және сапалық есеп-темелерді тексеріп отыру; -астықтың сандық және сапалық жағдайына байланысты тазарту, кептіру, және салқындату үрдістерін тиімді жүргізу; -астық және оның өнімдерінің шығынын болдырмау және өте аз деңгейге дейін төмендету; -астықтың сапалық көрсеткіштерінің төмендеуін болдырмау; -астықтың сапалық дәрежесін жоғарылату; -тұқымдық қордың сандық және сапалық шығынына жол бермеу; -тұқымның сапалылығын арттыру; -астық және оның өнімдерін сақтауға кететін еңбектік, техникалық және ақшалық шығынын көбейтпеу, барынша үнемдеу.Астық массасын жағымсыз әсерге әкелетін өзгеріс механизмінің сақтау кезіндегі жүріс бағыты. Астықтың шығымын екі түрге бөледі:
• биологиялық шығым; • механикалық шығым.
Астық өнімдерін сараптау ерекшеліктері Астық өндірісі ауыл шаруашылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады және оны күрделі жем ретінде мал шаруашылығында да кеңінен пайдаланады. Қазақстан астық өндіру жөнінде дүние жүзіндегі белгілі елдердің қатарына жатады. Республикада астық шаруашылығын өркенде-туге басты көңіл бөлініп, жыл сайын орташа есеппен өндірілетін астықтың көлемін 26,5-28,5 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Ауа-райы қолайлы жылдары Қазақстанда астық өнімі 32-34 млн тоннаға дейін жетеді. Егін шаруашылығының көлемі жөнінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орында (Ресей, Украинадан кейін). Бірақ астықтың сапасы жағынан бірінші орын алады. Қазақстанның солтүстік облыстарының бәрінде дерлік күшті және қатты бидай өсіріледі. Онсыз сапалы нан пісіру мүмкін емес. Шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз, шығынсыз, ұтымды, тиімді пайдалану, одан өндірілетін өнімнің сапасына және өндірудің экономика-лық тиімділігіне елеулі әсер етеді. Адамның жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті энергиямен, яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, минералды заттармен, вита-миндермен қамтамасыз етіп отыру. 9 Бұл энергия көздері нанда көп кездеседі, және организмге күнделікті түсіп отырады. Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болу керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) көрсетілген. Стандарт халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысады. Міне сондықтан, мемлекет көлемінде астық сапасы қатаң тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат - стандарт арқы-лы жүргізіледі. Жаңа стандарт жасау үшін осы күнгі астықтың сапасын, оның қай бағытта өзгеріп бара жатқанын тексереді. Екіншіден, элеваторлар мен астық қабылдау мекемелерінің жетістіктері мен олардың өркендеу бағыттары еске алынады. Үшіншіден, оны өңдейтін мекемелердің мүмкіншілігі мен олар-дың қажеттері еске алынады. Төртінші – астық шаруашылығының болаша-ғы есеріледі. Стандарттар халық шаруашылығының өркендеу жоспарымен байланыстырылады. Осыдан кейін стандарт жасау үшін техникалық тапсыр-малар беріледі. Қазір астқты өндіру, тазалау, кептіру, сақтау, өңдеу және дайын тағамдар алуға дейін қамтитын кешенді стандарт жасау бағыты көзделген. Олар әзірленгеннен кейін, тиісті орындарда бекітіліп, іске қосылады. Астық өнімдерін сараптау ерекшелігі. Астықтың сапасына әсер ететін себепшарттар: өсіру аймағы, тұқым себуден астық жинауға дейінгі технологиялық үрдістер, жинағаннан кейін өңдеу, сақтау. Сондықтан стандарттарда астықты санаттарған, класстарға, топтарға нөмірі бойынша, тауарлық, сорттарға (І, ІІ, ІІІ, ІV) бөлінген. Күшіндегі стандарттар өнімнің сапасының көтерілуін ынталандырып қана қоймай, барлық жиналған астықты тәуелсіз бағалап, оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік беру керек. Астық өнімінің тағы бір ерекшелігі оның сапасы стандартта қолдану аясына байланысты бөлінген. Мысалы: арпа дақылын пайдалану бағытына қарай, келесі стандарт-тарды жетекшілікке алады: МЕМСТ 16470-84 «Арпа. Дайындау кезінде қойылатын талаптар», МЕМСТ 5060-86 «Сыра дайындауға арналған арпа», МЕМСТ 6378-84 «Жармаға өңдеуге арналған арпа», МЕМСТ 7510-82 «Спирт өндірісінде солод дайындауға арналған арпа», МЕМСТ 25344-82 «Мал азықтық арпа», МЕМСТ 25345-82 «Экспортқа арналған арпа». Сапа көрсеткіштері алуан түрлі болса да, стандарттар оның технологиялық қасиеттерін сипаттайды. Мемлекеттік стандарттарда ең алдымен астықтың қолдану аясына байланысты анықтама беріледі. Дайындаушы жүйе арқылы мемлекет сатып алатын астықты дайын-дауға арналған деп, азық-түлік, жем-шөп және техникалық мақсатта пайдаланатын астықты жеткізілетін деп аталады. Кең тараған астық дақылдары: бидай, қара бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық, бұршақ стандарттарында техникалық талаптар дайындауға және жеткізуге арналған дәндерге бөлек әзірленген. Өнімге арналған стандарт бес бөлімнен тұрады: 1-түрлер мен түршелер немесе тауарлық жіктелуі; 2-техникалық талаптар;3-қабылдау ережелері; 4-сапасын анықтау әдістері; 5-тасымалдау және сақтау (буып-түю, таңбалау). 1. Тауарлық жіктелуі. Сапа бойынша біркелкі тауар партияларын алу үшін, кейін өңдеуші кәсіпорындарға жеткізілетін дән түрлерге, түршелерге бөледі. Онда ботаникалық (жұмсақ бидай, қатты бидай, екпелі бұршақ, жемшөптік бұршақ), биологиялық (жаздық, күздік), морфологиялық (бидай дәнінің түсі, шынылығы, сұлы мен жүгері дәнінің пішіні мен түсі, тары дәнінің, бұршақтың түсі, сорго дәнінің түсі мен қабықшасы) ерекшеліктері есепке алынады. Кейбір дақылдардың өсірілген ауданына қарай: оңтүстіктің қыстық қара бидайы, өндірістік мақсатына қарай: бұршақ, азық-түліктік, мал азықтық. Кейбір дақылдарда (арпа, қарақұмық, соя) дәнді-дақылдар тауарлық жіктелмейді. 2. Техникалық талаптар. Мұнда астықтың сапа көрсеткіштердің сандық мәні берілген, оны норма деп атайды. Нормалардың екі түрі болады: базистік және шектеулі. Дәннің базистік нормасы - дәннің сапа көрсеткіш-терінің қабылдау барысында есептелетін нормасы. Шектеулі нормалар дән сапасына қойылған ең төменгі талаптар, сол талаптар жоғары немесе төмен болса, қабылданбайды. Дәннің нан зиянкестерімен ластануы рұқсат етілмейді. Шектеулі нормалар дәннің құрамында кенелермен ластануына рұқсат береді. Дән маңызы – дәннің ақуызды заттектерінің кешені, ол суда ісінген кезде қоймалжың иілімді массаға айналады. Дән маңызының саны мен сапасына көп себеп-шарттар әсер етеді. Олар сорттық ерекшеліктер, өсіру ауданы, өсіру, астық жинау және сақтау шарттары. Алымы - дәннің базисті нормалары; Бөлімі - дәннің шектеулі норма-лары. Көрсеткіштердің келесі тобы жеке дақылдардың дәнін бағалауда міндетті болып табылады. Мысалы: бидай дәніндегі дән маңызының сапасы мен саны, ірілігі, біркелкілігі. Бұл көрсеткіштерді негізінен астық өңдеуші кәсіпорындарда анықтайды. Бидайды дән маңызының саны мен сапасына қарай топтарға бөледі.
Астықтың потенциалдық технологиялық қасиетінің қалыптасу жүйесі. Астық дәнінің қалыптасқан қасиеттері оны орудан кейін өңдеуге, сақтауда және өнімін өңдірудегі жүретін үрдістерге әсерін тигізіп, сонымен қатар өздері де өзгеріп отырады. Сондықтан әр дәннің сыртқы бейнелерін суреттейтін морфологиясы мен ішкі құрылысының өзгешіліктерін көрсететін анатомиясын білу, астық дәндеріндегі болатын үрдістерді терең түсінуге жәрдем етеді. Морфология және анатомия дәндердің технологиялық сипаттамаларының бір бөлігін құрайды.
Жалпы ережелер
Осы астық сапасының сараптау тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптар (бұдан әрi – Талаптар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және астық сапасын сараптау тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды анықтайды.
2. Осы Талаптарда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу саласы – аккредиттеу қолданылатын, сәйкестiктi бағалаудың ресми танылған объектiлерi;
2) астық партиясы – атауы бір, сапасы бойынша біртекті, бір уақытта қабылдауға, тиеп жөнелтуге және сақтауға арналған, астық сапасы туралы бір құжатпен рәсiмделген астық мөлшері;
3) астық сапасының паспорты – астық сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына және (немесе) келісімшарт талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
4) астық сапасын сараптау – көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынауды, астық сапасы паспортын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені;
5) астық сапасын сараптау жөнiндегi зертхана – астық сапасын сараптауды жүргiзу және астық сапасы паспортын беру құқығына Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген астық сапасын сараптау жөнiндегi зертхана (бұдан әрі – зертхана);
6) өтiнiм берушi – астық сапасын сараптауды жүргiзуге өтiнiм берген жеке немесе заңды тұлға;
7) сынау – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгiленген рәсімге сәйкес астықтың бiр немесе бiрнеше сипаттамаларын анықтаудан тұратын техникалық операция.
3. Зертхана жүзеге асыратын астық сапасын сараптау жөнiндегi жұмыс түрлерi аккредиттеу саласында анықталады және аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестатымен расталады.
4. Астық сапасын сараптауды белгiленген тәртiппен аттестатталған зертхана мамандары жүргiзедi.
5. Астық сапасы паспорттарының бланкiлерi үш парақты нысаннан (түпнұсқа, телнұсқа, көшірме) тұрады және қатаң есептілік бланкiлері болып табылады. Астық сапасы паспорттарының шығарылатын бланкілерін есепке алуды ұйымдастыру мақсатында астық сапасы паспортының түпнұсқасында, телнұсқасында және көшiрмесінде бiрдей нөмiрі болады.
6. Астық сапасы паспортының түпнұсқасы сұр түсті, астық сапасы паспортының телнұсқасы – көгілдір түсті, астық сапасы паспортының көшiрмесi – көк түсті болады.
7. Астық сапасы паспорты бланкісінің үш қорғаныс дәрежесi бар:
1) нөмірленуі;
2) «Паспорт» деген су белгісі;
3) рамкасы.
Сатып алынатын бланкілердің қорғаныс дәрежесiн өзгертуге және толықтыруға жол берілмейді.
Қорытынды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасын үйлестіру орталығымен ауыл шаруашылығын көтеру үшін көптеген іс-шаралар жүзеге асыруда, оның ішінде: -стандарттарды үйлестіру ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді Комиссия Кодес Алиментариус стандарттарымен үйлестіруді, ауыл шаруашылығы мен тағам өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарында НАССР (тәуекелдікті және сын бақылау нүктелерін талдау) жүйесін қолдану жөніндегі басшылықты әзірлеуді; - өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау және қадағалау ауыл шаруашылығы өнімдерін сараптау жөніндегі Ұлттық референттік зертхана салуды, облыстық және аудандық мемлекеттік ветеринарлық және карантиндік зертханаларды жаңғыртуды, жылжымалы зертханаларды сатып алуды, мамандарды ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша озық зерханалық әдістерге оқытуды, 20 жеке меншік зертханаларға бірлесіп қаржыландыру жағдайында грант беруді; -қолданбалы ауыл шаруашылығы зерттеулерін дамыту аграрлық саладағы жас ғалымдарды және жоғарғы оқу орындардың оқытушыларын шет елдерде оқытуды, қолданбалы ауыл шаруашылық зерттеулерді дамытуға грант беруді; -қолданбалы ауыл шаруашылығы зерттеулерін дамыту аграрлық саладағы жас ғалымдарды және жоғарғы оқу орындардың оқытушыларын шет елдерде оқытуды, қолданбалы ауыл шаруашылық зерттеулерді дамытуға грант беруді; - білімдерді тарату жүйесін дамыту ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге білімдерді тарату жүйесін облыстық және аудандық деңгейде қалыптастыруды, білімді тарату бойынша республикалық, облыстық және аудандық үйлестірушілерді және нұсқаушыларды шет елдерде оқытуды қамтиды. Агроөнеркәсiптiк кешеннiң бәсекелестiк артықшылықтарын дамыту Республиканың аграрлық секторы бәсекелестiк күресте табысты пайдаланылуы мүмкiн бiрқатар артықшылықтарға ие болып отыр. Агроөнеркәсiптiк кешеннiң бәсекелестiк артықшылықтарының одан әрi дамуы үшiн мыналар қажет: АӨК мемлекеттiк қолдауын арттырудың бар резервтерiн қажеттi тауар-материалдық ресурстарды арзандату бағдарламаларына жiберу; агробизнестiң ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту; материалдық-техникалық жарақтандыруды арттыру; мақсатында агроөнеркәсiптiк кешеннiң субъектiлерiн кредиттеу кезiнде пайыздық ставкаларды субсидиялау; агроөнеркәсiптiк кешеннiң өнiмiне халықаралық стандарттардың талаптарына сай жаңаларын әзiрлеу және қолданыстағы стандарттарды үйлестiру; агроөнеркәсiптiк кешен кәсiпорындарының ИСО және ХАССП талаптарына сәйкес сапаның халықаралық стандарттарына жедел өтуi бойынша шараларды әзiрлеу және iске асыру; ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ұқсату және тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарында ИСО және ХАССП халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментi жүйесiн енгiзу; ТМД-ның қолданыстағы мемлекетаралық стандарттарын (мемлекеттiк стандарттарды) және халықаралық баламалармен бiрге сынақтардың әдiстерiн көкейкестi ету және үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау; ауыл шаруашылығы шикiзаты мен өнiмдердi экспорттаушы кәсiпорындардың салалық бiрлестiктерiн (қауымдастықтарын) құруға және оның терең қайта өңдеуге жәрдемдесу; "Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын әзiрлеу және оның негiзiнде азық-түлiктiң жеке түрлерiне техникалық регламенттердi қабылдау; агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын оның салалары өнімділігінің өсуі мен кірістілігі негізінде қамтамасыз ету, отандық өнімнің бәсекелік артықшылығын дамыту; агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру; аграрлық өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз ету және оның инфрақұрылымын дамыту; Қазақстандық тауарлардың экспорттық нарықтарға жылжуы үшін негізгі бағыттар мен «тауашаларды» айқындау және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нақты «серпінді» жобаларды іске асыру; Аграрлық ғылым мен инновациялардың рөлін арттыру. Қазақстанды әлемдік экономикалық жүйеге біріктіру және экономикалық өңірлер арасында бәсекеге қабілеттілік күресті күшейту, стратегия міндеттерін іске асыру жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді, ол облыс экономикасының жоғарғы тұрақты қарқында дамуымен және өңірдегі тұрғандардың өмір сүру деңгейінің артуымен байқалады.
Қолданылған әдебиеттер.
1 Дуйсенбекова О.О. Ауыл шаруашылық салалар бойынша үрдістер мен өнімдерді сараптау. Оқулық 28. 04. 2018 ж.Алматы: Абай даңғылы, 8 ҚазҰАУ,2015-308бет
2 Дуйсенбекова О.О. «Азық түлік өнімдері: сапа және қауіпсіздік» Эвера. Баспахана Алматы 2019 323 бет
3. Сахариев С.С. «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж.
4. Баттаков Е. Тиімді астық // Аналитикалық журнал Эксклюзив. 5 мамыр, 2003ж.
Достарыңызбен бөлісу: |