V класс Сүтқоректілер – Mammalia – Млекопитающие – mammals
Қазақстанда кластың 8 отрядына бірігетін 32 тұқымдастың 178-180 түрі мекендесе, практика өтетін ауданда 5 отрядқа жататын 8 тұқымдастың 15-тен аса түрі кездеседі.
Су және сумаңы биотопында Кеміргіштер мен Жыртқыштар отрядтарына жататын 2 тұқымдастың 3 түрімекендейді (қара: Қосымша, кесте 9). Олар:
1 отряд Кеміргіштер – Rodentia –Грызуны - rodents
Тұқымдас Аламантектестер –Cricetidae –Хомяковые –hamsters,cricetids
1.1.Ондатр – Ondatra zibethicus –ондатра – muskrat, musquash
1.2.Су тышқаны –Arvicola terrestris - водяная полевка– ground vole, vole [water] rat
2 отряд Жыртқыштар – Carnivora – Хищные - carnivores
Тұқымдас Сусартектестер – Mustelidae – Куньи – mustelides, martens
2,1.Кәмшат – Lutra lutra – выдра – otter
Ондатр терісі бағалы, кәсіптік жолмен ауланатын нысан, ал су тышқаны түрлі аурулар тарататын кеміргіш болса, кәмшат (ортаазиялық түрше) саны аз, сирек кездесетін, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген, жан-жақты қорғауды қажет ететін түр.
Бұл биотопта жыл және маусым жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты жоғарыда аталған омыртқалы жануарлардан басқа да түрлер кездесуі мүмкін.
2.2 Жайылма тоғай биотопында кездесетін омыртқалы жануарлардың алуантүрлілігі
Омыртқалы жануарлардың тіршілігі үшін бұл биотоптың маңызы өте үлкен. Өйткені бұл жерде олар қорғанады, ұялайды және қорегін табады, яғни тіршілік үшін қажетті жағдайлардың бәрі жеткілікті.
Бұл биотопта Қазақстанда кездесетін қосмекенділердің (12 түр) 4 түрін, ал Бауырымен жорғалаушылардың (50түр) 5 түрін, құстардың (500 түр) 150-ден аса түрін, ал сүтқоректілердің (178 түр) 40-тан аса түрінің тіршілігі орман – тоғайлармен байланысты.
Бұл биотопта бауырымен жорғалаушылар, негізінен құстар мен сүтқоректілер көптеп кездеседі. Өйткені бұл жерде аталған жануарлар үшін біріншіден, қорек қоры жеткілікті, екіншіден ұя салуға және ін қазуға, жатақ жасауға қолайлы орындар баршылық, үшіншіден бұл биотоптың қорғаныштық қызметі жоғары болып келеді(сурет 15).
Сурет 15. Іле өзенінің төменгі ағысындағы жайылма тоғайлар - омыртқалы жануарлардың сүйікті мекендері
Практика өтетін ауданда бұл биотопта Бауырымен жорғалаушылардан Қабыршақтылар отрядына жататын 2 тұқымдастың 4 түрі кездеседі (қара:Қосымша, кесте 3). Олар:
1отряд Қабыршақтылар – Squamata – Чешуйчатые – Schuppenkriechtiere
Тұқымдас Сарыбас жыландар – Colubridae - Ужовые – typical [colubrides] snakes
1.1.Өрнекті абжылан (қарашұбар жылан) –Elaphe dione - узорчатый полоз – Dione snake
1.2.Түрлі-түсті абжылан (қарашұбар жылан) – Hemorrhois ravergieri -разноцветный полоз – mountain racer
1.3.Кәдімгі сарыбас жылан – Natrix natrix - обыкновенный уж – grass snake
Тұқымдас Айдаһартектестер – Boidae – Удавообразные – boids
1.4.Шығыс айдаһаршасы – Eryx tataricus - восточный удавчик – Tatary sand boa
Жоғарыда айтылғандай бұл биотопта құстар класының өкілдері бай және алуантүрлі. Өзен жағалауындағы тоғайларда бұл кластың 9 отрядына бірігетін 18 тұқымдасына жататын 30 түрі кездеседі (қара: Қосымша, кесте 5). Олар:
1отряд Күндізгі жыртқыштар – Falconiformes - Дневные хищные – Sacchariformes
Тұқымдас Қырғитектестер –Accipitridae –Ястребиные -Hawk
1.1.Кезқұйрық – Milvus migrans – черный коршун – Black Kite
1.2.Аққұйрықты субүркіт – Haliaeetus albicilla - орлан-белохвост– White-tailed Eagle
Тұқымдас Сұңқартектестер –Falconidae – Соколиные -Falcon
1.3.Жағалтай – Falco Subbuteo –чеглок - Hobby
1.4.Дала күйкентайы – Falco naumanni – степная пустельга – Lesser Kestrel
1.5.Кәдімгі күйкентай – Falco tinnunculus –обыкновенная пустельга - Kestler
2отряд Тауықтәрізділер –Galliformes –Курообразные - Curculate
Достарыңызбен бөлісу: |