I класс Сүйекті балықтар – Osteichthyes – Костные рыбы – bony fishes
Қазақстан су қоймаларында сүйекті балықтар класының 16 отрядына жататын 153 түрі (2017 жылғы жағдай бойынша) есепке алынса, ал практика өтетін ауданда (Іле өзенінің төменгі ағысы) 3 отрядтың 20 түрі кездесуі мүмкін. Олар:
1 отряд Тұқытәрізділер – Cypriniformes – Карпообразные – cyprinid [carp-like] fishes
Қазақстанда 3 тұқымдастың 39 туысқа бірігетін 64 түрі мекендейді. Бұлардың сыртқы пішіні, дене тұрқы, тіршілігі, көбеюі және мінез-құлқы алуантүрлі болады. Практика өтетін ауданда 2 тұқымдастың 13 түрі кездесуі мүмкін (қара: Қосымша, кесте 2).
Тұқымдас Тұқытектестер –Cyprinidae –Карповые – carps (and allies)
Амур шабағы – Pseudorasbora parva – чебачок амурский – stone moroco
Ақ амур – Ctenopharyngodon idella – белый амур – grass [Chinese] carp
Кәдімгі ақмарқа – Aspius aspius – жерех обыкновенный - asp
Бөз мөңке – Carassiusa gibelio – карась серебряный – goldfish, golden carp
Дөңмаңдай – Hypophthalmichthys molitrix – белый толстолобик – silver carp
Жетісу гольяны – Phoxinus brachyurus - cемиреченский гольян – short-tailed minnow
Қытай кекіресі – Rhodeus sinensis – горчак китайский – Amur bitterling
Сазан – Cyprinus carpio – сазан - carp
Тарақ балық – Leuciscus leuciscus –елец обыкновенный- dace
Торта – Rutilus rutilus –плотва - roach
Тыран – Abramis brama – лещ - bream
Тұқымдас Балиторлар немесе талмабалықтар –Balitoridae – Балиторовые или Гольцы речные - chars
1.12.Северцов талмабалығы – Nemacheilus (Triplophysa) sewerzowi – голец Северцова – Severtzovs stone loach
1.13.Біртүсті талмабалық - Nemacheilus (Triplophysa) labiatus –одноцветный губач – plain stone loach, plain gubach
Тұқытәрізділер – кәсіптік, әуесқойлық жолмен ауланатын маңызды объектілер, кейбір өкілдері бөгенде (тоғанда) және аквариумде өсіріледі.
2 отряд Жайынтәрізділер – Siluriformes – Сомообразные - sheatfishes
` Қазақстанда және практика өтетін ауданда отрядтың бір тұқымдасына жататын бір ғана түрі мекендейді.
2.1. Кәдімгі жайын – Silurus glanis – сом обыкновенный – wels catfich,sheatfich
Кәсіптік маңызы бар балық.
3 отряд Алабұғатәрізділер – Perciformes – Окунеобразные – perch-like [spiny-finned] fishes
Қазақстанда 3 тұқымдастың 14 туысына жататын 38 түрі есепке алынса, оқу-дала практикасы өтетін ауданда 2 тұқымдастың 3 түрі кездесуі мүмкін.
Тұқымдас Алабұғатектестер –Percidae – Окуневые – perches, dartes
3.1. Көксерке – Sander lucioperca – судак обыкновенный – sander, European pike-perch
3.2. Берш – Sander volgensis – берш – Volga zander
Тұқымдас Жыланбасбалықтар –Channidae - Змееголовые
3.3. Кәдімгі жыланбас балық – Channa argus –змееголов – Amur snakehead
Бұл балықтардың кәсіптік маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |