16. Карл Линнейдің 1735ж жарыққа шыққан еңбегі.
А) “ табиғат жүйесі” Б) “ізденіс күндклігі”
С) “табиғи тарих”
17. Ж. Бюффон “Табиғи тарих” атты еңбегі қашан жарық көрді.
А) 1748
Б) 1749 С) 1750
18. Жүйелеудің атасы.
А) Карл Линней Б) Аристотель
С) Ж. Бюффон
19. Жануарлар физиологиясы қай салалармен тығыз байланысты.
А) құсшылық. Аңшылық
Б) медицина. Ветеринария С) балықшылық. Психология
20. Жануарларта потолоұиялық ауытқуларды анықтауға мүмкңндік береді
А) адам физиологиясы
Б) биология
С) жануарлар физиологиясы
Терминдер 1. Зоология (көне грекше : зоо- жануар/логос- ғылым) жануарлар организмдерін құрылцсын, қалыптасуы мен дамуын, жүйеленүін, жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым – қатынасын, тіршілік ортасымен байланысымен тарихи дамуы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
2. Анатомия (гр. ἀνα - үстінен + гр. τέμνω- кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін құрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым.
3. Гистология — (грек. hіstos – ұлпа және logos – ілім) – тірі ағзалардың (адам, жануар және басқа да көпжасушалы ағзалардың) ұлпаларын, олардың түзілуін, құрылымын, қызметін және өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым.
4. Физиология (грекше φυσις, physis, "табиғат,тек-тамыр"; және λόγος, logos, "ғылым") тірі ағзаның механикалық, физикалық және биохимиялық функциясының ілімі.
5. Зоогеография(грекше: zoon - жануар және география) – Жер шарындағы жануарлар дүниесінің таралуы мен олардың орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
6. Жүйеленім, систематика (грек. systematіkos – тәртіпке келтірілген), биологияда – Жер бетінде тіршілік ететін барлық ағзалардың және бұрын тіршілік еткен ағзалардың қазба қалдықтарының туыстық қарым-қатынасын, олардың жеке түрлері мен түрлер тобының байланысын зерттейтін биологияның бір саласы.
7.