Зоологияның медицина және ауыл шаруашылығымен байланысы



бет4/4
Дата03.12.2023
өлшемі23,12 Kb.
#133654
1   2   3   4
Байланысты:
божкопия

Палеозоология (палео… және зоология) – геологиялық өткен дәуірлерде тіршілік етіп, өліп біткен қазба жануарлардың құрылысын, таралуын, өзара және осы кездегі жануарлармен туыстық қатынасын зерттейтін ғылым. 
8. Филогенез немесе филогения (көне грек. φῦλον, phylon — тайпа, нәсіл мен көне грек. γενετικός, genetikos — туылумен байланысты), — - организмдердің тарихи дамуы. 
9. Жануарлар морфологиясы — (грекше morphe-пішін) денесінің пішіні мен құрылысы, олардың жекеше және тарихи эвоюциялық дамуы туралы ғылым.
10. Жануарлар эмбриологиясы (грек. embryon — ұрық) — Ж-дың ұрықтық немесе эмбриондық дамуын, кең мағынада алғанда жеке организмнің (онтогенезде) дамуын толықтай зерттейтін ғылым. 
11. Жануарлар гистологиясы(грекше hіstos — тін, ұлпа) — жануарлар жасушаларының, оның өте ұсақ құрылымдық құрылысын, тіндерінің шығу тегі мен дамуын зерттейтін биологияғылымының, оның ішінде жануарлар морфологиясының бір саласы.
12. Жануарлар физиологиясы(грекше physіs – табиғи) – жануарлар организмінің, оның жеке жасушалары, тіндері мен органдарының, қызмет жүйелерінің тіршілігі туралы ғылым.
13.  Жануарлар генетикасы(грекше genesіs – шығу, пайда болу, тек) – жануарлардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым.
14. Протозоология — зоологияның бір клеткалы жануарларды — қарапайымдарды зерттейтін бөлімі. Протозоологияны кейде протистология деп те атайды.
15. Энтомология (грек. entomа – жәндіктер және logos – ілім) – жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы.
16. Ихтиология (лат. ichthys - балық және логия) - балықтар мен дөңгелекауыздыларды, (миксиндер мен тілтістер) зерттейтін омыртқалылар зоологиясының бөлімі.
17. Герпетология (грек. herpeton – бауырымен жорғалаушылар және logos – ілім) – бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділерді зерттейтін ғылымзоологияның бір саласы
18. Орнитология (грек. ornіtos – құс және logos – ғылым) – зоологияның құстар, олардың жүйеленімі, жекеше және тарихи дамуы, физиологиясы, экологиясы, жер бетіне таралуын зерттейтін саласы. 
19. Териология (көне грекше: θηρίον – аң және λόγος – ілім) – зоология ғылымының сүтқоректілер мәселесін зерттейтін саласы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет