Қ. Жұбанов атындағы АӨу филология факультеті “қазақ филологиясы” кафедрасы Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы осөЖ-13 Тақырыбы: етіс категориялары Орындаған: жақанқызы М., Шарипова ж. Тексерген: Алдашев н

Дата10.05.2023
өлшемі0,57 Mb.
#91575

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ “қазақ филологиясы” кафедрасы Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы ОСӨЖ-13 Тақырыбы: ЕТІС категориялары Орындаған:жақанқызы М., Шарипова ж. Тексерген: Алдашев н.

  • Етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі, әдетте, етістер я етіс категориясы деп аталады. Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай: «ол онан жөн сұрады; олар бір-бірінен жөн сұрасты; ол онан жөн сұратты; онан жөн сұралды; деген сөйлемдердегі етістік (сұрады, сұрасты, сұратты, сұралды, сұранды) формалардың сондарындағы өткен шактың қосымшасын (-ды, -ты) алып тастағаннан кейінгі сұра, сұрас, сұрат, сұран етістіктерін бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады..

Екіншіден, етіс категориясымың формаларында субъ-екті мен объектінін амалға қатысын, керісінше. амалдың (әрекеттің) субъекті мен объектіге қатысын білдіретін грамматикалық сипаты күшті. Демек, етіс формалары сөйлемніц грамматикалық құрылысына өзгеріс енгізіп отырады.

  • Екіншіден, етіс категориясымың формаларында субъ-екті мен объектінін амалға қатысын, керісінше. амалдың (әрекеттің) субъекті мен объектіге қатысын білдіретін грамматикалық сипаты күшті. Демек, етіс формалары сөйлемніц грамматикалық құрылысына өзгеріс енгізіп отырады.
  • . Мысалы, сұра етістігі тек біреуден біреу бірдемені я бірдеме туралы жай сүрауды ғана білдірсе, екінші сөйлемдегі сұрас формасы амалға бір субъекті емес, кемі екі я онан да аса субъекті катысатынын және жен-жосықты біреуі біреуінен ғана емес, бір-бірінен сұрасқанын білдіреді; сөйлемнің қүрылысын өзгертеді.

Етістің түрлері:

  • Етістер түрлеріне, олардың мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді:
  • 1) негізгі етіс, 2) ортақ етіс, 3) өзгелік етіс, 4) ырықсыз етіс, 5) өздік етіс.
  • негізгі етіс деп өзге етіс формаларына таяныш— негіз болатын, солардың түрлерін, мағыналарын, қызметтерін салыстырьіп айқындайтын форманы — айтамыз (бар, кел, сөйле, ақта, арала, құрсаула, оян, қуан, құшақта, ермек ет, еңбек сіңір, ән сал, түсініп ал, сұрап қой т. б.)

2) Ортақ етіс -с (-ыс, -іс) жұрнағы арқылы негізгі етіс формасынан (етістік негізінен) жасалады. Бұл жұрнақ негізгі етістікке амалды (істі) кемі екі я онанда аса субъекті қатысып жүзеге асыратындықты білдіретін мән үстейді, демек, бірнеше субъектінің катысуы арқылы жүзеге асатын амалды білдіреді.

Мысалы: әкеліс, апарыс, артыс, көріс, келіс, қарас, таныс, ат салыс т. Б.

3) Өзгелік етіс -т; -тыр, (-тір, -дыр, -дір); -қыз (-кіз, ғыз, -гіз) жұрнақтары арқылы және сол жүрнақтардың қабаттаса жалғануы арқылы негізгі етіс формасынан жасалады. Бұл жұрнактар етістік негізінің мағынасына амалды (істі) басқа бір бегде адам (субъекті) арқылы істелуін білдіретіндей мән үстейді. Мысалы, азайт, көбейт, білдір, айтқыз, бергіз, қойғыз.

4) Ырықсыз етіс -ыл (-іл, -л) жұрнағы арқылы және етістік негізінде л дыбысы болса, -ын (-ін, -н) жұрнағы арқылы жасалады. Бұл жұрнақ етістік негізінін мағынасына амал ырықсыз (өздігінен) істелетіндей мән жасайды, үстейді, бірақ ол формадан амалды кім істе гені, яғни субъектісі көрінбейді де, көбінесе логикалык объекті есебінде қызмет етеді. Мысалы: қой қамалды; үй жиналдьі; жіп үзілді; түйін шешілді; кір жуылды, қора тазаланды; ине сабаңталды; қар күрелді;

5) Өздік етіс -ын (-ін, -н) жұрнағы етістік негізіне жалғану арқылы жасалады. Бұл жұрнақ етістік негізіне амалдың (істің) шарпуы я нәтнжесі оны жасаушы субъектінің өзіне тиетінін білдіретіндей мән жасайды.

Мысалы, тара-н, жу-ын, ора-н, ки-ін, көр-ін, сұра-н, ойлан т. б.

Пайдаланылған әдебиет:

  • А.Ысқақов “қазіргі қазақ тілі”.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет