1. Қақырықты сапалы жинауға ең маңызды болып табылады: Қақырықты жинау ережелерінің сақталуын қадағалау +



Дата27.09.2024
өлшемі83,33 Kb.
#145870
Байланысты:
ГОСТА КЕЛГЕН ВОПРОСТАР ФЕЛЬДШЕР


1. Қақырықты сапалы жинауға ең маңызды болып табылады:

Қақырықты жинау ережелерінің сақталуын қадағалау +


Қақырық жинау бөлмесінің болуы
Арнайы контейнерлердің болуы
Тек таңғы уақыттарда қақырықты жинау
Тек кешкі уақыттарда қақырықты жинау


2. Бүйректің функционалдық жағдайын бағалайтын зәр талдауы?


Зимницкий сынамасы +
Нечипоренко сынамасы
Зәрдің жалпы талдауы
Зәрді бактериологиялық зерттеу
Амборже сынамасы


3. Кардиология бөлімінде стационарлық емде жатқан пациентте тұншығу ұстамалары, ауа жетіспеу сезімі, ұстама түрінде болатын продуктивті емес жөтел байқалады. Объективті қарау кезінде жағдайы ауыр дәрежелі, пациент мәжбүрлі қалыпта – төсекте алға қарай еңкейіп, екі қолына тіреніп отыр (ортопноэ қалпы). Бет әлпеті қиналған, тері жабындылары бозарған, цианозды реңі бар. ТЖ 28/мин, ЖСЖ 93/мин, АҚ 150/90 мм.с.б. Жедел жәрдем көрсетудің негізгі мақсатын анықтаңыз:


Пациенттің жағдайын бақылауды жүзеге асыру
Өнімсіз жөтелді өнімдіге айналдыру
Пациентті ортопноэ жағдайынан қалыпты жағдайға қайтару
АҚ деңгейін қалыпты көрсеткіштерге дейін төмендету
Тұншығу ұстамасын басу +

4. Асқазанды шаю үшін дайындау қажет:


Жане шприцін 5 пробирка, 33% магний сульфат ерітіндісін


Асқазан сүңгісін(зонд), 8 пробирка , гистамин ерітіндісін
Эсмарх құрылғысын ( кружка), штативті, марганцовка ерітіндісін, дәрет ыдысын(судно)
Ұзындығы 50 см сүңгіні (зонд), 3 пробирка , 33% магний сульфат ерітіндісін
Ұзындығы 120 см сүңгіні (зонд), воронканы, шылапшынды, суды +


5. ЖМК фельдшері 4 жасар қызға ЖРВИ диагнозын қойды. Анамнезінен бала бірінші қалыпты жүктіліктен екені анықталды. Босану жедел, физиологиялық болды, бала өз жасына сай өсіп, дамыды. Ол 3 жасынан бастап балабақшаға барды, ЖРВИ жиі ауыра бастады. ЖРВИ соңғы эпизоды 2 ай бұрын болған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 15 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес денсаулық тобын анықтаңыз 2020 № ҚР ДСМ 264/2020


1 топ
2 топ +
3 топ
4 топ
5 топ

6. Науқас А. бірнеше апта бұрын гастростома орнатылған, үйге шығарылуға дайындалып жатыр. Науқас өзін жақсы сезінеді, бірақ та үйіне барған кезіндегі жағдайға байланысты алаңдап жатыр. Ол медициналық қызметкерлердің көмегінсіз өзінің жаңа қалпына үйрене алмаймын деп қорқады. Медбикеге не жасау қажет?


Туысқандарына үй жағдайындағы гастростомаға күтім ережелеріне үйрету +


Науқасты арнайы әдебиетпен қамтамасыз ету
Аурудың алдын алу мен оның асқынулары туралы сөйлесу
Сауықтандыру сұрақтар бойынша отбасы мүшелеріне кеңес беру
Науқасты қолдау

7. Төменде көрсетілгендердің қайсысы шашыранды склероздың клиникалық сипаттамасы болып табылады


Деменция
Көрудің нашарлауы +


Клоникалық тырысулар
Бұлшықет атрофиясы
Алопеция

8. Науқас 22 жаста. Бетінің сол жақ жағының ұстама тәрізді ауырсынуына, жас ағуға, мұрыннан шырыштың бөлінуіне, сілекейдің ағуына шағымданады. Берілген диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?


бет нервiнiң невриті


үшкiл нервтiң невралгиясы +
мойын остеохондрозы
бас миынын iсiгi
геморрагиялык инсульт

9. 18 жастағы колледж студенті дене шынықтыру сабағында кенет құлап, тоникалық-клоникалық құрысулар пайда болды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. «Эпилепсия» диагнозымен есепте тұратына анықталды. Қарап тексергенде: есін жоғалтқан, ауыздан көбік сілекей бөлінеді. Ұстама шамамен 3 минутқа созылған. Содан кейін жас жігіт ұйықтап кеткен. Жедел көмек көрсету үшін эпилепсияға қарсы препаратты енгізу қажет:


Сибазон +


Никотин қышқылы
Ацетилсалицил қышқылы
Магний сульфаты
Леводопа

10. Шұғыл маниакальді ұстаманы тию және аффективті ұстаманың алдын алуда қолданылады:


Ноотроптар


Нормотимиктер +
Нейролептиктер
Транквилизаторлар
Седативті препараттар

11. Тоникалық құрыспа, көздің алаюы, мойынның қисаюы қай препаратты қолданғанда пайда болады:


Амтриптилин


Тегретол
Барбамил
Галоперидол +
Финлепсин

12. Сыныптастары жас жігітке жедел жәрдем бригадасын шақыран. Фельдшер тексергеннен кейін опиаттың артық дозалануы анықталды. Фельдшер опиаттың артық дозалануы үшін қандай антидотты қолданады?


Налоксон +


Унитол
Атропин сульфаты
Этанол
Аскорбин қышқылы

13. Науқас ванна қабылдағаннан кейін, құлағында бөгде заттың болу сезіміне және оң жақ құлақтың естуінің төмендеуі, аутофия шағымдарымен дәрігерге қаралды. Диагностикаға қажетті әдісті таңдаңыз


Мұрынның қосалқы қуысының рентгені


Риносокпия
Ларингоскопия
Отоскопия +
Аудиометрия

14. Дәрігер науқасқа назогастральды зонд арқылы тамақтандыруы тағайындады. Бұл тамақтандыру әдісіне қарсы көрсеткіштер


Тілдің зақымдануы және ісінуі


Жұтыну және сөйлеудің бұзылысы
Ес-түссіз жағдай
Психикалық ауруда тамақтанудан бас тарту
Асқазан ойық жарасының өршуі +

15. Мейіргер ҚЖКЖК (КБСУ) «Б» класс төрттен үш көлемге толтырылып, қақпағын мықтап жауып, медициналық қалдықтарды сақтайтын бөлмеге апарды. ҚЖКЖК медицниалық қалдықтарды сақтау қоймаларында сақталады


3 тәуліктен артық емес +


1 тәуліктен артық емес
5 тәуліктен аспайды
10 тәуліктен аспайды
Бөлме толған сайын

16. Көкбауыр пальпациясы пациенттің қай қалпында жүргізіледі


Оң қырында +


Сол қырында
Шалқасынан жатқанда
Отырғанда
Тұрғанда

17. Төменгі жақ сынығы кезінде қандай таңғыш қолданылады


Тасбақа тәрізді


Масақ тәрізді
Сақпан тәрізді +
Дезо
«Қолғап»

18. Ана сүтімен тамақтандырудың маңызы жайлы анасымен әңгімелесу өткізілді. Сөйлесу барысында ана сүті ерте постнатальды кезеңде айқын өзгеріске ұшырайтынына аса назар аударылды. Жетілген сүттің пайда болу механизмін көрсетіңіз


Алғашқы тәуліктер


2-5 күн
6-10 күн
11-15 күн
15 күннен кейін +

19. Бала өздігінен жүреді, көмексіз отырады, болмайды деген сөзді түсінеді, 8-10 сөз айтады, өздігінен кеседен іше алады (кесені қолымен алып, үстелге қояды). Баланың жасын анықтаңыз


8 ай
9 ай


3 ай
7 ай
12 ай +

20. Қалыпты менструальды циклы бар әйелдің етеккірі 20 күнге дейін кешігуінен кейін, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуымен, аз мөлшерде қанды бөліністеп пайда болу себебі?


Басталған түсік +


Гипоталамус-гипофиздік-веналық жүйенің бұзылған функциясы
Бұзылған эктопиялық жүктілік
Эндометриоз
Патология болып есептелмейді

21. Операция кезінде наукаста сигма тәрізді ішектің ісігі анықталды және колостома салынды. Операциядан кейінгі 2-ші күні ота орнындағы таңғыш көп мөлшерде ішектік құраммен сулана бастады. Науқас алаңдаған, көңіл күйі жоқ, оны туған-туысқандарының өзіне деген қатынасы мазалайды. Ол өзімен бірге тұратын қызына масыл боламын деп уайымдайды. Науқасты ең басты мазалайтын мәселе ішектік жыланкөздiң болуы. Ол жыланкөз аймағындағы терісіне өзі күтім жасай алатынына күмәнді. Науқастың ауруханадан шығуы кезінде қандай іс-шара ең тиімді болатын еді?


наукаска және оның қызына теріні күтуді және нәжіс қабылдағышты колдану ережелерін үйрету +


тамақтану режимін сақтау туралы науқаспен сөйлесу
науқасқа психологиялық қолдау
рациональды тамақтану туралы сөйлесу
науқасты арнайы әдебиетпен қамтамасыз ету

22. Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігмен асқынған ЖИА жөнімен түсті. Аяқтарының ісінуіне, айтарлықтай үлкейгеніне, жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Төсектегі қалпы мәжбүрлі - ортопноэ. Тері жабындары көкшілденген. Аяқ басы мен балтыры ісінген, АҚ 140/90 мм сынап бағаны. Ішінің көлемі үлкейген. Төменде берілген ем шаралардың қайсысын науқасқа үйрету қажет?


Дене температурасын өлшеу ережесімен


Жеке гигиена ережесімен
Ісінуді анықтау ережесімен
Су балансын анықтау ережесімен +
Пульсті анықтау ережесімен

23. Егде және кәрі жастағы науқастарда ЖИА басым қысылу сезімімен, кеуденің сол жақ жарытысында қысылумен, оның сол жақ жауырынға, иық, жақ және мойынға берілуі тән. Егде және кәрі жастағы адамдарда жиі кездесетін миокард инфарктiнiн түрін көрсетіңіз?


ангинозды +


астматикалық
перифериялық
ауырсынусыз
абдоминальды

24. Егде адамдарға ұсынылатын физикалық жүктемені атаңыз?


Жүгіру
Жаттығу құрылғысында айналысу
Таңертеңгілік жаттығу+
Ауырлық көтеру
Фитнес-бағдарлама

25. 27 жастағы әйел кенеттен іштің қатты ауыруына, оның тік ішекке берілуі жалпы әлсіздік бас айналуына байланысты ЖМК бригадасын үйге шақыртты. Анамнезінде: босану- 2 физиологиялық, медициналық аборт-1 , созылмалы сальпингоофорит. Менструациясы 14 күнге кешіккен. Объективті: терісі және көретінетін шырышты қаббаттары бозғылт, пульс 98 минутына, АҚ 10/65 мм. сын. б.б. Іші жұмсақ, тыныс алу актісіне қатысады, оң жақта мықын аймағын пальпациялау қатты ауырсынуыға байлынысты қиын. Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөлініс анықталды. Болжамды диагноз:


Жатырдан тыс жүктілік. Оң жақтағы түтіктің жарылуымен үзілуі. Геморрагиялық шоктың жеңіл дәрежесі +


Жедел аппендицит
Оң жақта аналық бездің апоплексиясы. Геморрагиялық шок жеңіл дәрежесі
Өздігінен түсік түсіру
Оң жақты жедел сальпингоофарит

26. Ауыр дәрежелі преэклампсияға тән АҚ көрсеткіштері қандай?


140/90 мм. сын. бағ


110/70 мм. сын. бағ
120/80мм. сын. бағ
160/110 мм. сын. бағ +
100/60 мм. сын. бағ

27. Жаңа туған нәрестелерде асфиксия дамуынын антенатальдык кауiп факторын керсетiнiз:


преэклампсия, көп сулы жүктiлiк +


плацентаның ажырауы, иыктар дистоциясы
инструментальды босану
босану әрекетінің ауытқуы, аз сулы жуктiлiк
көп сулы жуктiлiк, мерзiмiнен кеш босану

28. Жүкті әйелде гестацияның 28 аптасында эклампсия ұстамасы пайда болды. Шұғыл көмек көрсету үшін қажетті дәрілерді таңдаңыз:


20 мл 25% магний сульфатын көк тамырға, содан кейін 80 мл 25% магний сульфатын 320 мл физиологиялық ерітіндімен баяу тамшылатып жібереміз+


10 мл 25% магний сульфатын көк тамырға, содан кейін 80 мл 25% магний сульфатын 320 мл физиологиялық ерітіндімен баяу тамшылатып жібереміз
Нифедипин 10 мг ішке 20 минут сайын
Эналаприлат 1,250 мг 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен
Пропранолол 0,1% 1мл, 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен көктамыр ішіне

29. Бұрын босанған 30 жастағы жүкті әйел мерзімінде босанды, салмағы 3500,0 гр. қыз бала, тұншығусыз дүниеге келді. Босанудың 3-ші кезеңін өткізу мақсатындағы сіздің жасайтын әрекетіңіз?


Гипотониялық қан кетудің алдын алу үшін 1,0мл метилэргометрин венаішілік енгізу


Бала жолдасының ажырау және бөліну белгілерін күту
Босанудың 3-ші кезеңін белсенді өткізу үшін бұлшық етке 10 МЕ окситоцин енгізу +
Жатыр қуысын қолмен тексеру
Жатырдың бимануальды компрессиясы

30. Жатыр мойнын айнамен қарау жуктiлiктiң қай мерзiмiнде жүргiзiледi?


Жүктiлiктiн әр аптасында


Алғаш келгенде, 30, 38 аптада +
20 аптага дейін 2 рет
Әр кабылдауға келген сайын
Жуктiлiктiң 30 аптасында

31. К, есімді 5 жастағы қыз бала фельдшердің қабылдауында анасы дөрекі үрмелі жөтелге, дене қызуының көтерілуіне, мұрнынан су ағуына шағымданып келді. Ауырғанына 2 ші күн бала дене қызуының көтерілуінен басталып ауырған. Бүгін түнде баланың жағдайы кенеттен нашарлап тыныс алуы қиындаған. Жағдайы орташа ауырлықта, жиі дөрекі үрмелі жөтел мазалайды, ішкі ағзаларында ешқандай патология жоқ. Төменде көрсетілгендердің қайсысы осы ауруға алып келді?


Көмей стенозы +


Бронхтар стенозы
Бронхиалдар стенозы
Өңеш стенозы
Ішек стенозы

32. Қабылдауға келген 8 жасар баланың анасының шағымдары, баласының тәбетінің жақсы болуына қарамастан, ол әлсіз. Тез шаршайды. Соңғы кезде үлгерімі де төмендеген. Қарап көргенде қызуы жоқ. Тері қабаты құрғақ, таза. Ауыз қуысы таза. Сұрағанда бала өзіңің көп шөлдейтін, көп мөлшерде зәр шығаруына және қарны тез ашатынын айтты. Осы белгелер қай ауруға тән?


Қант диабеті +


Гипертиреоз
Анемия
Симмондс ауруы
Гипотиреоз

33. Фельдшер үйге шақырылды. Анасының айтуы бойынша балада бес күн бұрын дене қызуы көтеріліп, жедел ауырған, бір күннен кейін бөртпелер пайда болған. Объективті бетінде және кеуденің жоғары бөлігінде гиперемияланған фонда дақты папулалы бөртпелер анықталды. Бөртпелер кей жерлердің бір-бірімен біріккен. Балада іріңді конъюктивит, фотофобия, мұрыннан серозды бөліністер бөлінеді. Т 37,8 С, пульс 120 минутына, ТАЖ 28 минутына. Клиникалық белгілер тән?


Қызылша +


Скарлатина
Менингококк инфекция
Желшешек
Қызамық

34. Балаға 1 жас 7 ай. Анасы баласының кенеттен туындаған жөтеліне, 15 минуттан кейін басылған ентігуге шағымданады. Жалпы қарауда: дене қызуы қалыпты, бала белсенді, аускультация кезінде өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде дем шығарғанда ысқырықты сырылдар, перкуторлы қорапты дыбыс. Сіздің болжамды диагнозыңыз:


бронхты демікпесі


обструктивті бронхит
бронхтағы бөгде зат +
бронхиолит
көкжөтел

35. Фельдшер патронажға барғанда, жаңа туған нәрестенің бөксесі мен шап аймағы терісінің гиперемиясы анықтады. Анамнезінен баланың анасы памперсті сирек ауыстыратынын анықталды. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, белсенді сорады, дене қызуы қалыпты. Жаңа туған нәрестеде дамыған ауруды анықтаңыз


Баздану +


Скарлатина
Желшешек
Қызылша
Безеу

36. Неғұрлым айқын гемостатикалық әсері бар қан компоненті:


Лейкоцитарлық масса


Альбумин
Тромбоцитарлық масса +
Глобулин
Эритроцитарлық масса

37. Сіз жас ер адамның мотоциклдан құлағандығының куәгері болдыңыз. Сізден көмек көрсетуді сұрады. Қарау барысында сол жақ санының сыртқы беткейінде ірі көлемді соғылған жыртылған жара анықталады, құммен ластанған, қан кету белгілері жоқ. Сізде тек қана автокөліктік медициналық қорапша бар. Сіздің тактикаңыз?


Ауырсынуды басушы дәрілік заттарды беру, жараға йод ерітіндісін құйып дәкемен орау


Ауырсынуды басушы дәрілік заттарды беру, жара шеттерін йод ерітіндісімен өңдеп, дәкені салу, госпитализация +
Науқасты тыныштандыру, аяғын байлап, стационарға госпитализациялау
Жараны асқын тотықпен жуып, таңғышпен орап, үйге жіберу
Жарадан барлық бөгде денелерді алып тастау, жараны йод ерітіндісімен өңдеу, дәкемен орау

38. ЖМЖ фельдшері 18 жастағы науқасқа жедел аппендицит диагнозын қойды. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі фельдшердің іс- әрекеті:


Хирургиялық бөлімшеге шұғыл госпитализация +


Наркотикалық анальгетиктермен ауырсынуды басу, хирургиялық бөлімге шұғыл госпитализациялау
Наркотикалық емес анальгетиктермен ауырсынуды басу, хирургиялық бөлімге шұғыл госпитализациялау
Спазмолитиктермен ауырсынуды басу, хирургиялық бөлімге шұғыл госпитализациялау
Ауырсынуды спазмолитиктермен басу, емханаға баруды ұсыну

39. Сіз оқиға болған жерде ауыр күйдегі науқасты байқадыңыз. Демікпе, айқын, цианоз, ЖСК 116, АҚ 110/70 мм. сын. бағ. Перкуссия кезінде оң жақта тимпанит, көкіректің солға жылжуы анықталады. Аускультацияда демалудың оң жақта әлсіреуі анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз:


Жіті ми қанайналымының бұзылуы


Жіті коронарлы синдром
Кенеттен болған пневмоторакс +
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Қолқа коарктациясы

40. Қабылдау бөліміне үйдің шатырынан құлап зардап шеккен 47 жастағы пациент жеткізілді. Болжамалы диагноз: кеуде торының ашық жарақаты, кернеулі клапанды пневмотораксоң жақтағы V-VI қабырға сынуы. Шағымдары: ентігудің күшеюі, жара аймағындағы қатты ауырсыну. Объективті: пульс- 110 соққы 1 мин, АД- 80/60 мм рт., алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша V-VI қабырға аймағындағы оң жақта жыртылған жара. Медициналық көмек көрсету кезіндегі нақты (приоритетті) іс- шараны анықтаңыз:


Науқасты шұғыл госпитализацияға көндіру


Артериялық қан қысымын, пульсті бақылау
Науқасты арқасынан жатқызып,жүрек преапараттарын енгізу
Жартылай отырған қалып беру, оккюзионды таңғыш салу +
Науқасты психоэмоциональды тыныштандыру

41. Бас-ми жарақаты кезінде «жарық аралықтан (светлый промежуток)» кейін неврологиялық симптомдардың күшеюі қай жағдайға тән:


Бас миының ісінуіне


Транзиторлы ишемиялық шабуылында
Бас миының шайқалуында
Менингитте
Бас миының қысылуында +

42. С, есімді науқас 36 жаста, қасапшы болып жұмыс істейді, оң қолының білек тұсына "сыздауық" шығуына шағымданады. Оң білегінде тығыз, ортасы ойысқан, жиегі везикулалардан құралған тәжбен қоршалған айқын қабынулық сірнелі сұйықтығы бар диаметрі 5 мм некроздық ойық жара анықталады. Қоршаған жұмсақ тіндердің айқын ісінгені. Көрсетілген түзіліс- бұл:


Тілменің буллезді түрі


Жара дифтериясы
Инфицирленген жара
Сібір жарасының карбункулы +
Білек флегмонасы

43. Науқас реанимация бөлімшесінде аппараттық вентиляцияда жатыр. Трахеостомиялық түтікшенің трахеямен төмен ығысуын қандай көрсеткіш көрсетеді?


Артериялық қысымның жоғарылауы


Сырлардың пайда болуы
Артериялық қысымның төмендеуі
Кеуде клеткасның бір жағында тыныстың төмендеуі+
Тырысулардың пайда болуы

44. 26 жасар Б ер адам, мотоциклдан құлаған. Сол жақ иық аймағының ауырсыну сезіміне шағымданады. Қарау барысында сол жақ бұғананың ортаңғы 1/3-дегі ісіну, деформация, ауырсыну және крепитация байқалады. Қандай иммобилизациялық таңғыш салу керек:


Масақ тәрізді таңғыш


Тасбақа тәрізді таңғыш
Дезо таңғышы +
Спираль тәрізді таңғыш
Крест тәрізді таңғыш

45. Науқас липоманы алып тастау үшін хирургқа жүгінді. Анестезия түрін көрсетіңіз


Жергілікті инфильтрациялық анестезия+


Кетаминді анестезия
Барбитруриялық анестезия
Азот оксиді бар маскалық анестезия
Ингаляциялық анестезия

46. Артерия жарақаты кезінде қан тоқтатушы байламды босатар алдында:


Натрий этамзилаты көктамыр ішіне


Артерияны байламнан жоғары қысу орындалады +
Жарақаттанған жерге қысатын байлам салынады
Қосымша іс шараларды қажет етпейді
Гемостатикалық губка салынады

47. Травматологиялық пунктке, сол аяғынан тайып, құлаған 55 жасар әйел адам әкелiндi. Сол жак тобык аймағын караған кезде 15х8 см келемiнде терең емес жара бар, топыракпен ластанган, мейіргер жаранын бiрiншiлiк хирургиялык өңдеуiн жүргiздi: ластануларды алып тастады, жараны асқын тотык ерiтiндiсiмен өңдедi, құрғатты, стерильдi дәкенi салып, оны бекiттi. Жараны өңдеуде қандай шара жасалмады


Жара шеттерін өңдеу +


Тегiс емес шеттердi қайшыен қию
Тігістерді салу
Жараны дренирлеу
Фурациллинге малынган дәкенi салу

48. 60 жастағы Ш. есімді ер адам ауруханаға ессіз күйде түсті. Әйелінің айтуынша 1,5 айдан бері ауырады: әлсіздікке, шөлдеуіне, жиі кіші дәретке баруына, салмағының азаюына шағымданған. Бүгін таңертеңнен бері жағдайы нашарлап, қайталап құсқан, ауызы құрғаған, көз алдында елестер болған, аузынан ацетон иісі шығады. Объективті: жағдайы ауыр, есі жоқ, рефлекстері тежелген, терісі құрғақ,тыныс алуы сирек шулы, көз алмасы жұмсарған, науқастың айналасынан ацетон иісі шығады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы осы ауруға тән?


Гиперглиекемиялық кома+


Гипогликемиялық кома
Тиреотоксикалық криз
Гипотиреоидты кома
Уремиялық кома

49. А есімді 35 жастағы ер адам 103 бригадасын шақырды. Тексеру кезінде ол кенет әлсіздікке бас айналуы «кофе тұнбасына» ұқсайтын құсуға шағымданады анамнезінде 3 жыл бойы асқазанның ойық жарасы бойынша есепте тұрады. Мерекеде қатты алкогольді ішкеннен кейін 2 күн ішінде жағдайдың нашарлады объективті жағдайы ауыр, есі анық . Терісі бозғылт, ылғалды. Пульс 110 в мин , қан қысымы 90/60 мм сын. бағ. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы фельдшердің дұрыс тактикасы?


Жедел ауруханаға апару, салқын басу, аштық, тыныштық+


Жедел ауруханаға апару, салқын басу
Науқасты хирургке жолдау
Науқасты ФГДС жіберу
Хлористый кальций енгізіп, үйінде қабылдау

50. Науқас 68 жаста, жүрек қағуына, күнделікті физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, шаршағыштыққа, кешкі уақытта тобықтарының ісінуіне шағымданады. Соңғы екі аптада өзін нашар сезінген. Сегіз жыл бұрын миокард инфарктісімен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қарап тексергенде тері жамылғысы бозғылт, аздап цианоз. Қол аяғының саусақтары салқын. Өкпе шекаралары қалыпты. Аускультацияда – қатқыл (жесткое) тыныс. Жүректің салыстырмалы шекаралары солға қарай кеңейген. Жүрек тондары ырғақты, тұйық, ЖСЖ 98 минутына. АҚ – 105/70 мм.рт.ст. Бауыр ұлғаймаған. Науқаста дамыған асқыну:


Жүректің созылмалы жетіспеушілігі +


ӨСОА (ХОБЛ)
ТЭЛА
Анемия
Гипотиреоз
51. Әйелдер кеңесіне 25 жастағы жүкті әйел белі мен ішінің төменгі бөлігі ауырып келді. Жүктілік мерзімі 33-34 апта. Анамнезінде 2 құрсақ көтерген және қалыпты босанумен аяқталған. Осы 3-ші жүктілігі. Сіздің диагнозыңыз?

Спонтанды босану


Плацентаның алда бекінуі
Мезгілінен ерте босанудың басталуы
Плацентаның ерте жіберуі
Мезгілінен ерте босану қаупі +

52. 35 жастағы әйелді комбустиология бөлімшесіне ЖМЖБ күйік алған аймақтың қатты ауырсыну шағымдарымен жеткізді. Науқас моншада қайнаған ыстық судан күйіп қалған. Объективті жағдайы орташа ауырлықта. Пульс 96 минутына, АҚ 140/80 мм.сб., жергілікті қарауда: кеудесінің алдыңғы беті және қолдарының терісі гиперемияланған, ісінген, серозды заттарға толы көптеген жұқа қабырғалы көпіршіктер анықталады. Күйік бетінің дәрежесін және ауданын анықтаңыз


І-ІІ дәреже, S жалпы дене бетінің 36%


ІІ дәреже, S жалпы дене бетінің 36%
ІІ дәреже, S жалпы дене бетінің 27%
І-ІІ дәреже, S жалпы дене бетінің 27%
І-ІІ дәреже, S жалпы дене бетінің 54%
53. К есімді 62 жастағы ер адам. Медпунктке кенеттен төс артында ашып ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсыну жүйке күйзеліске байланысты. Аурсыну нитроглицеринге басылмайды. Объективті: (вопрос көрінбей қалған, но уже- - понятно что инфаркт, нитроглицеринге басылмайды)
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы осы ауруға тән

Миокард инфаркты+


Ми инфаркты
Ревматикалық миокардит
Жүрек ақауы
Перикардит

54. 55 жастағы Д есімді ер адам дәрігердің қабылдауына кенеттен әлсіреуге, аштық сезіміне, терлеуге, қалтырауға шағымданып келді. Қант диабетімен ауырады. Таңартең инсулин қабылдаған, бірақ жұмысқа асыққандықтан таңғы асын ішпеген. --------- Төменде көрсетілгендердің қайсысы осы жағдайдың дамуына әкеледі?


Қандағы магнийдің төмендеуі


Қандағы глюкозаның төмендеуі +
Қандағы калийдің төмендеуі
Қандағы майлардың төмендеуі
Қандағы ақуыздың төмендеуі

55. Өкпе ісінуіне тән қақырық:


Шоколад түсті


Шырышты
Шырышты іріңді
Іріңді
Көпіршікті, қызғылт түсті +

56. 24 жастағы науқас әйел жатырдан тыс жүктілік және жатыр түтігінің жарылуына күдікпен гинекологиялық бөлімшеге шұғыл түрде жатқызылды. Жатыр түтіктерінің тұтастығының бұзылуы мен жатырдан тыс жүктілік кезінде жасалатын операция түрі


Аднексэктомия


Сальпингоэктомия +
Гистерэктомия
Вазэктомия
Вагинэктомия

57. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ХОБЛ) пайда болуы үшін қандай қауіп факторлары маңызды болып саналады?


Тиімсіз тамақтану


Стресс
Темекі шегу+
Температураның айырмашылығы
Жоғары холестерин

58. Физиотерапевт жасөспірімге бадамша безге қысқа толқынды үльтракүлгін сәулеленуді (КУФ) тағайындады. Әсері қандай?


Бактерицидтік әсер +


Дәрілердің әсерін күшейтеді
Вазодилататор әсері
D витаминінің түзілуін тежейді
Тромбогендік әсер


59. Науқас Р. 30 жаста, температураның жоғарылауына, бел аймағының тартып ауырсынуына, кіші дәретке жиі және ауырсынып баруына, жалпы әлсіздікке, басының ауруына, тәбетінің болмауына шағымданады. Науқастың анамнезінде 6 жылдан бері созылмалы пиелонефрит. Объективті: температура 38,8°С. Жағдай орташа ауырлықта. Беті гиперемиялық. Пульс 98 соғу/мин, кернеулі, АҚ 130/85 мм сынап бағаны. Тілі құрғақ, ақ, жабынмен жабылған. Осы жағдай бойынша мейірбикелік іс-шараның қысқа мерзімді мақсатын атаңыз:


дене температурасын төмендету +
бас ауруын бәсендету
тәбетін арттыру
пульсін қалыпқа келтіру
науқас қорқынышын жену


60. Дәрілік заттарды көктамыр арқылы енгізудің ең негізгі артықшылығы:


Әртүрлі препараттарды енгізу мүмкіндігі
Тек арнайы бір препаратты енгізу мүмкіндігі
Жедел көмек кезіндегі тиімділігі +
Бауыр арқылы өтудің жоқтығы
Дәрілік комплексті енгізу мүмкіндігі

61. Есте сақтау қабілетін, мидың қан айналымын жақсартады, антигипоксиялық белсенділікке ие:


Седативті заттар


Психостимуляторлар
Транквилизаторлар
Ноотропты заттар+
Наркотикалық заттар

62. ІІ типті қант диабетімен ауыратын 58 жастағы науқасқа пероральды қант төмендететін гликлазид препараты тағайындалды. Аурудың даму механизмдерін жоюға немесе басуға бағытталған фармокотерапияны анықтаңыз


Алдын алушы


Ауыстырушы
Патогенетикалық +
Этиотропты
Симптоматикалық

63. Тиреотоксикозбен ауыратын науқасқа симптоматикалық ем ретінде b-адреноблокатор (пропранолол) тағайындалды. Пропранолол қандай әсер ететінін көрсетіңіз


Атриовентрикулярлық өткізгіштің нашарлауы +


Седативті әсер
Психикалық депрессия
Ангиотензин ІІ әсерін тежейді
Асқазан-ішек моторикасын тежейді

64. 25 жастағы ер адам электро жарақат алды. Қарау кезінде: зардап шегуші ессіз, АҚ 65/30 мм с. б., аритмия, пострадавший без сознания, АД-65/30 мм.рт.ст., аритмия, тыныс жетіспеушілігі. Сіздің алғашқы іс әрекетіңіз:


Жүрек - өкпе реанимациясын жүргізу +


Ошақ орнынына залалсызданған дәке салу
Медициналық ұйымдарға жеткізу
Жасанды тыныс жасау
Кеуде торына компрессия жасау

65. К есімді 5 жастағы қыз бала фельдшердің қабылдауында анасы дөрекі қақырықты жөтелге, дене қызуының көтерілуіне, мұрыннан су ағуына шағымданып келді. Ауырғанына 2 күн. Бала дене қызуының көтерілуінен бастап ауырған. Бүгін түнде баланың жағдайы кенеттен нашарлап, тыныс алуы қиындаған. Жағдайы орташа ауырлықта, жиі дөрекі қарлықпалы жөтел мазалайды. Ішкі ағзаларда ешқандай патология жоқ. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы осы ауруға тән:


Крупозды пневмония


Обструктивті бронхит
Стенозды ларингит +
Бронх демікпесі
Жүрек демікпесі

66. 73 жастағы науқасқа өңеш обыры диагнозы қойылды. Осы патологияға тән симптомдар кешенін таңдаңыз


Дисфагия, тамақ ішкен кезде төс артындағы қыжылдау және ауырсыну, жаңа ғана жеген тағамды құсу +


Эпигастрий аймағындағы ауырсыну, Дисфагия, жүрек айну, «кофе тұнбасындай» құсу
Сол жақ қабырға асты ауырсыну, терінің қышуы, майлы тағамдарды ұнатпау, жүрек айну, құсу, қыжыл, метеоризм, іш қату
Қақырықпен жөтел, қан қақыру, күш түскенде ентігу, түнгі тершеңдік, төмен температура
Бел аймағындағы ауырсыну, гематурия, қан қысымының жоғарлауы, бүйрек проекциясында пальпацияланатын түзіліс

67. ЭКГ түсіру кезінде оң қолға қандай электродты бекіту керек


Жасыл
Сары+


Қызыл
Қара
қоңыр

68. Ішінде ауасы бар шприцпен көктамырішілік инъекция жасағанда қандай асқыну болады


Абсцесс
Майлы эмболия


Анафилактикалық шок
Ауа эмболиясы +
Квинке ісінуі

69. Науқас стационарда «бронхопневмония» диагнозымен жатыр. Дене температурасы 40 С .


Оны түсіру үшін науқасқа инъекция жасалды. Температурасы қалыптыға дейін түсті, бірақ жағдайы нашарлады: кенет әлсіздік пайда болды, қатты тершеңдік. Қарау барысында: көздері жабық, сұрақтарға қиналып жауап береді, еріндері цианозды, аяқ-қолдары суық, пульс жіп тәрізді, АҚ- 90/60 мм с.б. Медбикенің тактикасы?

Сіркесулық орау


Қалпын өзгерту-төсектің аяқ жағын көтеру +
Жартылау отырған қалып беру
Көп мөлшерде салқын дәруменделген сұйықтық ішу
Максимальді шешіндіру

70. Аудандық аурухананың хирургия бөлімшесінде тек қана бір таңғыш салу кабинеті бар. Мейірбике отадан кейінгі келесі диагноздары бар 4 науқасқа таңғыш ауыстыруы қажет: табан флегмонасы, асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарицийі, іштің ақ сызығының жарығы. Науқастарға таңғыш ауыстыруды қандай кезекте орындау қажет?


Қолдың 1 саусағының панарацийі, іштің ақ сызығының жарығы, асқазан жарасы, табан флегмонасы


Табан флегмонасы, іштің ақ сызығының жарығы,асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарацийі
Асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарацийі,іштің ақ сызығының жарығы, табан флегмонасы
Іштің ақ сызығының жарығы, асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарацийі, табан флегмонасы +
Таңғыштарды ауыстырудың кезегі маңызды емес

71. 43 жасар жұмысшы К., зауыттың медициналық пунктiне келдi, абайсызда оң қолына концентрацияланған тұз қышқылын төгіп алды. Наукас қатты күйдiру сезiмiне және ауырсынуга шағымданады. Қараған кезде: терiсi iсiнген, бұлыңғыр сұйықтықпен толтырылған көпiршiктермен жабылған. Бiрiншi көмектi көрсетудiң тактикасы:


Антисептиктің әлсiз ерiтiндiсiмен жуу


10-15 минут бойы ағынды сумен жуу +
Жараны асқын тотыктын 3% ерiтiндiсiмен жуу
Калий перманганатына малынған дәкенi салу
Кышқылды бейтараптандыру ушiн жараға құрғақ соданы себу

72. Дәрілік заттарды біріктіріп қолданғанда байқалатын құбылыс:


Тахифилаксия


Сенсибилизация
Синергизм +
Дәріге тәуелділік
Кумуляция

73. Субьективтік зерттеу әдісі


Пальпация


Перкуссия
Аускультация
Анамнез жинау +
Жалпы қарау

74 Қарау кезінде науқаста жайылған ісінулер анықталды. Бұл патология қалай аталады


Асцит
Анасарка+


Гидроперкардит
Гидроторакс
Пневмоторакс

75. Бөлімшеге 24 жастағы науқас жалпы әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы, кеуденің оң жақ жартысында ауырлық сезімі, ентігу, құрғақ жөтел, тәбетінің төмендеуі шағымдарымен түсті. Объективті қарап тексергенде оң жақта кеуде қуысының домбығуы, қабырға аралықтары тегістелген, зақымдалған жағы тыныс актісінен артта қалады, пальпацияда- дауыс дірілі әлсіреген, перкуссияда-тұйық дыбыс, аускультацияда-әлсіз тыныс, ТАЖ- 24 минутына. Синдромды атаңыз:


Плевра қуысына сұйықтықтың жиналуы+


Өкпе тініндегі қуыстар
Өкпе тінінің тығыздалуы
Тыныс алу жеткіліксіздігі
Бронхоспастикалық

76. Тері жамылғыларының бозаруымен, сілекей ағумен, бас айналу сезімімен жүретін асқазан тұсындағы жағымсыз сезім:


Қыжыл
Жүрек айну+


Кекіру
Құсу
Лоқсу

77. 28 жастағы науқас терінің сарғаюына, терінің қышуына, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, дене қызуының жоғарылауы, аузына ащы дәмнің келуі, әлсіздік шағымдарымен дәрігерге қаралды. Анамнезінде созылмалы калькулезді холецистит. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғыш, Т-37,8 С. Пальпацияда бауыр қабырға доғасының шетінен 2 см шығып тұрады, ауырсынады, эластикалы, беткейі тегіс, көкбауыры пальпацияланбайды. Синдромды көрсетіңіз:


Гипербилирубинемия


Гепатоспленомегалия
Холестаз+
Гепатоцеллюларлық жеткіліксіздік
Портальды гипертензия

78. Бөлімшеге 19 жастағы науқас «Жедел миелобласты лейкоз» диагнозымен түсті. Жедел миелолейкозға тән клиникалық қан анализіндегі өзгерістерді көрсетіңіз


Нормохромды анемия, тромбоцитопения, лейкоцитоз 100х10⁹/л жоғары, миелобластар, ЭТЖ жоғарылауы+


Гипохромды анемия, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, ЭТЖ жоғарылауы
Гиперхромды макроцитарлы анемия, эритроциттерде – Джоли денелері мен Кебот сақиналары
Нормохромды анемия, тромбоцитопения, лейкоцитоз 100х10⁹/л жоғары, промиелоциттер, ЭТЖ жоғарылауы
Анемия, абсолютті лимфоцитозбен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

79. Ер адам таңертең бетінің ісінуіне байланысты емханаға келді. Тексеру тағайындалды: белок 3,5 г, жалпақ эпителий 3-4 к/а, биохимиялық қан анализінде жалпы белок 45 г/л, холестерин-11 ммоль/ л. Синдромды анықтаңыз


Нефротикалық +


Нефриттік
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
Ісіну

80. Жедел жәрдем фельдшері үй жағдайында көмек көрсетті. Науқас әлсіздікке, дене температурасының 38,5 С жоғарылауына, сол жақ мықын аймағындағы толғақ тәрізді ауыруына, дефакация алдында күшеюіне, ішектің толық емес босамау сезімі, қан мен шырыш аралас жиі сұйық нәжіске шағымданды. Объективті тексеруде сол жақ мықын аймағында қатты ауырсыну анықталды, пальпация кезінде сигма тәрізді ішек түйілулі. Болжамды диагноз


Шигеллез +


Сальмонеллез
Иерсиниоз
Холера
Амеба

81. DOTS-стратегиясы бойынша өкпе туберкулезінің негізгі диагностика әдісі:


Қақырықтың бактериоскопиясы +


Бронхоскопия
Өкпе рентгенотомографиясы
Өкпенің компьютерлік томографиясы
Иммунологиялық зерттеу

82. Жалпы тәжірибе дәрігеріне ер адам дене қызуының жоғарылауы, түнгі тершеңдік, жақ асты, мойын, қолтық асты, бұғана үсті, бұғана үсті лимфа түйіндерінің ұлғаюына (тығыз, ауырсынусыз, қозғалмалы) диарея, тәбетінің болмауы шағымдарымен қаралды. Соңғы төрт айда салмақ жоғалтқан. Анамнезінен әйелдермен де, ер адамдармен де жыныстық қатынас көп болғаны анықталды. Қандай аурудан күдіктенуге болады?


АИТВ инфекциясы +


Қызамық
Лимфогранулематоз
Лимфа түйіндерінің туберкулезі
Жұқпалы мононуклеоз

83. Фельдшерге жергілікті тұрғын дене қызуының жоғарылауына, бас ауруына, жалпы әлсіздікке, қолтық асты лимфа түйіндерің ұлғаюына, сол жақ білек аймағындағы ойық жараның пайда болуына шағымданып келді. Жылқы етін бөлшектегеннен кейін, өзін 4-ші күн аурумын деп есептейді. Қарап тексергенде сол қолы шынтақ буынына дейін ісінген, білектің сыртқы жағында серозды-геморрагиялық бөліністері бар шеттері көтерілген және түбі күңгірт, диаметрі 0,5 см ойық жара бар. Фельдшердің болжамды диагнозы:


Сібір жарасы+


Фурункул
Лейшманиоз
Тілме
Листериоз
84. 47 жастағы науқас физикалық жүктеме кезіндегі экспираторлық ентігуге, іріңді қақырықпен жөтелге, дене қызуының субфебрильді деңгейге дейін көтерілуіне шағымдарымен жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралды. Анамнезінен: құрылысшы, 10 жылдан бері жөтел мазалайды, 20 жасынан бастап шылым шегеді, күніне 1 қорап. Объективті: диффузды цианоз, кеуде қуысы эмфизематозды, перкуторлы – қорапты дыбыс, аускультацияда құрғақ сырылдармен әлсіреген везикулярлы тыныс. mMRC шкаласы бойынша 4 балл. Науқаста дамыған ауру:

ӨСОА +
Созылмалы бронхит


Бронхиалды астма
Бронхэктаз
Өкпе абсцессі

85. Колледж студенті емханаға дене қызуының 38 С дейін жоғарылауы, ентігу, қақырықты жөтел, жөтелгенде кеуде қуысының ауырсынуы, жалпы әлсіздік шағымдарымен қаралды. Қызуды төмендететін препаратты қабылдаса да, дене қызуы төмендемеген. Бір апта бұрын ЖРВИ ауырған. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ТАЖ минутына 22 рет. Өкпеде оң жақта төменгі бөліктерде перкуторлы дыбыс қысқарған, аускультацияда бронхиальды тыныс фонында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары ырғақты, анық, минутына 82, АҚ-120/70 мм.сб. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынусыз. Сіздің болжамды диагнозыңыз


Ауруханадан тыс пневмония +


Ауруханаішілік пневмония
Өкпе туберкулезі
Жүрек жеткілікісіздігі
Жедел бронхит

86. Жедел медициналық жәрдем бригадасымен аурухананың қабылдау бөліміне 37 жастағы ер адам төс артындағы интенсивті ауру сезіміне, оның сол қолға берілуіне, ауырудың бір сағатқа созылуы шағымдарымен жеткізілді. Ауырсынуды жұмыстағы стресстік жағдаймен байланыстырады. Объективті тексеру және ЭКГ нәтижелері бойынша диагноз қойылды: ST сегментінің көтерілуімен жедел коронарлық синдром. Диагностиканың басым әдісін көрсетіңіз:


Коронография (К105) Бірінші тұрған вариант, на всякий подаем аппеляцию.


Причина: нет неправильного ответа/дұрыс жауап нұсқасы жоқ
ЭхоКГ
МРТ
КТ
Пульсоксиметрия

87. Науқас Д. 32 жаста, қолдың ұсақ буындарындағы және тізе буындарындағы ауырсыну мен ісінуге шағымданып емханаға қабылдауға келді. 3 жыл бойы ауырады. Объективті: 37,3С, қолдың ұсақ буындары және тіз буындары қызарған, ісінген. Белсенді және енжар қимылдар кезінде айқын ауырсынулар байқалады. Төменде аталғандардың қайсысы тәуелді медбикелік шараларға жатады?


Науқастың жағдайын бақылау


Қабынуға қарсы дәрілік заттарды енгізу +
Аурудың алдын алу мен оның асқынулары туралы сөйлесу
Сауықтандыру сұрақтары бойынша отбасы мүшелеріне кеңес беру
Оңалту көмегін беру

88. Мойын-кеуде остеохондроз диагнозы қойылған науқас массажға жіберілді. Массажға ЖАТПАЙТЫН аймақты көрсетіңіз:


Мойынның жағалы аймағы


Мойынның артқы беті
Мойынның алдыңғы латеральды беті+
Бастың шаш бөлімі
Арқа

89. Қабылдау кезінде 63 жастағы ер адам 3-5 минутқа созылатын төс артындағы қысып ауыруға, оның сол қолға, жауырынға таралатынына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Ауру ұстамасы физикалық жүктемеден кейін, баспалдақпен жоғары көтерілген кезде пайда болады. Науқас ЭКГ-ға жіберілді. ЭКГ қорытындысы бойынша патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Диагнозды нақтылау үшін аспаптық зерттеу әдісін таңдаңыз:


Тропонин экспресс сынағы


Спирография
Коронарлық ангиография
Тредмил тест +
ЭХО КГ

90. Егер қан кету көлемі … тең болса, онда ол физиологиялық қан жоғалтуға жатады (мл):


600
700


800
500+
900

91. 19 жастағы студент зәр шығару жолынан бөлінетін іріңді бөлініс, қышу және зәр шығару кезіндегі ауырсыну белгілері бойынша фельдшерден кеңес сұрады. Бұл белгілер 8 күн бұрын пайда болған. Кездейсоқ қызбен мүшеқапсыз жыныстық қатынаста болған. Қарап тексергенде – уретраның сыртқы тесігінің еріндерінің ісінуі және гиперемиясы, көп мөлшерде іріңді бөліністер анықталды. Сыртқы жыныс мүшелерінде өзгеріс жоқ, пальпацияда қуық асты безі өзгермеген. Болжамды диагноз қандай?


Гонококкты инфекция +


Микоплазмалық инфекция
Хламидиозды инфекция
Урогенитальды инфекция
Урогенитальды кандидоз

92. А.есімді 30 жастағы әйел адам бөлмені дезерітіндімен тазалағаннан кейін тыныс алуының қиындауына, демікпе ұстамасына шағымданады. Мерзімді аллергиямен ауырады. Объективті: жағдайы ауыр, ортопноэ жағдайында отыр. Кеудесі бөшке тәріздес. Терісі цианозды, тыныс алуы шулы ысқырықты, ТАД 12/мин, пульс 110/мин, АҚҚ 150/100 мм.сб. Жүрек тондары тынық. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы осы ауруға тән?


Жүрек демікпесі


Обструктивті бронхит
Крупозды пневмония
Бронх демікпесі +
Стенозды ларингит

93. Науқасқа жүрек ырғағын мониторлау мақсатында құрылғы қойылған. Сіз бөлмеге кірген кезде құрылғы ырғақтың мына көрсеткіштерін (сур.қараңыз) көрсетуде. Осы жағдайда не істеу қажет


Мына жерде сурет тұрады (фибрилляция желудочков)


Дәрігерді шақыру


Науқасты сол жағымен жатқызу
Қатты дауыспен көмекке шақыру және жүрекке тікелей емес массаж жасау+
Ырғақты 10 минуттан соң қайта тексеру
Науқасты оң жағымен жатқызу, аяқтарын ішіне жинау

94. Организмнің бұзылған қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені қалай аталады?


Реформация


Оңалту +
Транслокация
Трансплантация
Ампутация

95. енсаулық сақтау ұйымдарында құрамында наркотикалық заттар, психотропты заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттардың қолданылған және жартылай қолданылған ампулалары қалай рәсімделеді?


Наркотикалық заттар, психотропты заттар және прекурсорларды жою актілері+


Дәрілік тағайындаулар парақтары
Наркотикалық заттар, психотропты заттар және прекурсорларды салыстыру актілері
Наркотикалық заттар, психотропты заттар және прекурсорларды есептеу журналы
Наркотикалық заттар, психотропты заттар және прекурсорларды қабылдау- жіберу актілері

96. У есімді ер бала 10 жаста. Кенеттен қатты аштық сезім болды, бас айналды, есінен танып қалды. Объективті жағдайы ауыр, аяқ-қолдардың конвульсиялық жиырылуы байқалады. Тері ылғалды, сіңір рефлекстері жоғарылаған. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы осы ауруға тән:


Гипергликемиялық кома


Гипогликемиялық кома +
Тиреотоксикалық кома
Гипотиреоидты кома
Уремиялық кома

97. У есімді ер бала 10 жаста. Кенеттен қатты аштық сезім болды, бас айналды, есінен танып қалды. Объективті жағдайы ауыр, аяқ-қолдардың конвульсиялық жиырылуы байқалады. Тері ылғалды, сіңір рефлекстері жоғарылаған. Осы шұғыл жағдайда төменде көрсетілген дәрі-дәрмектердің қайсысын ең алдымен енгізу керек?


инсулин
глюкоза +


преднизолон
строфантин
но-шпа

98. «Жедел жәрдем» бригадасы келгенде келесі жағдай анықталды: жаяу жүргіншіні жеңіл көлік қаққан. Қарағанда: адам шалқасынан жатыр, есі жоқ, өзіндік тыныс сақталған, тыныс жиілігі минутына 24 рет, пульс минутына 98 рет, әлсіреген, АҚ 95/70 мм.сб. Кеуде торының пішіні өзгермеген, іші жұмсақ, мықын сүйегінің алдыңғы өскінділерін басқанда зардап шегуші ыңырсып, қолдарын еріксіз қимылдатады. Болжамалы диагнозды атаңыз:


Жамбас сүйектерінің жабық сынығы +


Жамбас сүйектерінің ашық сынығы
Балтыр сүйектерінің жабық сынығы
Сан сүйегінің ашық сынығы
Қабырғалардың көптік сынығы

99. Белгілер: қатты қанды бөлініс, толғақ тәрізді ауырсынулар, жатыр мойынының сыртқы тесігі ашық, жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес емес, эмбрионның бөліктері біртіндеп бөлінуі тән:


Толық емес түсік +


Түсік қаупі
Түсіктің басталуы
Жүрістегі түсік
Толық түсік

100. 28 жастағы науқасқа бронх демікпесі ұстамасы, орташа ауырлықта диагнозы қойылды. Жедел көмек көрсетіңіз


Аминофиллин тамыр ішіне


Беродуал, будесонид небулайзер арқылы +
Беродуал, қалталы ингалятор
Сальбутамол, қалталы ингалятор
Адреналин, хлорпирамин т/і

101. С.есімді 10 айлық ер бала. Медбикенің патронажында анасы дене қызуының 39,8 С дейін көтерілуіне, мұрыннан су ағуына шағымданады. Тексеріп қарағанда жағдайы орташа ауырлықта, бала енжар, терісі бозарған, еріндері көгерген, аяқ-қолдары суық, қызуы 39,9 С, пульс 145/мин. Төменде көрсетілгендердің ішінен гипертермияның даму себебін көрсетіңіз


Шеткері тамырлардың жарылуы


Ірі тамырлардың жарылуы
Ірі тамырлардың кеңеюі
Ірі тамырлардың тарылуы
Шеткері тамырлардың тарылуы +

102. Ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуы бойынша, төбелес кезінде жәбірленуші басынан доғал затпен соққы алған. Объективті: науқастың есі бар, бірақ атын, қайда тұратынын, жұмыс істейтінін есіне түсіре алмады. Ағымдағы оқиғалар есінде сақталған. Амнезияның түрін анықтаңыз:


Бекімелі
Ретроградтық +


Антероградтық
Сенсорлық-спецификалық амнезия
Ретроантероградтық

103. Аурудың терминальдық сатысында онкологиялық науқастардың ауырсынуын жеңілдету үшін дәрігерлер наркотикалық анальгетиктерді тағайындайды. Опиоидты анальгетиктердің жанама әсерін көрсетіңіз:


Қан қақыру


Тыныс алу орталығын тежейді +
Қан қысымының жоғарылауы
Когнитивті тапшылық
Тахикардия

104. Егде және кәрі жастағы науқастар қысқа әсерлі β2 агонистерді бір тәулікте бірнеше рет қайталап қабылдаса жанама әсерлердің даму ықтималдылығы жоғары болуы мүмкін.


Ритмнің бұзылысы


Қан қысымының төмендеуі
Брадикардия +
Брадипноэ
Гипертермия

105. Науқасты оң жақ үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауырсыну мазалайды. Жыныс ерні ісінген, күрт ауырсынады, оның үстіндегі терісі қызарған, тығыздану білінеді. Сіздің диагнозыңыз?


Жедел вульвит


Бартолин безінің кистасы
Жедел лимфоаденит
Бартолин безінің абсцесі +
Қысылған шап жарығы

106. Емшек жастағы бала рационына жеміс шырындары және алма пюресін немен қамтамасыз ету үшін енгізеді:


ақуыздармен


суда еритін дәрумендермен +
майлармен
майда еритін дәрумендермен
микроэлементтермен

107. Сіздің ауруханаңыздың қызмет көрсету аймағында пойыздың рельстен шығуы анықталды, көп адам зардап шекті. Қабылдау бөліміне бір уақытта бірнеше адам түсті. Бірінші кезекте кімге назар аудару қажет?


тоқпан жілігі сынған 78 жастағы науқас


кеуде клеткасы жараланған, жарақаттан ауа шығып жатқан 36 жастағы науқас +
жұлынның жоғары зақымданумен 23 жастағы науқас
оң балтырының көлемді жарақатымен, байламы бар 10 жастағы науқас
оң иық аймағы жараланған 23 жастағы жүкті әйел

108. Жиі тыныс алудың шектік мәнін анықтау үшін ерте жастағы балалар жасы 3 кезеңге бөлінеді: 2 айға дейінгі нәрестелер, 2 айдан 12 айға дейінгі нәрестелер, 12 айдан 5 жасқа дейінгі балалар.


2 айға дейінгі балаларда тыныс жиілеуінің шектік мәнін көрсетіңіз

1 минутта 60 немесе одан көп+


1 минутта 50 немесе одан көп
1 минутта 40 немесе одан көп
1 минутта 30 немесе одан көп
1 минутта 20 немесе одан көп

109. Қабылдау бөліміне 12 жастағы бала шұғыл түрде қаралды. Мойнында беткейлі кесілген жара анықталды. Қандай біріншілікті хирургиялық көмек көрсетілуі қажет


Қан кетуді біржолата тоқтату


Жара қуысын тығындау +
Назогастральды зонд орнату
Трахеостомия
Интубация

110. Әлеуметтік дезадаптация тусiнiгiне не кiредi?


Командадағы жеке тұлғаның өзара әрекеттесуін бұзу
Индивидтiң әлеуметтiк ортамен өзара әрекеттесуiн бұзылуы +
Жеке тұлғаның отбасымен езара әрекеттесуін бұзу
Жеке тұлғаның басшылыкпен езара әрекеттесуiн бұзу
Бағынысты адамдармен өзара әрекеттесуді бұзу

111. Дәрігер «Сан-жамбас буынының дисплазиясы» диагнозы қойылған үш айлық балаға массаж тағайындады. Массаж түрін таңдаңыз


Жалпы
Гигиеналық


Жеке
Нүктелі
Сегменттік-рефлекторлы +

112. Жүрекке тікелей емес массаж жүргізуде алақанды орналастыру аймағы:


Төстің ортаңғы үштен бір аймағы


Семсер тәрізді өсінді аймағы
Төстен солға бұғана ортасы сызығының 4 қабырға аралығы
Төстің төменгі үштен бір бөлігі семсер тәрізді өсіндісінен 2 саусақ жоғары +
Төстің жоғары және ортаңғы бөлігінің шекарасында

113. Клиникаға кенеттен ауа жетіспеушілік сезімі, ентігу, көпіршікті қызғылт қақырықты жөтел шағымдарымен науқас түсті. Анамнезінде: 9 жыл бойы ЖИА. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, беті бозғылт, цианозды реңді, суық тер басқан. Мәжбүрлі жағдайда. Науқас мазасыз. Тынысы шулы, қырылдаған, кеуде клеткасы кеңейген, тыныс алу актісіне қабырға аралық бұлшықеттер белсенді қатысады. Өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс, екі жақтан әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ минутына 32 рет. Жүректің тұйық салыстырмалы шекарасы солға және төменге ығысқан. Жүрек қызметі ырғақты, тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу, АҚ 90/60 мм.сб. Пульс 100/мин. Жағдайды анықтаңыз:


Бронхиальды астма ұстамасы


ӨСОА
Өкпе обыры
Өкпе абсцессі
Кардиогенді өкпе ісінуі +

114. 6 жасар бала әткеншектен құлаған. Оң жақ қолтық асты аймағы бойынша кеуде қуысындағы ауру сезімін және тыныс алу кезінде ауырсыну байқалады. Тексеру кезінде қабырға сынығына тән симптомдар анықталады. Тасымалдау иммобилизациясының түрін көрсетіңіз:


кеуде қуысына спиральды таңғыш салу


Дезо таңғышын салу
кеуде қуысына крест тәрізді таңғыш салу
бекітпейтін таңғышпен тасымалдау +
кеуде қуысына тығыз таңғыш салу

115. 32 жастағы пациент жедел жәрдем көлігімен гинекология бөліміне жеткізілді. Шағымы: үйде ауыр зат көтергеннен кейін ішінің қатты ауырып, көзі қарауытып, аз уақытқа есінен танып қалған. Анамнезінде 3 құрсақ көтерген, алғашқы жүктілігі медициналық түсіпен аяқталған. Соңғы 5 жылда құрсақ көтермеген. Контрацепция заттарын қолданбайды. 6 ай бұрын УДЗ жүргізгенде сол жақтағы аналық безде 3,0х 4,0 см-лік кистаның бар екендігі анықталынды. Объективтік тексеруде терісі мен шырышты қабаттарының бозаруы, қан қысымының төмендеуі, тамыр соғысының жиіленуі анықталынды. Диагнозы?


Киста аяқшасының бұралуы +


Жатырдан тыс жүктілік
Созылмалы аднексит
Жатырдан қан кету
Тесілген перитонит

116. Наукас 46 жаста, аяктарында веналардың варикозды кеңеюi бар, кенеттен кеудесiнде ауырсыну, ентікпе, денесiнiң жоғарғы белiгiнiн цианозы байқалған. Анағұрлым ықтимал болжамды диагноз?


артериялық гипертония
спонтанды пневмоторакс
бронх демікпесі
өкпе артериясының тромбоэмболиясы +
ошактык пневмония

117. 45 жастағы әйел стресттік жағдайдан кейін, кенеттен басының шүйде аймағының қатты ауруы, бас айналу, көз алдының қарауытуы, жүрек айну шағымдарына байланысты жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырды. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, беті гиперемияланған, жүректің салыстырмалы тұйықтығы сол жақ шекарасы орта бұғана сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан. Тондары анық, ырғақты, пульсі 92 минутына, АҚ 180/80 мм.сб. ЭКГ-да синусты ритм, сол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Шұғыл көмек көрсетіңіз:


К1905
К1906
К1907
К1908
К1909

Подаем аппеляцию.


Причина: нет неправильного ответа/дұрыс жауап нұсқасы жоқ.
118. Т есімді ер бала 5 жасар. Ойнап жүргенде ара шағып алған. Кенеттен бала тұншығып, қышынады, басы айналады, әлсірейді. Объективті: жағдайы өте ауыр, есеңгіреген. Терісі ылғалды, ТЖ 30/мин, ЖСЖ 130/мин, АҚҚ 40/0 мм.сб. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы осы ауруға тән?

Септикалық шок


Анафилактикалық шок +
Кардиогенді шок
Травматикалық шок
Гиповолемиялық шок

119. С.есімді 10 айлық ер бала. Медбикенің патронажында анасы дене қызуының 39,8 С дейін көтерілуіне, мұрыннан су ағуына шағымданады. Тексеріп қарағанда жағдайы орташа ауырлықта, бала енжар, терісі бозарған, еріндері көгерген, аяқ-қолдары суық, қызуы 39,9 С, пульс 145/мин. Төменде көрсетілгендердің ішінен медбикенің бірінші әрекетің көрсетіңіз?


Дәрігер шақырту, науқсаты үйде қалдыру


Тамыр ішіне қызуын түсіретін дәрілерді енгізу
Антибиотик енгізіп, ауруханаға жіберу
Дәрігерді шақырту, қызуын түсіретін дәрілерді беру +
Ем тағайындап, үйінде қалдыру

120. Токсикодермияның патогенетикалық емі үшін қолданылатын дәрі-дәрмектерді көрсетіңіз:


Анаболитикалық гормондар
Антибиотиктер
Кортикостероидтар +
Цитостатиктер
Седативті препараттар

121. Мидриатиктерді тамшылатқаннан кейін науқаста көз алмасы аймағындағы ауырсыну байқалған, ауырсыну басының сәйкес жартысына таралады, көру өткірлігі төмендеген, көзі қызарған. Болжамды диагноз:


жіті глаукома ұстамасы +
иридоциклит
хориодит
жіті конъюктивит
көру жүйкесінің невриті

122. Университет студенті офтальмологқа көру қабілетінің төмендеуіне байланысты қаралды. Көру өткірлігін тексеру кезінде келесі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады?


Сивцев кестесі +


Рабкин кестесі
Периметр
Қол рефрактометрі
Авторефрактометрі

123. 20 жастағы науқаста мұрын жарақатынан кейін мұрнынан қан кетті. Сіздің әрекетіңіз:


Науқасты отырғызу, басын алдыға және төмен еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою +


Науқасты отырғызу, басын шалқайту, кеңсірігінен салқын қою және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою
Науқасты отырғызу, басын төменге және алдыға еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрнына новокаин ерітіндісіне малынған тампон қою
Науқасты отырғызу, басын шалқайту және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою
Науқасты отырғызу, басын төмен және алдыға шалқайту, кеңсірігіне салқын қою

124. Гастроэнтерология бөлімшесінде асқазанның ойық жарасымен ауыратын 37 жастағы науқас жатыр. Жағдайының нашарлауы жұмыста психоэмоциональды күйзеліспен байланыстырады. Соңғы уақытта ойық жараның «обырға айналуы» туралы ойлар мазалайды. Ол емдеуші дәрігерден қосымша тексерулер жүргізуді талап етеді. Емдеу барысында барлық белгілер басылды, бірақ пациент «обыр туралы ойлардан арыла алмады». Бұл психопатологиялық синдромды емдеудің негізгі әдісі:


Нейролептиктер


Психостимуляторлар
Антидепрессанттар
Психотерапия +
Ноотропты заттар

125. 35 жастағы әйел, кенеттен автобусты тежеген кезде, басын соғып, бірнеше секунд бойы есінен танған. Не болғаны есінде жоқ. Бас ауруына, көз алмасын жылжытқанда ауырсынуға, бас айналуға, құлағындағы шуылға, жүрек айну сезіміне, бір реттік құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: есі анық, шүйде аймағында тері астындағы гематома анықталады. Ошақтық және менингиальды симптомдар анықталмады. ЖМК бригадасы болжамды диагноз қойды:


Бас миының шайқалуы +


Мидың жарақаты
Астениялық жағдай
Психоэмоциональды тұрақсыздық
Алькогольді интоксикация

126. 69 жастағы әйел «Артериалық гипертензия» диагнозымен «Д» есепте тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары егде жастағы науқастарға кем дегенде қан қысымын сақтауды ұсынады:


140/90 мм.сб. +


130/90 мм.сб.
150/90 мм.сб.
160/100 мм.сб.
180/90 мм.сб.

127. 9 жасар қыз баланың жыныс жолынан қан кетуіне шағымданады. Сіздің іс-әрекетіңіз


Гормональдық гемостаз +


Байқау
Қан тоқтатушы және жатыр тарылтушы заттарды тағайындау
Қан кетудің жергілікті «органикалық» себебін жоққа шығару
Хирургиялық гемостаз

128. Бала 1,5 жаста. Болмашы жарақат алған балада қан тоқтамай ағуда. Анамнезінен белгілі болғандай, отбасындағы бірінші бала қан кетуден қайтыс болғаны анықталды. Болжамды «Гемофилия». Гемофилия кезінде қанның ұюы неліктен бұзылады?


Антигемофильді фактордың жеткіліксіздігі+


Тромбоциттер жеткіліксіздігі
Қанның сұйылуы
Қанды сұйылтатын препараттарды қолдану
Эритроциттер мен гемоглобиннің азаюы

129. Табиғи тамақтануда орналасқан дені сау балаларға қоспаны келесі жаста енгізе бастайды (айлар):


3
6+


4
4,5
5

130. Науқасты сол жақ бел аймағындағы өте күшті ұстамалы ауырсыну мазалауда ауырсыну шап аймағына таралады. Анағұрлым ықтимал болжамды диагнозды атаңыз:


Жедел аппендицит


Бүйрек шаншуы +
Ойық- жараның тесілуі
Ішектің түйілуі
Қысылған жарық
131. ЖМЖ бригадасының фельдшеріне, 18 жастағы науқас кенеттен оң жақ мықын аймағының ауыруына, жүрек айну , 1-2 рет құсуға, ауыздың құрғауына шағымданады. Физикалық жағдайы: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Дене температурасы 37,4 С. АҚ 120/70 мм. сын. бағ. Тілі ақ жабындымен қапталған құрғақтау. Пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында Дьелафуа триадасы анықталды. Ровзинг, Воскресенский, раздольский, Ситковский, Бартомье- Михельсон симптомдары оң. Болжамды диагнозды көрсетіңіз

Жедел холецистит


Жедел аппендицит+
Жедел панкреатит
Асқазанның ойық жарасы
Жедел кононарлы синдром
Ауырсынуды спазмолитиктермен басу, емханаға баруды ұсыну

132. Қабылдау бөліміне үйдің шатырынан құлап зардап шеккен 47 жастағы пациент жеткізілді. Болжамалы диагноз: кеуде торының ашық жарақаты, кернеулі клапанды пневмотораксоң жақтағы V-VI қабырға сынуы. Шағымдары: ентігудің күшеюі, жара аймағындағы қатты ауырсыну. Объективті: пульс- 110 соққы 1 мин, АД- 80/60 мм рт., алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша V-VI қабырға аймағындағы оң жақта жыртылған жара. Медициналық көмек көрсету кезіндегі нақты (приоритетті) іс- шараны анықтаңыз:


Науқасты шұғыл госпитализацияға көндіру


Артериялық қан қысымын, пульсті бақылау
Науқасты арқасынан жатқызып,жүрек преапараттарын енгізу
Жартылай отырған қалып беру, оккюзионды таңғыш салу+
Науқасты психоэмоциональды тыныштандыру

133. Бұғана сүйегі зақымдалған зардап шегушіге көмек көрсету кезінде келесі таңғышты қолдану оңтайлы болады:


Сегіздік тәрізді таңғыш


Дезо таңғышы +
Гипстік лонгета
Масақ тәрізді таңғыш
Сақпан (праща) тәрізді таңғыш

134. 42 жастағы науқас, тамақ ішкеннен кейін эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Жақын арада «кофе қосындай» құсқан, содан кейін бірден әлсіздік, бас айналу пайда болды. Аурудың алғашқы белгілері 3 жыл бұрын пайда болған. Бір жыл бұрын гастроэнтерология бөлімшесінде эрозиялы гастритпен емделген. Соңғы асқынуы бір апта бұрын нервтік эмоциональды күйзеліспен байланыстырады. Қарап тексергенде: тері және шырышты қабаттары бозарған, тілі ақ жабынмен жабылған, ылғалды. Пульс-88/мин, АҚ 100/60 мм.сб. Іші пальпацияда жұмсақ, эпигастрий аймағы шамалы ауырсынады. Шұғыл жағдайды анықтаңыз:


Асқазаннан қан кету +


Өкпеден қан кету
Асқазан жарасы
Дуоденит
ГЭРА

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет